Таланттар



бет14/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151
Таланттар

ЖАНЫМ САДАҒА

Көне түрк мәдениетімен танысуды «Қорқыт атаның» мына әңгімесінен бастаймыз:


Баяғы Қорқыт баба заманынан да бұрын Тоқа баласы Темірұл деген жігіт болыпты. Бәлкім ол жігітке Темірұл деген атты Қорқыт баба берген шығар... Ол заманда дін ісләмнің жарыққа жаңа шыққан кезі екен. Әзірейіл адам кейпінде жүреді. Бір күні Темірұл Әзірейілмен соғыспақшы болып, 40 жігітін ертіп, жолға шығады. Бұған ашуланған Құдай тағала: «Бұл менің барлығымды, бірлігімді біліп жетпепті. Тілін кәлимаға келтірмепті. Шырылдатып жанын ал да, маған әкел!» – дейді Әзірейілге.
Қырық жігіті қасында, ішіп-жеп, сауық құрып отырған Темірұлдың үстіне Әзірейіл кіріп келеді. Ол кірген кезде батырдың күшті қолдары сылқ етіп түсіп, оттай жайнаған көздерін қараңғылық басып, көрмей қалады. Әзірейілге айтады:
– Япыр-ай, түсің жаман неткен шалсың? Сақалың қудай, көзің көрдей екен. Қайдан келдің?
– Ақ сақалды қарт пен қара сақалды жігіттің де жанын алған қызыл қанат Әзірейіл мен боламын. Енді сенің жаныңды алғалы келіп тұрмын. Жаныңды бересің бе, жоқ ұрысып көресің бе?- дейді Әзірейіл.
Ер жүрек Темірұл серіктеріне қарап:
– Онда қақпаны жабыңдар! – дейді. – Қызыл қанат Әзірейіл сен болсаң, тілегенге сұрағандай тар жерде кездестің. Енді мен сені өлтіремін де, өлген жігіттің жанын өзіне қайтарамын! – деп, қылышын қынабынан суырып алып, Әзірейілге тап береді. Әзірейіл кептерге айналып, терезеден ұшып шығады. Қуанған Темірұл алақанын ұрып: «Кең қақпаны қойып, тар терезеден қаштың ба? Бәлем! – дейді. Содан соң атына мініп, қолына сұңқарын ұстап, қуа жөнеледі. Көзіне түскен бір-екі кептерді өлтіріп, қайтып келе жатқанда, Әзірейіл алдынан шыға келіп, аты үркіп кеткен Темірұл мойны астына екі бүктетіліп, құлап түседі. Әзірейіл кеудесіне мініп алып, қылқындырады. Темірұл: «Құдайдың барлығына сенейін. Мені босат. Тат сияқты адам жанының ұрысы екенсің», – дейді. («Тат» – Махмұд Қашғари сөздігінде ел аты. ХІ ғасыр) Әзірейіл айтады:
– Ақылсыз, менен несіне сұранасың? Жаныңды құдайдан сұра. Мен тек орындаушымын.
Ер жүрек Темірұл:
– Жан беріп, жан алушы құдайдың өзі болса, сендей қаңғыбаспен сөйлеспеймін. Мен көктегі құдайдың өзімен сөйлесемін! – дейді де:
– А, құдай, сен дүниедегі биіктердің бәрінен биіксің. Біреулер сені көктен іздейді. Сен дінге сенген әр адамның жүрегіндесің. Мәңгі жұмбақтардың сандығысың. Жанымды алар болсаң, өзің ал, Әзірейілге берер жаным жоқ, – дейді.
Темірұл батырдың сөзі құдайға ұнап, Әзірейілге бұйырыпты:
– Темірұл батыр мені таныды. Құдай бар деп иман келтірді. Енді оның жанының орнына басқа біреу жанын берсе, оған тиме.
Сонымен Темірұл: «Мен үшін жанын бір берсе, әкем берер», – деп әкесіне келіпті. Болған оқнғаны айтыпты, сонда әкесі:
– О, ұлым, сен – менің жанымның бөлшегісің. Сен – менің алтын үйімнің тірегісің. Қаздай қалқыған қыздарымның гүлі едің. Керек десең, көз алдымда тұрған Қаратауымды ал. Ол Әзірейілге жайлау болсын. Желдей жүйрік үйір-үйір жылқы бар, мінеріне соны алсын. Сойысына ақтылы қойымды алсын. Бірақ өмір тәтті, жан қымбат, жанымды бере алмаймын, – депті.
Темірұл енді анасына жүгінеді. Тыңдалық, анасы не деді екен:
– О, ғазиз ұлым, балам! Мен сені тар құрсағымда тоғыз ай, он күн көтердім. Бесікке салып, жөргегіңді тазарттым. Ақ сүт беріп, еміздім. Жан беру оңай емес, бере алмаспын, – дейді.
Темірұл: «Әкем мен анам бермеген жанын енді кім берер дейсің?» – деген ойға келіп, өлімді мойындап, Әзірейілге келіп айтты:
– Түбі бөтен қосағым, содан туған екі ұлым бар. Соларға өсиетімді айтып қайтуға рұқсат бер.
Темірұл үйіне келіп, бар оқиғаны баян етті.
– Артымда қалған үйірлі жылқым, келелі түйем, ақтылы қойым сенікі болсын. Екі балам жетімдік көрмесін. Кімді ұнатсаң, тиіп ал, – деді жұбайына. Сонда жұбайы айтыпты:
– Батыр туған жарым, не айтып тұрсың? Көзімді ашқалы өзіңнен басқаны көргенім жоқ еді, жүрегімнің сүйгені – бір өзің. Сенен қалған тауларды жайлау етер болсам, ол менің көрім болсын! Құдықтарының мұздай суы бойымды суытқан қаным болсын. Сенен қалған алтын-күміс кебін болсын. Сенен соң біреуге тиер болсам, ол мені сары жылан боп шақсын. Құдайдың жарық күні, үстімдегі көк куә болсын, беремін жанымды сен үшін!
Мұны естіген батыр: «Сенен қалған өмірдің маған да керегі жоқ», – деп құдайға жалбарынды: «Жанға зәру болсаң, екеуміздің жанымызды бірге ал, қалдырсаң, бірге қалдыр!» – деді.
Бұл тілек құдайдың құлағына жетті. Темірұлдың әке-шешесінің баласы үшін қимаған жанын алғызып, жұбайы мен екеуіне 140 жыл өмір береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет