Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық



бет2/8
Дата26.06.2016
өлшемі383 Kb.
#159349
1   2   3   4   5   6   7   8

3. ҰТО функциялары











































  1. «Абитуриент» базасын қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:

  1. Министрлікпен бірлесе отырып, базалық ЖОО-ның жауапты хатшыларына ТКТ-ны ұйымдастыру туралы оқытуды ұйымдастыру;

  2. базалық ЖОО-ны «Талапкер» ДБ қалыптастыру үшін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету:

өтініш бланкілері;

мектептер, кәсіптік мектептер (лицей) және колледждер, ұлттар, азаматтық, облыстар және аудандар анықтамалықтары (бұдан әрі – анықтамалық құжаттар);



  1. «Базалық ЖОО», «Желілік ЖОО» АЖО-лары бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу, орнату және оны алып жүруді ұйымдастыру;

  2. базалық ЖОО-да өтініш бланкілерін сканерлеу процесін қадағалау;

  3. ТКТ-ға қатысатын талапкерлер саны туралы күнделікті статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру;

  4. «Талапкер» ДБ жабуды ұйымдастыру;

  5. ТКТ-ға қатысатын талапкерлер саны туралы қорытынды статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру.

  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:

  1. Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляция комиссия төрағаларының ДБ құру;

  2. Министрлік өкілдері мен программистеріне, апелляциялық комиссиясының төрағаларына ТКТ ұйымдастыру туралы Министрлікпен біріге отырып, оқытуды ұйымдастыру;

  3. емтихан материалдарын дайындау және базалық ЖОО-ға дейін жеткізу;

  4. Министрлік өкілдерін, программистерін және апелляциялық комиссия төрағаларын нормативтік құқықтық актілермен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сканерді тексеру», «Сертификат» АЖО-лары бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

  5. Министрлік өкілдерін, программистерін және апелляциялық комиссия төрағаларын базалық ЖОО-ға дейін жіберу;

  1. Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:

  1. ТКТ-ның өту процесін бақылау;

  2. нұсқалар файлы, дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-ға жіберу;

  3. дұрыс жауаптар кодын ашу үшін парольдер беру;

  4. телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық мәліметтерді жинау.

  1. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:

  1. республикалық апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – республикалық комиссия) жұмысы үшін жағдай жасау;

  2. апелляциялық комиссиядан өтініштерді республикалық комиссия үшін телекоммуникациялық желі арқылы қабылдау;

  3. республикалық комиссия шешімін базалық ЖОО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу;

  4. апелляцияны есепке алғандағы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жинау.

  1. Сертификатты басып шығару және беру кезеңіндегі функциясы:

1) «Сертификат» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

2) телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-дан қорытынды файлды алу.



  1. ТКТ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинайды және талдау жасайды.



4. Базалық ЖОО жауапты хатшысының функциялары





  1. Аудиториялық қорды қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:

  1. осы нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес базалық ЖОО-ның аудиториялық қорын базалық ЖОО-ның басшысымен және ҰТО-мен бірге жоспарлау және келісу;

  2. ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы «Аудиториялық қор» мәліметтерін жіберді ұйымдастыру.

  1. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:

  1. «Талапкер» базасын құру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;

  2. техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру;

  3. желілік ЖОО-ны нормативтік құқықтық актілермен, анықтамалық құжаттармен, өтініш бланкілерімен, тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету;

  4. ақпараттық стендтерді дайындау;

  5. өтініш бланкілерін сканерлеуді және базаға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;

  6. техникалық хатшыларға рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;

  7. «Талапкер» ДБ жабуды ұйымдастыру.

  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:

  1. әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындайды. Папкалар талапкерлерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастыруда қолданылады. Папкада: осы нұсқаулықтың 1, 10-қосымшаларына сәйкес осы аудиторияға бөлінген талапкерлердің рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болады.

  2. мемлекеттік комиссиямен біріге отырып аудиторияларды тестілеуге дайындайды. Әрбір аудитория аудиториялық қорға сәйкес нөмірленеді (01,02,03,..). Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары осы нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес аудиториялық қорда көрсетілген схемаға сәйкес нөмірленеді.

  3. техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

  4. талапкерлердің мәліметтеріне өзгерістер енгізу журналын осы нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес Министрлік программисіне беруді ұйымдастырады.

  1. Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:

  1. талапкерлерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіптің сақталуын бақылайды және ұйымдастырады;

  2. талапкерлерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастырады;

  3. дұрыс жауаптар коды мен апелляция нәтижесі есепке алынбаған емтихан ведомосін ілуді ұйымдастырады;

  4. статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастырады.

  1. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:

1) мемлекеттік комиссиямен бірге апелляциялық комиссияның жұмысына жағдай жасайды;

2) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосін ілуді ұйымдастырады.



  1. Сертификатты басып шығару және тарату кезеңіндегі функциясы:

1) сертификаттарды басуды ұйымдастырады;

2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес Министрлік өкілінен акт бойынша қабылдайды;

3) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін желілік ЖОО-ның жауапты хатшыларына береді;

4) желілік ЖОО-ның жауапты хатшысынан талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 14- қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдайды.



  1. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңіндегі функциясы:

1) Министрлік өкілінен емтихан материалдарын қабылдайды;

2) ҰТО-ға ТКТ-ны ұйымдастыру жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша есептің қағаздағы және электрондық нұсқасын телекоммуникациялық желі арқылы береді.


5. Желілік ЖОО жауапты хатшысының функциялары




  1. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:

  1. базалық ЖОО-да өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша дайындықтан өтеді;

  2. базалық ЖОО-дан нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін, өтініштерді тіркеу журналын алу;

  3. программист пен техникалық хатшыларды жұмыс орнымен және анықтамалық құжаттармен қамтамасыз ету;

  4. техникалық хатшыларды өтініш қабылдауға үйрету;

  5. өтініш бланкілерін базалық ЖОО-на сканерлеуге әкелу;

  6. осы нұсқаулықтың 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес басылып шығарылған нысандарды алу;

  7. ДБ өзгерістерді енгізуді ұйымдастыру;

  8. талапкерлерге рұқсаттаманы беруді ұйымдастыру;

  9. ДБ жағдайын бақылау;

  10. өтініштерді тіркеу журналын жабу;

  11. ресімделген түбіртектерді базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына беру.



  1. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі функциясы:

  1. сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысынан қабылдау;

  2. талапкерлерге сертификаттарды беруді ұйымдастыру;

  3. талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді.


6. Базалық ЖОО программисінің функциялары


  1. «Аудиториялық қор» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциялары:

  1. техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  2. аудиториялық қорды қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

  3. ҰТО-ға «Аудиториялық қор» мәліметтерін телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.

  1. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:

  1. «Талапкер» ДБ құру жұмыстары үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

  2. техникалық хатшылар үшін нормативтік құқықтық актілерді және анықтамалық ақпараттарды ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы алу және дайындау;

  3. желілік ЖОО программистерін АЖО-лармен жұмыс істеуге үйрету және оның жұмысын бақылау;

  4. тіркеу журналдарын басып шығару және беру;

  5. өтініш бланкілерін сканерлеу;

  6. осы нұсқаулықтың 15, 16, 17 - қосымшаларына сәйкес техникалық хатшыларға шығыс нысандарды басып шығару және беру;

  7. «Талапкер» ДБ жабу;

  8. рұқсаттамаларды басу;

  9. базалық ЖОО-ның өтініштер журналын беру осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес;

  10. өтініштерді қабылдау барысы туралы күнделікті статистиканы телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу;

  11. «Талапкер» ДБ сақтауды қамтамасыз ету және Министрліктің программисіне беру.

  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:

  1. техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  2. талапкерлердің мәліметтерін өзгерту журналын Министрлік программисіне береді;

  3. ҰТО-ға қажетті мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.

  1. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі функциясында Министрлік программисіне осы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару кезінде көмектеседі.


7. Желілік ЖОО программисінің функциялары


  1. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:

  1. желілік ЖОО программисінің АЖО-сын инсталляциялау;

  2. желілік ЖОО-ның ерекшелігіне қарай бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және келтіру;

  3. өтініштерді тіркеу журналын қалыптастыру және беру;

  4. желілік ЖОО-ның техникалық хатшысының журналын осы нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес қалыптастыру және беру;

  5. өтініштер бланкілерін сканерлеудің есебін, рұқсаттамаларды тарату тізілімін күнделікті қалыптастыру және беру;

  6. өтініштерді қабылдау барысы туралы статистиканы күнделікті қалыптастыру және беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет