-
-
Өтініштерді қабылдау кезеңінде құжаттарды қайтару мынадай түрде жүзеге асырылады:
-
талапкерден рұқсаттама мен құжаттарды сақтауға қабылдау туралы қолхат алынады. Барлық құжаттар тек талапкердің жеке өзіне, өтініштерді тіркеу журналына қол қойғаннан соң беріледі;
-
талапкердің өтініш бланкісі алынып, «Жойылған» деген дөңгелекшесі боялады, содан кейін өтініш бланкісі сканерлеу үшін «Өтініштер бланкілері» папкісіне салынады.
-
-
Талапкерлердің деректер базасын жабу және тестілеу өткізу кезеңі арасында, сонымен қатар тестілеу өткізілгеннен кейін құжаттарды қайтару мынадай түрде жүзеге асырылады:
-
талапкерден рұқсаттама мен құжаттарды сақтауға қабылдау туралы қолхат алынады;
-
құжаттар тек талапкердің жеке өзіне, техникалық хатшының өтініштері журналына және өтініштерді тіркеу журналына қол қойғаннан соң беріледі.
23. Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру
-
Рұқсаттамалар мен түбіртектер талапкер құжаттарын тапсырған желілік ЖОО-да ресімделеді. Талапкердің фотосуреті рұқсаттамаға және түбіртекке желімделеді және оларға жауапты хатшының қолы қойылып, мөр басылады.
-
Рұқсаттама талапкерге рұқсаттаманы тарату тізіліміне қол қойғаннан кейін беріледі. Талапкер түбіртекке қол қойғаннан кейін, оны техникалық хатшы желілік ЖОО-ның жауапты хатшысына береді, ол өз кезегінде базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді. Рұқсаттаманы талапкерге бергенде ТКТ өтетін орын мен уақыты хабарланады.
-
Талапкер рұқсаттамадағы мәліметтердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Егер оның рұқсаттамасында қате табылған жағдайда, оған тиісінше өзгеріс енгізілуін талап ете алады.
-
Талапкер рұқсаттамасын алу барысында, рұқсаттамада және оның түбіртегінде көрсетілген ТКТ кезінде тәртіп сақтау ережесімен танысқандығын және өзінің жеке мәліметтерінің дұрыстығын растап қол қояды.
24. Талапкерлерді аудиторияға кіргізу және отырғызу
-
Емтихан күндері талапкерлердің кіріп шығуына арналған есіктен басқасының барлығы, тестілеу өтетін ғимараттардағы пайдаланылмайтын аудиториялар, кабинеттер мен басқа да орындар (әжетханадан басқа) жабылып, мөрленеді. Тестілеу өтетін ғимарат пен әжетхана аралығындағы жүретін жолдар мен аймақтарда бөгде тұлғалардың жүруіне жол берілмейді.
-
Талапкерлер аудиторияға бір-бірден жіберіледі. Кезекші талапкерлердің жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің сәйкестіктерін тексереді. Олардың сөмкелерін, кітаптарын, ұялы телефондарын және басқа артық заттарын арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Талапкер қатаң түрде отырғызу парағында көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады және отырғызу парағында өз орнына отырғандығын растап қол қояды. Талапкерлерді аудиторияға жіберу емтихан басталды деп хабарланған сәттен кейін тоқтатылады.
25. Талапкерлерді қосымша отырғызу
-
Талапкер ерекше жағдайда (мысалы: жарақат алғанда, отбасы жағдайымен, өтініш беру кезінде тестілеу тапсыру тілі қате көрсетілген) емтихан күнін өзгерту немесе аудиториясының тілдік статусын өзгерту туралы өтініш береді. Өтініш мемлекеттік комиссия төрағасының атына беріледі. Өтінішке растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Талапкерді қосымша отырғызу туралы шешім мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді5.
-
Өтініш қанағаттандырылған жағдайда Министрлік өкілі базалық ЖОО-ның өтініштер журналында көрсетілген емтихан тапсыру тіліне сәйкес, осы талапкерді қосымша отырғызуға болатын аудиторияны белгілейді.
Министрлік өкілі талапкердің рұқсаттамасына тиісті өзгерістер енгізіп, ол туралы аудитория кезекшісін хабардар етеді.
-
Қосымша отырғызылған талапкерге алдымен емтиханға келмеген талапкердің емтихан материалдары пайдаланылады, егер талапкерлер тестілеуге түгелдей келсе, онда қосымша салынған емтихан материалдары есебінен алынады.
26. Емтихан материалдары бар қораптарды ашу
-
Емтихан материалдары бар қорап осы аудиториядағы үш талапкердің және ата-аналардан тұратын тәуелсіз бақылаушылардың (бар болған жағдайда) қатысуымен ашылады.
Қорапта: емтихан материалдарын ашу туралы акт, жауап парақтары салынған конверт, жауап парақтарының көшірмелері, сұрақ-кітапшалары, қосымша жауап парақтары салынған конверт (тек №1 аудиторияда ғана болады, егер №1 аудитория болмаса, келесі кезектегі аудиторияда) болады.
-
Шақырылған талапкерлер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді, қорапты ашып, ішіндегі емтихан материалдарын санап, нәтижелерін емтихан материалдарын ашу актісіне түсіріп және оған қолдарын қояды. Емтихан материалдарының нақты саны сәйкес келмеген жағдайда, кезекші Министрлік өкілін ескертеді және аталған жағдайда емтихан материалдарын ашу актісінде көрсетеді. Егер қорапты ашқаннан кейін оның ішіндегі сұрақ-кітапшалары осы аудиториядағы емтихан тіліне сәйкес келмесе, кезекші Министрлік өкіліне хабарлайды және акт жасайды.
Бұдан кейінгі шешімді Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия ҰТО-мен біріге отырып қабылдайды.
27. Емтихан материалдарын тарату
-
Ең алдымен тек қана жауап парағы мен оның көшірмесі ғана таратылады. Кезекші талапкерлерге үлестіріп болғаннан кейін, оларды толтыру тәртібін түсіндіреді.
-
Тестілеудің қорытындысы талапкердің жауап парақтары өңделгеннен кейін шығады, сондықтан талапкер жауап парағының бір данада ғана берілетінін, қайта ауыстырылмайтынын және бұл білімін айғақтайтын жалғыз құжат екенін есте сақтайды. Талапкер оны қате жіберуге, жөндеуге жол берместен аса мұқият толтырады.
-
Емтихан біткеннен кейін талапкер қолындағы жауап парағы көшірмесіндегі өз жауаптарын мемлекеттік комиссияның көпшілік назарына ұсынған дұрыс жауаптар кодымен салыстырады.
28. Жауап парағын толтыру
-
-
1-секторда талапкердің аты-жөні жазылады.
-
2-секторда жоғарғы торкөздерге көлденеңнен талапкердің рұқсаттамасында көрсетілген ТКЖ жазылады. Әр сан астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.
-
3 және 4 секторларда емтихан кезінде талапкердің отыратын орны және оның сұрақ-кітапшасының нұсқасы боялады.
-
5-секторда талапкер емтихан тапсыратын лек пен аудитория нөмірін жазады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады.
-
6, 7, 8, 9-секторларда сәйкесінше Қазақ тілі, Орыс тілі, Қазақстан тарихы, Математика пәндері бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.
-
10-секторда талапкердің таңдаған мамандығына байланысты ұлттық бірыңғай тестілеу және ТКТ-ның таңдау пәндері мен бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғлым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылдың 14 мамырдағы №211 «Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесін және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №7674 нөмірімен тіркелген) ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі бойынша тестілеу кезінде талапкер таңдаған пән көрсетіледі және сол пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.
Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тапсырмадағы берілген бес жауаптан бір ғана дұрыс жауап таңдалады. Бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауаптар боялған жағдайда, жауап есепке алынбайды. Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
-
11-секторды шығармашылық мамандыққа түсуді жоспарлайтын талапкерлер бояйды.
-
Жауап парағының нөмірі көрсетілген 12-cектор боялмайды.
-
«Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді:
|
| -
жауап парағы қара қаламмен толтырылады;
-
жауап парағын бүлдіруге, бүктеуге, жыртуға болмайды;
-
корректор сұйығын пайдалануға болмайды;
-
бір тапсырманың екі немесе одан көп жауабы боялған жағдайда жауап есептелмейді;
-
калькуляторды, пейджер мен ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
-
Талапкер жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы «Талапкердің қолы» деген 13-секторға қол қояды. Қате толтырылған жағдайда талапкерге жаңа жауап парағы берілмейді.
-
Жауап парағының көшірмесі – талапкер өзінің жауаптарын белгілеп, тестілеуден кейін есептеуге арналған бланк.
-
Қызмет секторларын толтырып болған соң, кезекші №1 отырғызу орнынан бастап сұрақ-кітапшаларын таратады.
-
Сұрақ-кітапшасы – талапкерге пәндер бойынша тест тапсырмалары жеткізілетін емтихан құжаты.
-
Сұрақ-кітапшалары таратылып болғаннан кейін, талапкерлер сұрақ-кітапшасындағы беттердің санын түгендейді. Егер, сұрақ- кітапшаның беті болмай немесе баспаханалық ақауы байқалған жағдайда, талапкер аудитория кезекшісін хабардар етеді.
-
Талапкер сұрақ-кітапшасындағы нұсқа нөмірін жауап парағына (сектор 4) көшіріп жазады және сұрақ-кітапшасының мұқабасын толтырады.
-
Жауап парағының қызмет секторларын және сұрақ-кітапшасының мұқабасын толық толтырып болғаннан кейін кезекші тақтаға емтиханның басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы сәттен бастап сұрақтар қою және түсіндіру жұмыстары тоқтатылады. Тест тапсырмаларының жауаптарын белгілеу және жауап парағының көшірмесін толтыру таза тестілеу уақытына кіреді. Таза тестілеу уақыты –150 минут (2,5 сағат).
-
Талапкер ережені бұзған жағдайда, кезекші бұл туралы Министрлік өкіліне хабарлайды және онымен қолданылатын шара туралы келіседі. Емтихан кезінде кезекшіге аудиториядан шығуға болмайды. Аудиторияларда әрбір 45 минут сайын уақыт туралы талапкерлерге ескертіледі. Тестілеу уақыты аяқталған кезде, соңғы 5 талапкер аудиториядан бірге шығарылады.
-
Тестілеу кезінде аудиторияға кіруге тек қана Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия төрағасы ғана құқылы (Министрлік өкілінің бірге жүруімен ғана).
Достарыңызбен бөлісу: |