«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»



бет7/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
file-8164 (15)

2 ТАРАУ. Зерттеудің өлшеу әдістері
2.1 Спектральді әдістер

Физико-химиялық талдаудың замнауи әдістердің арасында өнімнің маңызды қасиеттері туралы едәуір толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін спектроскопияны кең тарап келеді. Зерттеулердің спектральді әдістері заттардың атомдарымен немесе молекулаларымен электрмагниттік сәулелерді шашырату (сіңіру) құбылысын қодануға негізделген. Спектральді талдау әртүрлі органикалық қосылыстар және концентрациясы 10-2 – 10-6 моль миниралды элементтерді анықтауға қолданады.
Спектральді әдіс әртүрлі электрмагниттік спектрде аналитикалық дабылға сәйкес келетін қадағалау және зерттеу үшін көп мүмкіндік береді, ол: рентген сәулелері, ультракүлгін (УК) сәулелер, көрінетін жарық, инфрақызыл (ИҚ), микро- және радиотолқынды сәулелер.
Спектроскопияны шартты түрде эмиссиялық және абсорбциялық болып бөлуге болады.
Эмиссиоялық спектроскопия заттардың сәулелендіру қабілеттіліктерін зерттейді. Энергия шашырату атомдарды алдын ала термиялық және энергиялық қоздыруға байланысты, онда энергияны сіңіру кезінде негізгі деңгейдің электрондары жоғары энергиялық деңгейге ауысады.
Абсорбциялық спектроскопия заттардың сіңіру қабілеттіліктерін зерттейді. Талданатын үлгіні белгілі жиілік диапазоны бар электромагниттік сәулелендіру көздері және спектрометр арасына орналастырады. Спектрометр қойылған толқын ұзындығында алғашқы сәулелендіру көздерімен салыстырғанда үлгі арқылы өткен жарықтың қарқындылығын өлшейді.
Тамақ өнімдерінің қасиеттерін зерттеуде ең көп қызығушылықты ие болатындар: шыны оптикасы бар көрінетін (200-400 нм), кварцы бар оптика және үльтракүлгін (400-800 нм) және инфрақызыл (2-15 мкм).
Әртүрлі сәулелердің әсерінен заттар молекуласында немесе зертелетін химиялық элементтердің бос атомдарында электронды ауысу жүреді (аналитикалық дабыл – шашырату немесе сіңіру), атомдар спиндерінің (аналитикалық дабыл – ядролық магнитті резонанс) немесе электрондар (аналитикалық дабыл – электронды парамагнитті резонанс) ориентациясы өзгереді. Аналитикалық дабылды әртүрлі әдістермен зерттейді.
2.1 кестеде спектральді әдістердің классификациясы келтірілген.
2.1 кесте – Спектральді әдістердің классификациясы

Спектроскопия

Аналитикалық дабыл көзі

Аналитикалық дабыл

Әдіс

Молекулярлы

Молекула

Сіңіру (абсорбция)
Шашырату (люминесценция)

молекулярлы-абсорбциялық спектрометрия (МАС) Молекулярлы-люминесценттік (МЛС), немесе флуориметрия

Атомдық

Атом

Сіңіру
(абсорбция)

Шашырату (эмиссия)



атомдық-абсорбциялық (ААС)
Атомдық-эмиссионды (АЭС)

Магниттік резонанса

Атомдар ядросы атомов (ядраның магниттік моменті)

Электрон (электронның магниттік моменті)



Ядролық магниттік резонанс – ЯМР-спектр
Электрондық парамагниттік резонанс – ЭПР-спектр

Ядролық магниттік резонанс спектометриясы (ЯМР)
Электронды парамагниттік резонанс спектрометриясы (ЭПР)

Масс-спектроскопия

Ион

Масс-спектр

Масс-спектрометрия

Спектралды әдістер аналитикалық дабыл көзі және типі бойынша молекулярлы-абсорбциялық спектрометрия (МАС) және молекулярлы-люминесценттік (МЛС) немесе флуориметрию; атомдық-абсорбциялық (ААС) және атомдық-эмиссионды (АЭС), ядролық магниттік резонанс спектрометриясы (ЯМР) және электрондыо парамагниттік резонанс (ЭПР) болып бөлінеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет