ЕР
1-7бет 16
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
– заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына ақшаның орташа айлық қалдықтары бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғарғы мөлшері ұлттық валютада жылдық 0%-ды, бұл жерде сыйақы
мөлшерлемесінің ең жоғары шынайы, жылдық, тиімді мөлшері, салыстырмалы есептеуде жылдық 0%-
ды құрайды.
41. Заңды және жеке
тұлғалардың салымдары бойынша, сондай-ақ заңды
тұлғалардың
ағымдағы шотындағы орташа айлық қалдықтары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін Директорлар
кеңесі бекіткен сыйақылардың
мөлшерлемелері шегінде, Ережеде қарастырылған сыйақы
мөлшерлемелерінің шегінде, Банктің нарықтық тәуекелдер мен өтімділігін басқару жөніндегі Комитет
бекітеді.
42. Салымның валютасына байланыссыз, салымдардың барлық түрлері бойынша белгіленген
мөлшерлеме сыйақысы бекітіледі. Банк салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесін,
банктік салым
шарттарында/банктік салым ашуға (ағымдағы шот) өтініш-офертада-қосылу шартында
қарастырылған, салым мерзімін ұзарту жағдайларынан басқаларда,
біржақты тәртіпте өзгертуге
құқығы жоқ
1
.
43. Банктің филиалдарына салымдар бойынша операцияларды филиал осындай операцияларды
жасауға дайын болған кезде, Банк берген сенімхаттың негізінде жүргізу.
44. Банктің клиенттен салымды қабылдауы олардың арасында жасалған банктік салым
шарттарында/қосылу шартында/ өтініш-офертада қарастырылған банктік салым ашуға (ағымдағы шот)
шарттың
негізінде барлық қабылдау, салымды жүргізу және беру талаптары бейнеленеді.
45. Банк жинақ шоттары бойынша операцияларды келесілердің негізінде жүргізеді:
– салымшының тапсырмасы;
– Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес нотариалды куәландырылғанға
теңестірілген немесе нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде үшінші тұлғалардың
талаптары;
– Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес салымшының (депозитордың) акцептісін
талап етпейтін үшінші тұлғалардың талаптары;
Егер ол Қазақстан Республикасының заңнамалары мен банктік қарыз шартының талаптарына
қарсы келмесе, Банктің өкімі.
46. Банк салымдар бойынша сыйақы төлеуді салым талаптарына байланысты жүргізеді. Банктің
салымдары бойынша сыйақыны есепке қосуды есептеу үшін шартты ай 30 күнтізбелік күнге тең және
шартты жыл, егер шарттың талаптарында басқадай қарастырылмаса, 360 күнтізбелік күнге тең.
47. Салым банктік салым шартының қолданылу кезеңінің кез келген уақытында
банктік салым
шартын бұзу жолымен талап етілуі мүмкін. Салымшының мерзімді және шартты салымдар бойынша
ақшаны мерзімінен бұрын кері қайтарып алған жағдайында, салымның сомасын Банк толық қайтарады,
ал сыйақы сомасы, егер банктік салым шартында/қосылу шартында/ банктік салым ашуға (ағымдағы
шот) өтініш-офертада өзгедей қарастырылмаса, салымдардың талап еткенге дейінгі мөлшерлемелері
бойынша есептеледі және төленеді.
Банк салымшы салымдар бойынша банктік салым шарттарының/қосылу шартының /банктік
салым ашуға (ағымдағы шот) өтініш-офертаның талаптарын орындамаған жағдайда ертеректе төлеген
сыйақы мөлшерлемесін сыйақы мөлшерлемесін (салымның негізгі сомасынан ақша ұстау жолымен)
қайтаруды талап етуге құқылы.
48. Салым Банкке ақша түскен уақыттан есептегенде бір ай мерзім ішінде қайтарылып алынса,
салым бойынша сыйақы сомасы, егер банктік салым шартында/банктік салым ашуға өтініш-офертада
/ қосылу шартында өзгедей қарастырылмаса, төленбейді.
Достарыңызбен бөлісу: