Таланттар



бет83/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151
Таланттар

13 қазан 1995 жыл
Адам баласының бойындағы, әсіресе еркектің бойындағы, ең жек көретін қасиетім – қарақан басынан аса алмайтын пасықтық. «Жігіттің жақсысы ел ағасы болар» деген қандай жақсы сөз! Бір қатын-баласы мен қазанның күйкі тірлігін ғана ойлағанына мәз өресі тарлар көп қой. Олар ел қамын ойлағанды «ақымақ» санайды. Әйел болсам да, сондайлардан жоғары болғаныма көңіл тоқ. Олар мені қаншама ақылсыз санаса да, өзім шыққан рухани деңгейден түспейін деймін.


16 қараша 1995 жыл
Төрт шәкіртімді әл-Фараби университетіне алып бардым. Көрген таныстарым күледі: «Бәрі өз балаларыңыз ба?» – деп. «Өз балаларыма ұқсай ма?» – деймін.
– Бір-екеуі ұқсайтын сияқты, – дейді. Лифтіге мініп алып, ең жоғарғы 14-қабатқа көтерілдік те, шығып алып төменде жыбырлаған адамдарға, төбе-төбе болып, төменде көрінген тауларға қараттым. Баланың ықыласы неге ауса, соған ұқсағысы келеді ғой. Мүмкін, болашақта бір-бір тауға айналар. Өзім университетке әкемнің бір ауыз сөзімен келгенмін. 5-сынып оқып жүргенде айтатыны: «Алматыда университет бар, онда журналистика факультеті бар», – деп. Сол миға берілген бағдарламамен мектепті бітірісімен, басқаға бұрылмастан, сонда бір-ақ келгенмін. Құдайдың бұйырығы шығар, журналист емес, мұғалім болғаным.» "Журналистикаға қыздарды алмаймыз» – деп, құжаттарымды қабылдамай қойған. Соған қазір қуанамын. Әйтпесе бір «тәуір» мұғалім өлмекші екен.
Бүгін шәкірттерімді әкеліп тұрмын. Әл-Фараби бабаның мүсіні бар төменде. "Е, бабаның аруағы, қолдай гөр, мына құртақандай балаларды. Мұхит, Пернебек, Ләйлә, Динараларға білім шапағатыңнан шашқайсың. Бұлар да осы қасиетті университеттің студенті болғай!"
14-қабаттан төмен қарап тұрып осыны ойладым. Өздеріне тілек айттым.
Лифтімен зымырап астына түстік. Факультетті аралап, бір кезде Бисекең басқарған, қазір Тұрсынбек ағайдың маңғаз маңдайы жарқырап кіріп-шығып жүрген кафедраға да кірдік.
– Алматыдағы жұмыс орным осы жерде, – дедім. Біраз таңғалысты. Самал мырза жүр екен. Ол ілестіріп алып консерваторияға алып кетті. Онда да біраз күй кешіп, күй тыңдап, рақаттанып жүрген жерінен барып алдым. Мәшинеме мінгізіп, өзім айдап, қаладан шықтық. Ауыл қайдасың деп, тартып отырдық.
Барарда «Алпамыс» пен Робинзон Крузоны айтып барып едік, қайтарда рульге өзім отырған соң, сөйлеуге мұрша болған жоқ. Барғанша Алма апаймен бірге болып еді, қайтарда еуропалық бір кино кейіпкерлерінің біріне ұқсаған әйелдің желке жағынан жолға үңілумен келеді. Аздаған қорқыныш та болды-ау деймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет