Таланттар



бет73/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151
Таланттар

АҚ БАНТИКТІ АПАЙ

Мұғалімдер күні болатын. Бұл күнгі алты сағат көрген түстей әсерлі болды. Ол күні сабақты оқушылар беретінін хабарлап, балаларды дайындасақ та, осы қарбаласымыздан не шығарын ешкім білген жоқ. Мұғалімдердің қандай рөлде болуы анық емес еді.


Бір мұғалім айтты:
– Әр мұғалім өз сабағына кірсін де қойсын. Басқа сабақтың мұғалімдері қоса кірсе, балалар ұялып-қысылады.
Мәселе мұғалімнің қандай пиғылмен кіруінде болатын. Егер тексерушінің ролінде болсақ, онда баланы уайымдатқаннан басқа пайдасы болмас. Ал жанашар болып кірсек ше? Бала өзін-өзі көрсетуге құмар. Оның осы қажеттілігін қанағаттандыратын орта жасауға болады. Бірақ оны қалай жасайтынымыз белгісіз еді.
Сонымен, барлық мұғалім таңертеңгі сағат 8-де мектепте болдық. Көзімізге жарқ етіп Айсұлу бике түсті. Бір шекесіне ақ бантикті көбелектей қылып қондырып алыпты. Оқушыға айнала қалған қазақ тілі мұғалімінің бетіне күлмей қарай алмайсың. Тап осы жерден біздің рөліміз айқындалды. Қуанып кеттік. «Алақай, біз – бүгін оқушымыз!» Айсұлу бикенің ақ бантигін көрген мұғалімнің бәрі бірден балаға айналып жүре берді.
Жарыса жағырапия сабағына кірдік. Айдарбек мырза (оқушы – мұғалім) үстелді тықылдатып, тәртіпке шақырды. Сабақ басталды. Біз тұратын Жандосов ауылы қоңыржай белдіктің үстінде екен. Айхан бике (жағырапия мұғалімі) тақтаға шығып сабақ айтып еді, Гүлмира бикеш Айхан – оқушының қателескенін ескертті. Мұғалімге әдейі қателесу де керек.
Алдымда Бақытжан мен Зиба «оқушылар» отыр. Мектеп ашылған күннен ыстық-суығын бірге көріп келе жатқан екі бике бірі арық, бірі толық екі оқушы қыздай жараса қалыпты. Айдарбек мырзаның көзін ала беріп артына бұрылып, қылмия қарап, жас қыздың қылығымен маған мінез көрсетіп қояды. Екі ауыз сөз жазып, екеуінің ортасына тастадым: «Енді он жылда осы сабақта болар ма едік! Бақытжанның немересі тоғыз жасқа келеді. Зиба қалада оқып жүрген қыздарын ойлап отырады».
Аздан кейін қағазым өзіме қайтып келді: «Айтқаныңыз құдайдың құлағына шалынсын, әумин!» Жиегіне: «Осы қағазды сол күні көрсетеміз. 30.09.94» деп қосыпты. Лайым тілегімізге жеткейміз! Бір жапырақ қағаз архив өмірін бастан кешуге беттеп, екі бүктеліп, дәптердің арасына түсті.
Бір кезде Айсұлу бике қағаз ұшақ жасап алып, парталардың арасына шыға келіп, әуелетіп жіберді. Ұшақ ұшып барып, екі баланың алдына түсті. Екеуі шүпірлесіп, Айсұлу жазған әдемі тілектерді оқып, қарық болып жатыр. Зиба:
– Айдарбек мырза, қараңызшы, мына Айсұлу бикеш тыныш отырмайды!
Айдарбек:
Айсұлу бикеш, алдыңғы жаққа келіп отырыңызшы.
Айсұлу мен Зиба бірінің үстінен бірі шағымданып жатып, ақыры, бантигі жалбырап алдыңғы жаққа барып отырды. Оқушылар өз қылығын көргендей, таңдана қарайды. Бір кезде Айдарбек мырза Айсұлу бикештің тағы бір қылығын көріп қойды:
– Айсұлу бикеш, ауызыңыздағы сағызды тастаңызшы. Ол мәдениетті кісінің тірлігі емес (Сабақ үстінде сағыз шайнауды қалай қойдырамыз деп біздің де талай басымыз қатқан. Бұл жағдайды балалардың өзі қалай шешетіні қызық еді).
Айсұлу сағызын шарт еткізіп, орнынан сырбаздана тұрды да, бантигін еркелей бір бұлғап, әлгі бәлені шелекке тастауға кетті. Балалар қыран-топан.
Осыдан былай «Жаным садаға» деп аталатын бірінші кітабымдағы сүйікті кейіпкерім Айсұлу (Айжан) студент бұл кітапта мұғалім болып жалғасты.
Университеттің филология факультетінің бір топ студенттері мен Алма апай отырып, армандаушы едік: «Осы оқуымыз біткен соң, бәріміз бір мектепке барып жұмыс істер ме едік!»
– Сендер бірге боларсыңдар-ау, мен қайда барамын…
Көзге бала-шаға, орныққан қызмет елестейтін. Құдайдың мұнысына шүкір, айналдырып әкеп арманды тоғыстырған. Айсұлу екеуміз біргеміз. Қалдыгүл, Қосай, Сара, Рухат, Ербақыт, Аманжол, Дүйсенкүл, Зәмзәгүлдер қайда екен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет