Талаптары туралы



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата09.06.2023
өлшемі475.62 Kb.
#474850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Правила-об-общих-условиях-каз-от-05 01 2017

1-бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1-тарау Банктің операциялар жүргізуінің негізгі қағидалары 
1. Ереже Банктің операциялар жүргізуінің негізгі қағидалары мен талаптарын, 
Банктің клиенттермен жұмыс тәртібі, Банктің және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттерін 
анықтайды. 
2. Ереженің мақсаты Банк көрсететін қызметтерге/операцияларға, оның ішінде Банкпен ерекше 
қатынастағы байланыстары бар тұлғалар үшін талаптар мен тарифтерді бекіту болып табылады

3. Ереже ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық құпия мәні болуы мүмкін емес. 
Осы норма Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммерциялық құпия санатына 
жататын Банктің нақты операциялар жүргізу талаптарына қолданылмайды. 
4. 
Ережеде 
Қазақстан 
Республикасының
заңнамаларында, 
және 
электрондық 
анықтамаларында қарастырылған негізгі түсініктер, сондай-ақ келесі түсініктер пайдаланылады: 
1) омбудсман – ипотекалық қарыз шартынан туындайтын Банк пен қарыз алушы (жеке тұлға) 
арасындағы Банк пен қарыз алушы арасындағы мүдделердің заңмен қорғалуын және құқықтардың 
қанағаттандырылуы туралы келісімге қол жеткізу мақсатымен оның келуі бойынша келіспеушіліктерді 
реттеуді жүзеге асыратын, өзінің қызметінде тәуелсіз жеке тұлға. 
2) Қазақстан Республикасының уәкілетті органы – Банктің қаржы нарығындағы әрекетіне 
талаптарды анықтайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және басқа да мемлекеттік 
уәкілетті органдар. 
3) Банктің уәкілетті органы – өзінің қызметін Банктің ІНҚ негізінде жүргізетін Қазақстан 
Республикасының заңнама талаптарына сәйкес Банктің Директорлар кеңесінің міндеттерін орындауға 
көмек көрсететін банктің алқалық органдары және/немесе жауапты тұлғалардың топтары. 
5. Банк, оның уәкілетті органдары, басшы қызметкерлері банктік қызметті жүргізген кезде 
Қазақстан Республикасының заңнамаларының және Ережелердің талаптарын міндетті түрде сақтауы 
тиіс. Осы міндеттілік Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Банктің қатысуымен мәмілелер 
жасау кезінде лауазымдық талаптар мен әрекеттерде анықталғандардың жасалуының қажеттілігіне 
және жауапкершілікке алып келеді. 
6. Банк жеке және/немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрі – клиент) бірінші талап етуі бойынша 
Ережені беруге міндетті және клиентке мүдделі операцияларды клиенттің жүргізуімен байланысты 
мүмкін болатын тәуекелдер туралы ақпаратты беруден бас тартуға құқылы емес. 
7. Клиенттерге көрсетілетін банктік және басқа операциялардың мөлшерлемелері мен 
тарифтері туралы ақпарат филиалдарда (олардың үй-жайында) көзбен шолуға және танысуға болатын 
орындарға және Банктің WEB-сайтында Интернет желісінде орналастырылады және қолданылып 
жүрген Банктің қызметтеріне/операцияларға мөлшерлемелер мен тарифтерге өзгеріс енгізілген күні 
туралы мәліметтер, Банк органының және ішкі құжатының нөмірі көрсетілумен өзекті жағдайда 
ұсталынады. 
8. Банк пен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының 
заңнамаларында өзгедей қарастырылмаса, онда шарттардың негізінде жүзеге асырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет