Таланттар


Музыка – мектеп өмірінде негізгі мәнге ие



бет91/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   151
Таланттар

Музыка – мектеп өмірінде негізгі мәнге ие. Үзіліс, практикалық-бейнелеу сабақтары, жалпы сабақтар музыкамен тығыз байланыста болады. Баланың ашылуына көмектеседі.
Мектеп бала шығармашылығын дәріптейді. Шәкірттің өлеңі, сурет, қөлөнері т.б. шығармашылығы көп алдына күнделікті шығарылып отырады.
Сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін үйрену. Пікірталастар, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстар қорғау – негізгі мәнге ие. «Сөйлеу мәдениеті» сабағы осы мақсатқа қызмет етеді. Баланың аузына сөз салуға мән беріледі. Әдеп сабағы да осы мақсатқа қызмет етеді.
Шығармашылық және «Би мәдениеті» кештерінде бала тек көрермен ретінде қалмауы қажет. Өзін ортада қымсынбай, еркін ұстап, үйренуіне қолайлы орта жасалады.
Киіну мәдениетін қалыптастыру. Талғаммен киіне білу – адамның өзіне сенімді болуының кепілі. Әдеп сабағында бұған көбірек мән берілуі қажет.
Дене мәдениеті, ырғақ, би мәдениеті сабақтары баланың денесін игере алмаудан туған сенімсіздігін жояды.
Бала және табиғат. Жекелеген сабақтардың табиғат ортасында өтуі жоспарланады. Бір күні түгелімен табиғат аясында өтетін «Көшпелі сабақтар» болады. Мектеп ауласы – тек үзілісте уақыт өткізетін орын ғана емес, баланың табиғатпен етене араласуына қызмет ететін орын. Аула – шағын өсімдік және хайуанат әлемінің рөлін атқарады.
Топтық басқару. Онда әр түрлі жастағы шәкірт қызығуы, психологиялық сыйымдылығы, мінез ерекшеліктеріне қарай бөлініп, аға-інілік қарым-қатынаспен жұмыс істейді. Бұл ұялшақ, әлсіз балаларға өзін сенімді сезінуіне көмектеседі. Басқарып үйренуге, маңындағы жасы кішілермен санасуға, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Топтағы балалар белгілі бір мерзімде орын ауыстырып отырады. Субъективті қатынастарға көп мән беріледі.
Мектеп – тәрбиелі отбасының моделі. Мектеп ішінде тәрбиелі отбасындағы қатынастар моделі жасалады. Отбасының тәжірибелі басшысы бар. Отбасы сол басшылыққа жүгінеді. Сыйластықты, жылы ұя. Ұяның әр мүшесі өз жұмысын біледі. Әрқайсысы отбасының тыныштығын сақтауға мүдделі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет