«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»


ТАРАУ. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМ



бет39/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
file-8164 (15)

4 ТАРАУ. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1. БАЛАЛАР ТАҒАМ ӨНІМІНІҢ СЫНАМАСЫН АЛУ. ЖӘНЕ САРАПТАМА АЛУҒА ДАЙЫНДАУ. САЛМАҒЫН НЕМЕСЕ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ

Өнімнің салмағы мен көлемінің массалық үлесінің құрама бөлігін анықтау әдісі сипатталады МЕМСТ 8756.1 «Консервіленген тағамдық өнімдер. Органолептикалық көрсеткіштерді анықтау әдісі, салмағы мен массалық үлесінің құрамды бөлігі».


Жұмыстың мақсаты: балалар тағам өнімінің сынамасын алу кезіндегі теориялық және практикалық ережелерін үйрену және өнімді орындауға дайындау. Консервіленген өнімдердің зерттелген үлгілеріндегі салмағы және көлемін анықтау
Аппараттар, реактивтер және өнімдер: балаларға арналған кептірілген сүт өнімдері; балалар тағамының консервісі; жалпы өлшемдерге арналған зертханалық таразы; өлшеуіш цилиндрлер.
Сүт өнімдерінің сынамасын алу және оны зерттеуге дайындау келесі МЕМСТ 3622-68 сәйкес болу керек.


Жұмыстың орындалу тәртібі
Тараның жағдайына және өнімнің сыртқы түріне баға беру. Салыстырмалы көрсеткіштерін жүргізу.
Тараның жағдайын бағалағаннан кейін, бөлшектелген өнімнің ортанғы бір бөлігінің жинақтық температурасын тексеру.
Температурасын тексергеннен кеиін қаптағы өнімнің салмағын анықтау.
Өнімді өлшеу келтірілген жүккөтергіш таразыларда жүргізіледі.
Құмырадағы, банкадағы, стакандағы өнімнің таза салмағы келесі түрде анықталады: тараны буып- түюден және этикеткадан босату. Сырты тазартылып жуылған құмыраны, банканы немесе стаканды кепкенше сүрту және салмағын таразыда өлшеу сонымен қатар оның салмағы 5г аспау қажет. Келесі кұмыраны, банканы немесе стаканды ішіндегі өнімнен босату, ішін тазалап жуу, банканы немесе стаканды кепкенше сүрту, ал құмыраны астынан үстіне 2-3 мин. төнкеріп қою, осыдан кеиін қайта өлшеу.
Бөлшектелген бір өнімді қағаз немесе басқа тарада өлшеу үшін чашкаға гирлермен қоса сол мөлшерде материалды қояды бұл жағдайдан біз өнімді буып- түйгенде қайсы қолданатынын тексеру.
Суйық өнімнің көлемі(сүт, сүтқышқылды сусындар, шырын,сусындар және басқалары.)
Құмырадағы немесе пакеттегі келесі үлгімен анықталады: құмырадағыны немесе пакеттегіні келтірілген сиымдылығы(құмыра мен пакеттерге: 1 дм3-қа 1000 см3; 0,5 дм3 – қа 500 см3; 0,25 және 0,2 дм3 – қа 250 см3;) бойынша өлшеуіш цилиндрге кұяды, бұл жағдайдан кеиін құмыраны немесе пакетті төнкеріп 2-3 мин ұстайды бұл сүттің, шырынның, сусындардың, сүтқышқылды және тағы басқа өнімдердің қабырғаларынан тамшылатпауын тексеру. Кемшіліктерін көлемі арқылы анықтайды ол 5 см3 құрайды.
Сұйық сүт өнімінің көлемін үлкен тараларда анытау үшін өнімнің салмағын оның шын мәнісіндегі тығыздығына бөледі.
Құрғақ сүт өнімі және сүт консервілерінің сынамасын алу. Тараны тексеру жолында оның ақауларын анықтау: герметиканың бұзылуы, қақпағының томпиюы, корпусының мыжырлығы, қақпағын жабу кезінде тағы басқа жағдайлардың әсерінен.
Балаларға арналған құрғақ сүт өнімінің сынамасын тексермей тұрып оны жақсылап араластырады. Пайда болған ұнтақтарды шыны таяқшамен езеді.
Жақсылап араластыру үшін банкадағыны үлкен үккішке салып тез араластырады да қайта банкаға салады, банканың бетін мықтап жабады. Көрсетілген нәтиже бойынша жұмыстың қорытындысын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет