ЕР
1-8бет 16
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
51. Кредит беру мерзімі Банктің ІНҚ-ға сәйкес берілетін кредиттік өнімнің талаптарына
байланысты анықталады.
52. 1 (бір) жылға дейінгі мерзімге ұсынылатын қарыздар қысқа мерзімді кредиттерге жатады, 1
(бір) жылдан жоғары мерзімге берілетін қарыздар - ұзақ мерзімді кредиттерге жатады.
Бұл ретте
Банкте кредит берудің келесі жоғары мерзімдері белгіленеді:
– заңды тұлғалардың
қарыздары бойынша – 20 жылдан жоғары емес;
– жеке тұлғалардың
қарыздары (тұтынушылардың қарыздары) бойынша – 10 жылдан көп
емес;
– ипотекалық қарыздар бойынша – 30 жылдан көп емес;
– Банктің қарыз бойынша клиенттерге беретін төменгі мерзімі 1 күнтізбелік күнді құрайды.
53. Лизингтің мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімінен 75%-дан жоғарыламауы
тиіс. Лизингтің ең жоғары мерзімі - 7 жыл.
54. Берілген кредиттер бойынша осы Тарауда қарастырылған
сыйақы мөлшерлемесін Бас
Кредиттік Комитет әрбір кредит өнімі бойынша, сұралған кредиттің тәуекел факторларына, қаржылық
рынок жағдайына, кредит ресурстарына сұранысына, кредит операциялары бойынша Банктің
қабылдаған
табыстылық нормаларына, Банктің Нарықтық тәуекелдерді және өтемділікті басқару
комитеті бекіткен трансферттік баға белгілеу мөлшерлемелерінің есебіне байланысты белгіленеді.
Әрбір кредиттік карта бойынша жеке сыйақының мөлшерлемесі «Еуразиялық банк» АҚ-та
кредиттік тәуекелмен байланысты Шешімдер қабылдау өкілеттігінің лимиттері бойынша регламентке
сәйкес бекітіледі.
55. Төлем кредиттік карталары бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі Банктің Нарықтық
тәуекелдерді және өтімділікті басқару комитеті алдын ала қарастырған Ережеге №1 қосымшада
бекітілген.
56. Банкте ең аз мөлшері белгіленеді:
– берілген қарыздар бойынша заңды тұлғаларға: сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 5%, жылдық
тиімді сыйақы мөлшерлемесі -5%;
– қарыздар жеке тұлғаларға: 0 - % негізгі
борыш бойынша берешек қалдығы, сыйақының
жылдық тиімді ставкасы – 0,01% негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы;
– берілген қарыздар бойынша клиенттерге қабылдау кезінде қамтамасыз ету ретінде ақша, Банк
маржасы көлемінде белгіленеді – 0 %, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 0% жылдық;
– кепілдіктер бойынша түріне байланысты кепілдік қамтамасыз ету және оған сәйкес
мөлшерлемелер мен тарифтер
бойынша кепілдіктер, директорлар Кеңесімен бекітілген;
– орындалған Банк аккредитивтер – тен төмен емес несие операциялары бойынша сыйақы
ставкалары;
– лизингтік операциялар бойынша: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 16% - дан, жылдық тиімді
сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 16% - дан.
57. Банкте берілетін қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің келесі ең жоғары
мөлшерлері белгіленеді:
– заңды тұлғаларға
берілетін қарыздар бойынша – жылдық 36%-ға дейін.
– жеке тұлғаларға
берілетін қарыздары бойынша – Қазақстан Республикасының Уәкілетті
органы бекіткен шектеу есебімен,
негізгі борыш бойынша
2
берешектің қалдығына не қарыздың
бастапқы сомасына – жылдық 56%-ға дейін;
– Банктің маржасының ақшасы түрінде қамтамасыз етуді қабылдау кезінде
жеке тұлғаларға
берілетін қарыздар бойынша – Қазақстан Республикасының Уәкілетті органы бекіткен шектеу
есебімен жылдық 10%-ға дейін;
– Банктің маржасының ақшасы
түрінде қамтамасыз етуді қабылдау кезінде заңды тұлғаларға
берілетін қарыздар бойынша – жылдық 10%-ға дейін.
58. Жеке тұлғаларға берілетін
қарыз бойынша сыйақының мөлшерлемесі құбылмалы және
белгіленген болуы мүмкін. Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінің есеп айырысу тәртібі мен әрекетінің
талаптары
3
Қазақстан Республикасы Уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерінде
анықталады.
2
Қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақының шекті (еі жоғары) мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
бекітеді.
3
Банктік қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемелерінің
қолданылу талаптары, есептеу
ережелері 2008 жылы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен
қадағалау жөніндегі Агенттігі басқармасының № 216 қаулысында бекіткен.