ЕР
1-9бет 16
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
59. Банк заңды тұлғалармен банктік қарыз шартын жасау күніне белгіленген сыйақы
мөлшерлемелерін ұлғайту жағына біржақты тәртіпте келесілердің кезінде өзгертуге құқылы:
– қарыз алушы банктік қарыз шартында/келісімде қарастырылған жағдайларда, қарыз алумен
және қызмет көрсетумен байланысты шынайы ақпаратты ұсыну бойынша өзінің міндеттемелерін
бұзғанда;
– Банкте Қазақстан Республикасының заңнамаларында және банктік қарыз шартында
қарастырылған жағдайларда міндеттемені мерзімінен бұрын орындау талаптарының құқығы
туындағанда:
– қарыз алушының қатысушылар (акционерлер) құрамының, жиынтығында Банктің алдын ала
жазбаша хабарлауынсыз, акционерлік қоғам (шаруашылық серіктестік) акцияларының (қатысу
үлесінің) он және одан да көп пайыздарын иеленушілерінің өзгеруі;
– қарыз алушының және/немесе кепіл берушінің кепіл ұстаушы болып табылатын Банктің
құқықтарын бұзуы, кепілге берілген мүліктің сақталу талабын және жағдайын, мөлшерін, нақтылы
болуы мен құжаттар бойынша, сонымен бірге қарыз алушының (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде
Банкке кепілге қойылған мүлікке үшінші тұлғалардың ұсынған талаптары фактісі.
60. Жеке тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде ипотекалық қарыздар бойынша,
белгіленген сыйақы мөлшерлемесі, тараптардың келісімі бойынша, келесі тарапқа өзгеруі мүмкін:
– шарттың қолданылу мерзімінің ішінде қалқымалы сыйақы мөлшерлемесіне не азаюына;
– шартта анықталған оның қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша, бірақ банктік қарыз
шартын жасаған күннен бастап үш жылдан ерте емес уақытқа жоғарылауы. Белгіленген сыйақы
мөлшерлемесінің көбеюі тарапына әрбір келесі өзгеруі тараптардың келісімі бойынша, белгіленген
сыйақы мөлшерлемесінің қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша, бірақ белгіленген сыйақы
мөлшерлемесінің алдыңғы өзгеру күнінен үш жылдан ерте емес уақытта көбеюі мүмкін.
Белгіленген сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Банктер мен банктік қызмет
туралы» Заңында бекітілген тәртіпте жасалған азаюы жағына немесе Банктің азаю жағына уақытша
өзгеруіне оның өзгеруінен басқа жағдайларда, біржақты тәртіпте өзгертілмеуі тиіс. Азаюы жағына
сыйақы мөлшерлемесінің уақытша өзгеруі деп уақытша өзгергенге дейін қолданылатын сыйақы
мөлшерлемесінің мөлшерінен жоғарыламайтын мөлшерде сыйақы мөлшерлемесінің аяқталуы
бойынша белгілі мерзімге Банктің сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін төмендетуі түсініледі.
61. Қарыз алушы жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты/келісім бойынша жүргізілген
соманы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты/келісім бойынша міндеттерін орындау үшін
жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін келесі кезектілікте өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) банктік қарыз шартында/келісімде белгіленген мөлшердегі тұрақсыздық өсімпұлдары
(айыппұл, өсімпұл);
4) ағымдағы төлемдердің кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
5) ағымдағы төлемдердің кезеңі үшін есептелген сыйақы;
6) орындауды алуы бойынша Банктің залалдары.
Қарыз алушы жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты/келісім бойынша жүргізілген
соманы бір жүз сексен жалғасты күндердің аяқталуы бойынша мерзімі кешіктірілгенде, егер ол қарыз
алушының банктік қарыз шарты/келісім бойынша міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз
алушының берешегін келесі кезектілікте өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) ағымдағы төлемдердің кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
4) ағымдағы төлемдердің кезеңі үшін есептелген сыйақы;
5) банктік қарыз шартында/келісімде белгіленген мөлшердегі тұрақсыздық өсімпұлдары
(айыппұл, өсімпұл);
6) орындауды алуы бойынша Банктің залалдары.
62. Ертеректе берілген қарыздар және басқа кредит құралдары (кепілдіктер, аккредитивтер)
бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерінің өзгеруі Директорлар Кеңесінің немесе Кредит
Комитетінің/ Басқармасының шешімі бойынша банктік қарыз шартының және кредит өнімі
талаптарынан шығарылып жүргізілуі мүмкін.
63. Қарыз алушының кредиттік досьесін қалыптастыру үшін қажетті құжаттардың тізілімі
Банктің кредиттік қызметін реттейтін Банктің ІНҚ-та анықталған.
|