«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»


Молекулярлы-абсорбциялы спектрометрия



бет8/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
file-8164 (15)

Молекулярлы-абсорбциялы спектрометрия

Молекулярлы-абсорбциялық спектрометрия сыртқы валентті электрондардың электронды ауысумен келген 200-750 нм (УК-сәулендіру және көрінетін жарық) шегіндегі аналитикалық дабылды, молекулалардың айналуымен және толқуына байланысты ИҚ- және микротолқынды шекте сәулелердің жұтылуын зерттейді.


Толқын ұзындығы 400-750 нм спектрдің көрінетін шегінде сәулелерінді сіңірілуіне негізделген әдіс - фотометрия, электрмагнитті спектрдің инфрақызыл шегінің әртүрлі бөлігіндегі сәулелерді сіңуге негізделген әдіс – ИҚ-спектрометрия кең тараған, ең жиі қолданатыны орташа (толқын ұзындығы 2,5-25 мкм) және жақын (0,8-2,5 мкм) ИҚ-шегінде сәулелерді сіңіру қолданады.


Фотометрия

Сандық талдаудың фотометриялық әдісі анықталатын зат, қоспа компонеттерінің немесе олардың боялған түрлерінің оптикалық диапазонда электрмагниттік сәулелерді сіңіру қабілетіне негізделген. Сіңіру қабілеті зерттелетін заттың түстілігіне байланысты. Түстілік спектрдің көрінетін және УК-шегінде заттың электрмагниттік сәулелерінің сіңірілуін дәлелдейтін әдетте хромофорлы топтар деп аталатын молекуласының болуымен байланыстыратын молекулалардың электронды құрылымын анықтайды.


Фотометрлік анықтау өткізудің жалпы сұлбасы бір және келесі кезендер кіреді:
Үлгі дайындау және аналитикалық реакциясының химизміне байланысты реакцияға қабілетті ерітіндіге анықталатын затты немесе компонентті ауыстыру формасы;
Тандамалылықты және сезімталдықты қамтамасыз ететін оптималды жағдайларда түсті реакция өткізу нәтижесінде анықталатын заттың боялған аналитикалық түрін алу;
Аналитикалық түрдің жарық сіңіру қабілетін өлшеу, локализдеу және едәуір қарқындылығына сай келетін белгілі жағдайларда аналитикалық тіркеу.
Өнеркәсіптермен әртүрлі комбинациядағы жарық көздері, монохроматизаторлар және рецепторлар құрылған әртүрлі молекулярлы-абсорбциялық спектрометрия аспаптары – колориметрлер, спектрофотометр және т.б. шығарылады.
Аспаптарды келесідей топтастыруға болады:
Нұрлы ағымды монохромдау тәсілі бойынша, жұмысшы сәулендіруді жоғары деңгейлі монохромдауға жеткізуге мүмкіндік беретін призмалық немесе торлы монохроматоры бар аспаптар; фотоэлектроколориметрлер, жарық фильтр көмегімен монохромдауға жететін аспаптар;
Өлшеу тәсілі бойынша – өдшеудің тік сұлбасы бар бір сәлелік (тік көрсететін) және компенсациялық сұлбасы бар екі сәулелік;
Өлшеулерді тіркеу тәсілі бойынша – тіркейтін және тіркемейтін.
Қазіргі уақытта автоматандырылған микропроцессормен басқарылатын фотометр спектрофотометрия мүмкіндіктерін көп дәрежеде кеңейтеді: уақыттың әртүрлі интервалында толқындардың әртүрлі ұзындықтарында үлгілердің көп мөлшерін өлшеуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет