17. Ағымдағы күннің өтініштер бланкілерін сканерлеуге беру
-
Жұмыс күнінің соңында папка сканерлеуге беріледі. Өтініштер бланктерін сканерлеу базалық ЖОО-да жүргізіледі.
-
Өтініштер бланкілерін сканерлеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшы:
-
«Өтініш бланкілері» папкасын;
-
рұқсаттамаларды беру тізілімін;
-
рұқсаттамалар мен түбіртектерін;
-
өтініштер бланктерін сканерлеу есебін;
-
деректер базасы туралы ақпарат журналын (деректер базасының жағдайын бақылау үшін) алады.
18. Өтініш бланкілерін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету
-
Өтініштер бланкілерін толтыру кезінде жіберілген қателер «Өтініш бланкілерін сканерлеу есебі» Қателер хаттамасы бөлімінде көрсетіледі. Жіберілген қателер қою рамкамен белгіленеді. « / » (қисық сызық) белгісінен кейін осы нұсқаулықтың 35-қосымшасына сәйкес қате коды көрсетіледі, егер бірнеше қателер болса, онда олар үтір арқылы көрсетіледі.
-
Өтініш бланкісіндегі қателерді талапкер түзетеді. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылғандықтан, қате толтырылған секторларды өшіргішпен өшіріп, түзетуге болады.
-
Қателері түзетілген бланкілер «Өтініш бланкілері» папкасына салынып, сканерден қайта өткізуге жіберіледі.
19. «Талапкер» ДБ жағдайын бақылау
-
Өтініштерді тіркеу журналындағы тізім мен деректер базасы туралы мәлімет журналындағы тізімді күн сайын салыстыру әр өтініш бланкісінің жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді. Техникалық хатшы:
-
өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы жөніндегі мәлімет журналының тізімін салыстырады, ал бұл әрбір өтініш бланкісінің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
-
өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына мынадай жағдайлардың біреуін белгілеп отырады: «енгізілді», «өзгертілді», «жойылды».
-
«Өтініш бланкілері» папкасындағы талапкерлердің базасына енгізілген өтініш бланкілерін тексереді;
-
«Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасындағы «Талапкер» ДБ-дан жойылған талапкерлердің өтініш бланкілерін тексереді;
-
қалып қойған ТЖК-лар болса тексереді де, себептерін анықтап, тиісінше түзетулер енгізеді.
-
Көрсетілген шараларды қолдану мынадай қателерді жібермеуге мүмкіндік береді:
-
өтініш тіркеу журналында тіркелген, бірақ деректер базасына енгізілмеген және рұқсаттама берілмеген;
-
өтініш жойылған өтініш ретінде тіркелген, бірақ деректер базасында жойылмаған;
-
өтініш деректер базасында жойылған, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жойылған деп белгіленбеген;
-
өтініш деректер базасына енгізілген, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жоқ.
20. Талапкердің мәліметтеріне өзгерістер енгізу
-
ДБ енгізілген талапкердің мәліметтеріне өзгерту енгізгенде оның өтініші өзгертіледі немесе жойылады. Талапкердің емтихан тапсыру тілі немесе ТЖК секторларына өзгерту енгізілгенде, оның өтініш бланкісі жойылады да, қайтадан енгізіледі. Келесі мәліметтердегі: аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылы, білімі туралы мәліметінде кеткен қателерді түзету жолымен алмастыруға болады.
-
Талапкер туралы мәліметтерді жою кезінде техникалық хатшы:
-
өтініштерді тіркеу журналының «Құжаттарды қайтарып алған кездегі талапкердің қолы» бағанына талапкердің қолын қойдырады;
-
талапкердің рұқсаттамасын алып, оған «жойылды» деп белгілейді де, оны талапкердің жеке құжатына салады;
-
талапкердің өтініш бланкісіндегі «жойылды» дөңгелекшесін бояйды және оны қайтадан сканерден өткізуге береді және сканерден өткеннен кейін бланкіні «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасына салады;
-
ескі өтініш бланкісі сканерден өткізіліп, талапкердің мәліметтері ДБ жойылғаннан кейін, өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына «жойылды» белгісін қояды;
-
өтініштерді тіркеу журналының бос жолына талапкерді өзгертілген мәліметтеріне сәйкес қайтадан тіркеп, оған жаңа ТЖК береді;
-
талапкерге жаңа өтініш бланкісін береді, оны толтырғаннан кейін сканерден өткізуге жібереді;
-
жаңа өтініш бланкісі сканерден өтіп, ДБ-ға басқа ТЖК енгізілгеннен кейін, талапкерге жаңа рұқсаттама береді.
-
Талапкердің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы мәліметтерін өзгерту барысында талапкердің өтініш бланкісіне сәйкес өзгерістер енгізіліп, «өзгертілді» дөңгелекшесін бояйды және оны сканерден қайтадан өткізуге береді.
-
Сканерден қайтадан өткізілгеннен кейін өтініш бланкісін «Өтініш бланкілері» папкасына салады.
21. Өтініштерді тіркеу журналын жабу
-
Өтініштер қабылдаудың соңғы күні өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. Базалық ЖОО-ның өтініштер журналы басып шығарылып, «Талапкер» ДБ жабылады:
-
базалық ЖОО-ның программисі техникалық хатшының журналын, ДБ туралы ақпаратты басып шығарып, оларды салыстыру үшін техникалық хатшыға береді;
-
техникалық хатшы тіркеу журналын техникалық хатшының журналымен, ДБ туралы мәліметтерімен салыстырады. Қате табылған жағдайда, оны түзету жөнінде шаралар қолданады;
-
соңғы өтінішті тіркеуден өткізгеннен кейін, өтініштерді тіркеу журналының келесі бірнеше жолы «Z» белгісімен сызылады және жауапты хатшының қолы қойылады;
-
базалық ЖОО-ның программисі ҰТО-дан «Талапкер» ДБ-ны жабу үшін пароль алады;
-
базалық ЖОО программисі «Талапкер» ДБ қорытынды файлын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;
-
ДБ жабылғаннан кейін барлық өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері жинағы» папкасына синхрондық жолағы жоқ жағынан тігіледі;
-
тіркеу журналы мен «Өтініш бланкілері жинағы» папкасы жауапты хатшыға тапсырылып, ҰТО-ның нұсқауына дейін сақталынады.
-
Тестілеуге қатысуға өтініштер журналы мен «Талапкер» ДБ жабылғаннан кейін ДБ-ға өзгерістер енгізілмейді. «Талапкер» ДБ жабылғаннан кейін талапкердің аты-жөні, туған жылы, жынысы, азаматтығы, ұлтында байқалған қателер, талапкердің мәліметтерін өзгерту журналында міндетті түрде толтырылады. Сонымен қатар талапкердің аты-жөні, «ё» әрпі мен «ъ» белгісі болса, ашық жері болса, сызықша арқылы жазылып, секторға сыймаса енгізіледі.
-
«Талапкер» ДБ қабылдау кезінде «Министрлік программисі» АЖО-сына тиісті өзгерістер енгізу үшін өзгерістер журналы Министрлік программисіне беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |