Таланттар



бет70/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151
Таланттар

КӨҢІЛСІЗДІК ПЕН КҮЛКІ


Мұғалім – әмірші емес, ақылшы,
тексеруші емес, үйретуші.

Бірінші сыныпта он бес бикеш оқиды. «Бізде бір де мырза жоқ», – деп қояды өздері (артынан көптен күткен Шәміл мырза келді).


Құстың балапанындай шүпірлеген кішкене бикештердің әлден-ақ өз мінездері бар. Ең соңынан келген Ернұр бикеш бірдеңеге өкпелесе, сабақ үстінде басына орамалы мен мойыншалғышына дейін құнтитып тартып, қолғабына дейін киіп алып, «қазір кетіп қаламын» дегендей, арт жақтан үлкен қара көздерімен алара қарап отырады. Ашуы тарқағанын шешіне бастағанынан білесің.
Шектен асқан ақкөңіл Данаштың, өз қаламын әркімге ұсынып, «Мә, менікін алшы!» – деп, жақсылық жасағысы келгенін де қабылдамай, жақтырмай қоятындары бар. Сондықтан кейде «жақсылықты сұраған адамға ғана жаса» деген де дұрыс па деп қаласың.
Біріншіге алтыға толар-толмастан келген Ләззаттың ұқыптылығы салған суретінің көлемінен-ақ көрінеді. Түйе су ішетін науаның өзі құрттай-ау. Бояғанда бір сызығы шеңберден шықпайды.
Қызға тән «ұсақтықпен» бірін-бірі мінеп қоятынын қайтерсің. Ондайда бикештерімнің: «Артыңа қарамашы», «дәптеріме тиме», «қолыңды әрі тарт», – деген дауыстары шығып жатады. Әсел ғана ұстамдылықпен жымиып, көп шешілмейді.
Бөлмедегі көңілсіздіктің сабақты өткізуге қыруар кесір келтіретіні анық. Бикештер көңілсізденсе, сабақты оқығаннан, оқымаған жақсы. Ондайда:
– Қане, жымияйықшы, – деймін. – Міне, былай.
Алдымен өзім мәз боламын. Маған қарап, кетік тісін көрсетіп, Аида күлімсірейді. Жайдары мінезді Мөлдір де қоштап, кетіктерімен жымияды.
– Енді бір-бірімізге күліп қараймыз. О, қалай әдемі болып кеттіңіздер! Қыздар жымиғанда сұлуланып кетеді екен... Кәні, кәні, Мақпал мен Гауһар қандай сұлу! Туу, Әсемді көрдіңіздер ме! Көздеріңізден шуақ шашырайды!
Кішкенеден кейін бәрі мәз болып, күле бастайды. Сабаққа осыдан кейін ғана кірісуге болады.
Құрметті бикештер, қазір әркім өз өмірінен бір күлкілі оқиғаны еске алсын. Ол үшін қолды бірінің үстіне – бірін қойып, оған маңдайды сүйеп, көзді жұмыңыздар. Үнсіз ғана есімізге түсірейік. Мына қолымдағы қоңырау шылдыр еткенде, көздеріңізді ашып, айта бастайсыздар.
Бикештер тынышталып, ойлануға кірісті. Осылардың есін білген азғантай өмірінен елеулі оқиға шығар ма екен деген күдікпен қараймын. Кейбірінің есіне, шынында, ештеңе түсер емес. Көзін ашып, «ештеңе таппадым» дегендей, басын шайқап, белгі беріп жатыр. Қалғандарының ішінен иығы бүлкілдеп, күлген дауыстар естіле бастады.
Сыңғыр, сыңғыр… Мұндай «күлкілі» әңгімелерді өмірі естімеппін. Біреуінің көршісі тайып құлап қалыпты, екіншісі тауықты қуамын деп етегін жыртып алыпты, үшінші бір ақкөңіл қоштасам деп жүріп, автобустан қалыпты. Бірнеше тәп-тәуір көркем әңгімелер туды. Баланы сөйлете берсең, сөзшең болады, жаздыра берсең, жазушы шығуы әбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет