«СЕНІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның апробациядан өтуі
1. «Сенім» бағдарламасының жобасы 1996 жылы «Қазақстан мектебі» журналының 4-санында жарық көрді. Этнопедагогикамен айналысатын ұстаздар мен ғалымдардың қызығушылығын туғызуының нәтижесінде, Алматыдағы Қазақ әлем тілдері университетінен Э. Әбілованың «Этнопедагогика» кітабында таңдаулы бағдарлама ретінде ұсынылды (1997).
2. Бағдарлама авторының өзі ашқан Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылындағы жекеменшік "Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектебінде" 1993-1996 жылдары тәжірибеден өтіп, оң нәтижесін берді.
3. Авторлық бағдарлама бойынша Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында 1999 жылдың 1-7 сәуір аралығында облыстық семинар өткізілді.
4. Маңғыстау облысы Тұщықұдық ауылындағы Сәттіғұл Жанғабылов атындағы мектеп осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Жасаған жұмысының нәтижесі бойынша, 1999 жылы 4-5 қарашада ІІІ Республикалық семинар-панорамаға қатысып, «Мақтау қағазын» алды.
5. Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы № 226 мектеп-гимназияда бағдарламаның жекелеген элементтері алынып, жұмыс істелуде.
6. Бағдарлама авторының төмендегі еңбектері жарияланды:
Кітаптар
1) Жаным садаға. Педагогикалық публицистика. А.: Жалын, 1995.- 8 б.т.
2) Ежелгі әдебиет. Осы бағдарламаға енетін пән оқулығы. Сорос қоры арқылы шыққан. Алматы: Әл-Фараби, 1996.
Мақалалар
1) Ұстаз – ұлылықпен егіз ұғым. – «Егемен Қазақстан», 1992, 4 қаңтар.
2) Мұғалім –мәртебелі мамандық. – «Жас алаш», 1992, 10 қаңтар.
3) Бабалар батасы үзілмесін. – «Ана тілі», 26 наурыз.
4) Жасөспірім өмірін неге қиды? – «Жас алаш», 1992, 24 сәуір.
5) Ұстаз жазбалары. – «Алматы ақшамы», 1992, 19 мамыр.
6) Қыз қадірі неден? – «Алматы ақшамы», 1992, 22 маусым.
7) Сенім құдіреті. – «Алматы ақшамы», 1992, 12 тамыз.
8) Ұлттық мектеп келешегімен биік. – «Алматы ақшамы», 1992, 10 тамыз.
9) Болашақтың діңгегі. – «Қазақ әдебиеті», 1992, 14 тамыз.
10) Ұлттық мектеп өрісіміз. – «Қазақстан мұғалімі», 1995, 24 қаңтар.
11) Мектеп ашу – мансап емес. – «Қазақстан мұғалімі», 1995, наурыз.
12) "Бүгінгі ұлттық мектеп" - "Егеменді Қазақстан", 1995, 12 мамыр.
13) Жаңа мектептің жақсылығы неде? – «Ұлағат» журналы, 1995, № 2 саны.
14) Жас ұрпақ: бүгін мен ертең. – «Егеменді Қазақстан», 1997, 30 желтоқсан.
15) Елдік рухты әдебиет қалыптастырады» – «Заман Қазақстан», 1997, 9 мамыр.
16) Мұғалім күні» – «Қазақстан мұғалімі», 1997, 14 мамыр.
17) Айналайын, түсіністік – «Заман Қазақстан», 1988, 27 наурыз.
18) Өзімізді іздеу – «Ұлт тағылымы» журналы, 1998, №1.
19) Этнопедагогика-этнопсихология мәселелеріне арналған конференция баяндамаларының тезисі: «Ұлттық мектептің моделін жасау мәселесіне көзқарас» – Конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 1998.
20) «Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектебінің» тәжірибесі – «Ұлт тағылымы» журналы, 1999, №2.
21) Тыйым салумен ғана шектелу – білімсіздіктен. – «Жас алаш», 1999, 26 маусым.
22) Мұғалім – әмірші емес, ақылшы – «Ұлт тағылымы» журналы, 1999, №3.
Достарыңызбен бөлісу: |