ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 2.
ШИКІЗАТТЫҢ ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ҚҰРАМЫН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН АНАЛИТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР
Жұмыстың мақсаты: Шикізаттың және дайын өнімнің құрамын тексеруге арналған аналитикалық әдістерін тәжірибе жүзінде оқып білу.
Диетикалық және балаларға арналған құрғақөнімдердің жалпы қышқылдығын анықтау
Титрленген қышқылды анықтау әдісі көрсетілген МЕМСТ 25555.0«Тұқымдар мен көкөніс өнімін қайта өндеу. Титрлік қышқылдықты анықтауға арналған әдістер,» МЕМСТ Р 30648.4-99 Бала тағамы және сүт өнімі. Титрлік қышқылдықты анықтауға арналған әдістер
Апараттар, реактивтер және өнімдер: зертханалық таразы, 25 см3 сиымдылықтағы бюретка, шыны сүзгі диаметрі 10-15 см; 250 см3 сиымдылықтағы өлшеуіш колбалар; 20-25 см3 сиымдылығындағы түтікшелер; 50, 150 и 200 см3 сиымдылықтағы зертханалық шыны стакандар; сиымдылығы 100 ден 250 см3 дейінгі колбалар; натрий гидрокисі немесе калий гидрокисі; спирт; фенолфталеин 1 %-ы спиртті сұйықтығы; дистилденген су; зертханалық сүзгі қағаз; лакмус қаағазы; медициналық мақта; шыны таяқша.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Сынамадан 5 г құрғақ сүт өнімінің қоспасын (кемшілігі ± 0,01 г артық емес ) 150-200 см3 сиымдылықтағы стаканға салып оған орташа порциясы 40 см3 ыстық (65оС) дистилденген суды құяды да өнім біркелкі болған езеді.
Суыған ерітіндіге 80 см3 тағы суық дистилденген су құяды, содан кеиін фенолфталеин 1 %-ы спиртті сұйықтығынан 5 тамшы тамызады, араластырып 0,1 моль/дм3 натрий гидрокисі немесе калий гидрокисімен титрлейді, ақшыл кулгін түс 30 сек жоғалмауы керек.
Қышқылдық Х2, оТ немесе см3 1 моль/дм3 гидрокисі немесе калий гидрокисі 100 өнімге есептелінген, келесі формула бойынша шыгарылады
Х2= , (1,1)
Мұндағы: V –0,1 моль/дм3натрий гидрокисі немесе калий гидрокисі ерітіндісінің нақты көлемі, см3;
m – өлшенген қоспасының сынамасынаң массасы, г.
Консервідегі активті қышқылды (рН) анықтау
рН анықтау әдістері орнатылған МЕМСТ 26188 «тұқым және көкөніс өнімдерін өндеу, ет консервісі. рН анықтау әдісі,» МЕМСТ Р 30648.5-99 «бала тағамы және сүт өнімі. Активті қышқылдықты анықтау әдісі»
Апараттар, реактивтер және өнімдер: рН-метр немесе ионометр шыны өлшеуіш электродымен және хлор күміс электроды, буферлік ерітінді, стандарт – титр бойынша жасалған рН ерітінділерінің үлгісі: 1) 3,57 немесе 4,00; 2) 5,00 немесе 6,86; 3) 9,22 дистилденген су жұмыс жасамай тұрып алдын ала 30 мин қайнаған болу қажет, өнімнің тексерілген үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |