Таланттар



бет13/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151
Таланттар

ҮШ СЕНІМ

Қазақ әдебиетінің ежелгі тарихы – бірінші курс үшін қиын сабақтың бірі. Сондықтан алғашқы сабақтарды: «бұл – бір төбе, басқасы – бір төбе» деп бөліп аламын. Ең біріншісін сұрақ-жауаппен пікірлесу сабағына айналдырамыз. (Сабақ кестесінде «лекция» тұр). Алғашқы байқау сұрақтары беріледі:


– Қазақтың жазба әдебиеті қай кезден басталады?
– Қандай жазба ескерткіштерді білесіздер?
– Бұхар жырау жазба әдебиеттің өкілі ме, әлде ауызша әдебиетке жата ма?
– Ежелгі тастағы жазулар қазіргі оқушыға тілі жағынан түсініксіз, онда қалайша қазақ әдебиетіне қатысты болады?
Алдағы сабақтың бағдарлағышы – осы сұрақтарға жауаптар. Студенттің көп сөйлегеніне, ойланғанына асықтырмай, барынша еркіндік беріледі. Бұлайша көпшілікпен бірге сөйлеу, жақсы айтсын, жаман айтсын, оның бағаға қатысы жоқ екенін сезіну жаңа сабақ алдындағы қорқынышын жояды. Студенттің жауабы мұғалімге дәріс жоспарын қалай құру керектігіне жол сілтейді. Шәкірт пен ұстаздың таныстығы басталады.
Одан әрі сақ, гұн дәуірінен бастап қазақ хандығына дейінгі мәдени тарихымызды шолып өтіп, небір оқиғалы әдеби ескерткіштермен танысу қызықтары күтіп тұрғанын айтамыз. Бізге көмекке келетін түрлі сөздіктер, аудармаларды көрсетеміз.
Әрбір мәдениетті адамға Гомердің «Одиссеясын», Софоклдың «Эдипін», Шекспирдің «Макбетін» оқу қандай міндетті болса, әрбір білімді қазақтың жетік білуге тиісті кітабы: «Орхон жазбалары», «Қорқыт ата», «Оғыз нама», әл-Фараби шығармалары, Қашғари сөздігі, «Құтаю білігі», «Ақиқат сыйы», «Парасат кітабы», «Рабғузи қиссалары», «Сараидың «Гүлістаны», «Махаббатнама» деп ойлаймын.
Осы он бір кітапты біліп шығуды студенттерге де міндеттеймін.
Әр уақытта есте ұстайтын үш шартым бар:
1. Сабаққа қызыққан адам ғана біліп шығады.
2. Шамасы келетініне сенген адам ғана біліп шығады.
3. Осы білімнің болашағына қажет екеніне көзі жеткен адам ғана біліп шығады. Осы үш Сенімді шәкірттің қолына ұстату үшін мұғалімнің өз сенімі мен интеллектісі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет