-
«Талапкер» ДБ құру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
-
желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы желілік ЖОО техникалық хатшылар тізімін тіркеу үшін Flash-тасымалдағышта базалық ЖОО-ға ұсынады;
-
базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы техникалық хатшыларды ТКТ технологиясы, ережесі бойынша оқытады;
-
техникалық хатшыларға нормативтік құқықтық актілері және анықтамалық материалдар, өтініш бланкілері, тіркеу журналдары беріледі;
-
әрбір желілік ЖОО-да талапкерлерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі және өтініштер қабылданады;
-
толтырылған өтініш бланкілері сканерлеу үшін базалық ЖОО-ға жеткізіледі;
-
базалық ЖОО-да талапкерлер туралы деректерді «Талапкер» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы ағынды сканер арқылы (бұдан әрі - сканер) өткізіледі;
-
әрбір желілік ЖОО-ның бланкілерін сканерлеу нәтижесі Flash-тасушысы арқылы желілік ЖОО-ның деректер базасын қалыптастыру үшін желілік ЖОО-ға қайтарылады;
-
өтініш бланкілері сканерден өткізілгеннен кейін техникалық хатшыларға өтініш бланкілерін сканерлеу есебі, фото желімделіп, базалық ЖОО мөрін басылған рұқсаттамалар және рұқсаттама түбіртектері беріледі;
-
Ережеде белгіленген мерзімде техникалық хатшылардың қатысуымен өтініштерді тіркеу журналдары жабылады;
-
ДБ жабылғаннан кейін талапкерлердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;
-
талапкерлерге рұқсаттамалар желілік ЖОО-да таратылады, ал ресімделген түбіртектер базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына беріледі.
15. Тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі
-
Талапкерлердің тестілеуге қатысу туралы өтініштері тіркеу журналына тіркеледі. Тіркеу журналында 999 өтінішке дейін тіркеуге болады. Өтініштерді тіркеу журналы 4 журналға бөлінеді. Бірінші журналда талапкердің жеке коды (бұдан әрі – ТЖК) 1-ден басталып 250-ге, екінші журналда 251-ден 500-ге, үшінші журналда 501-ден 750-ге, төртінші журналда 751-ден 999-ға дейін. Өтініштерді тіркеу журналы тігіледі және ЖОО-ның мөрі басылады.
-
Тіркеу журналы 9 негізгі бағаннан тұрады. ТЖК бағаны автоматты түрде арнайы бағдарламаның көмегімен толтырылады. «ТЖК» бағанынан басқасының барлығы қолмен толтырылады. Тіркеу журналының барлық бағандары толтырылып болғаннан кейін талапкерге өтініш бланкісі беріледі. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылады және техникалық хатшының бақылауында болады.
-
Талапкер құжаттарын өзі тапсырады, оларды бөгде тұлғалардан қабылдауға рұқсат етілмейді. Техникалық хатшы тапсырылған фотосуреттердің жеке басын анықтайтын құжаттармен сәйкестігін тексереді. Тестілеуге қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:
-
бекітілген үлгідегі өтініш;
-
тестілеуді өткізуге төлем ақы жөніндегі түбіртек (Қазақстан Республикасы Халық Банкісінің филиалдары немесе «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы);
-
кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) білім беру мекемесін бітіргендігі туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
-
3х4 көлемді фотосурет - 2 дана;
-
086-У нысанындағы медициналық анықтама;
-
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
-
Қабылданған құжаттар талапкердің құжат тігетін папкасына салынады. Құжат тігетін папканың алдыңғы бетіне талапкердің ТЖК-сы мен аты-жөні, жоғарғы оң жақ бұрышына техникалық хатшының коды жазылады.
-
Талапкер құжаттарын тапсырған соң, оған қабылданған құжаттардың тізбесі бар, техникалық хатшының қолы қойылған қолхат беріледі және ол өтініштер тіркейтін журналға қол қояды және рұқсаттама келесі күні берілетіндігі жөнінде хабарланады.
-
4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 секторларды техникалық хатшы өз қолымен толтырады. Қалған секторларды техникалық хатшының бақылауымен, талапкер өз қолымен толтырады.
16. «Тестілеуге өтініш» бланкісін толтыру
-
Өтініш бланкісі мынадай тәртіппен толтырылады:
-
1-сектордағы жоғарғы бос торкөздерге көлденең бағытта талапкердің тегі баспа әріптерімен жазылады. Талапкердің тегіндегі әрбір әріптің астындағы торкөздегі көрсетілген әріптерге сәйкес дөңгелекшелер боялады. 2 және 3 секторлар да осы тәртіппен толтырылады4;
-
4-секторда өтініштерді тіркеу журналына сәйкес ТЖК толтырылады;
-
5-секторда талапкердің жынысына сәйкес дөңгелекше боялады;
-
6-секторда талапкер емтихан тапсыру тіліне сәйкес тілге – қазақ немесе орыс тіліне сәйкес дөңгелекшені бояйды;
-
7-секторда талапкердің жеке басын куаландыратын құжатына (паспорт, жеке куәлік, басқа құжат) сәйкес дөңгелекше боялады;
-
8-секторда талапкердің жеке басын куәландыратын құжаттың (паспортының) нөмірі жазылады және боялады. Паспорт нөмірін толтыру үшін алғашқы 7, ал жеке куәлік үшін барлық 9 баған түгел қолданылады. Басқа құжат болған жағдайда 8 сектор толтырылмайды;
-
9-секторда азаматтықтар анықтамалықтары бойынша талапкердің азаматтығына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады;
-
10-секторда ұлттардың анықтамалықтары бойынша талапкердің ұлтына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады;
-
11-секторда талапкер аяқтаған оқу орнына сәйкес үш дөңгелекшенің бірі боялады;
-
12-секторда облыстардың анықтамалықтарына сәйкес, талапкер бітірген оқу орны орналасқан облысты көрсететін екі қатарлы санға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
-
13-секторда аудандар анықтамалықтарына сәйкес, талапкер бітірген оқу орны орналасқан ауданды көрсететін екі қатарлы санға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
-
14-секторда оқу орындарының анықтамалықтарына сәйкес талапкер аяқтаған оқу орнының коды көрсетіледі;
-
15-секторда талапкердің оқу орынын аяқтаған жылының соңғы екі саны боялады;
-
16-секторда талапкердің туған жылының соңғы екі саны боялады;
-
17-секторға техникалық хатшы қол қояды;
-
18-секторға талапкер қол қояды;
16-1) 19-сектор негізгі білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (колледждер) білім туралы құжатты ұсынған кезде боялады;
-
20, 21-секторларды талапкердің деректерін өзгерту немесе өтініш бланкісін жою кезінде ғана техникалық хатшы толтырады.
-
-
Талапкердің «Талапкер» ДБ-ға енгізілген барлық мәліметтері ТКТ тапсырғандығы туралы сертификатта, білім грантын тағайындау туралы куәлігінде көрсетіледі, сондықтан аты-жөні, қатаң түрде жеке куәлік, паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылады. 16 жасқа толмаған жеке куәлігі жоқ талапкерге мектеп директоры осы нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес, талапкердің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған анықтама жазып береді.
-
Өтініш бланкісі толтырылғаннан кейін «Сканерлеуге берілетін өтініш бланктері» папкісіне салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |