Таланттар



бет53/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   151
Таланттар

АҚЫЛШЫМ – ӨЗІҢСІҢ

Қазан айында басталған сабақ бүгін-ертең аяқталғалы түр. Жарты жылдың қиыны мен қуанышты сабақтарын бөліскен Еділдің, Құралайдың, Мәдинаның, Ғалияның сөздері құлағымда ұзақ сақталарын білемін.


Міне, мынау – ылғи алдыңғы қатарда отыратын Құралай мен Мәдина. Құралайдың өткен жолғы баяндамасы 2-курс студенті үшін жаңалық болды. Әсет ақынның «Ағаш ат» дастанының бұрын ешкімге белгісіз жаңа нұсқасын тауып әкеліпті. Біз білетін түрінен едәуір айырмасы бар. Бәрімізді таңғалдырған 45 минут зерттеушіге айналған Құралайдың талантына тәнті етті.
Мәдина не айтса да, беріле сөйлейді, шын ниетімен айтады. Аулындағы сүйікті мұғалімін еске алғанда, көзіне жас келгенін көрдім.
Ал анау жуан дауыс – Едігенікі. Асықпай, баппен, үлкен адамша сөйлейтіні ұнайды. Өзінен бір зиялылық сезіледі. Мен үшін олардың өтілген сабақ жөніндегі пікірі, алдағы уақытқа ұсынысы өте қымбат. Соны білмек боп, екі бет қағаз алып, үш түрлі сұраққа жауап жазуын өтінемін. Аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ.
1. Сабақтың қандай пайдалы жақтары болды?
2. Өзіңіз байқаған кемшіліктері неде?
3. Ұсыныс, пікіріңізді айтсаңыз.
Міне, студенттер жазған ұсыныс – пікірлер алдымда жатыр. Сабағымның кемшілігін былай көрсетіпті:
...Кей баяндамалар ұзаққа созылып кетіп, қалғанына уақыт аздау болды.
...Сұрақты жақсы сөйлейтін студенттер көп қойып, соларға көп көңіл бөлініп кетті. Өзім де үндемегенге үйреніп кеткенмін бе, менің сұрағым күлкілі болып көрінетін секілді.
...Уақытпен санасу керек...
...Баяндамашыға талап бұдан да қатты қойылса...
Міне, осылай, мақтанатын дәнеңе жоқ. Келесі жылы әр сабақтың жүйелі өтуін қадағалауым керек. Жай ойланатындарға қанша асықсақ та, сөйлеуге мүмкіндік беру керек.
Үшінші сұраққа мынандай ұсыныстар айтыпты:
...Баяндаманы күні бұрын белгілемей-ақ қойса, қайтеді?
...Пікірлестер мен қарсыластарды кейінірек бастадық.. Осы әдісті басынан қолдану керек еді.
...Баяндаманың жақсы жақтарын көбірек айту керек.
...Студенттің рухани дүниесіне бұдан да тереңірек үңілсеңіз. Сіз байқамаған талай сырлар бар-ау онда әлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет