Таным мәселесі



бет4/7
Дата19.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487146
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 5.Таным және шығармашылық

Иммануил Кант
(1724 –1804)
Канттың таным теориясы бойынша, танылатын заттың екі жағы бар: оның сыртқы түрі – «біз-үшін-зат» және ішкі мәні - «өз-ішіндегі -зат».
Біріншісін сезім мүшелерімізбен бейнелейміз, екіншісін - ақыл-ойымызбен түсінеміз.
Бірақ дүниедегі үш «өз-ішіндегі-заттар» біздің ақыл-ойымызға қолжетімсіз: бұл - Құдай, бостандық және жанның өлместігі. Біз олардың мәнін ешқашан түсіне алмаймыз. Оларды Құдай өзі ғана біледі, сондықтан, Құдайға сену керек.
Кант өз дәуіріне сай ғылымның қасынан дінге де орын беру үшін агностицизмді білдірді

Г. Гегельдің таным теориясындағы диалектикасы


Гегельдің таным теориясы танымның тарихына дәлме-дәл келеді: таным, ғылым дамуының әрбір тарихи сатысы «Абсолюттің суретін» береді, бірақ әлі шектелген, толмаған суретін.
Танымның әрбір кейінгі сатысы оның алдында танылған мазмұнның байлығын өзінде сақтап қалады және одан алынған ешбір құндылықты жоғалтпайды, «барлық игерілген білімді жинап байытып береді».
Сонымен, Гегель абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектика-сын көрсетті
Георг Вильгельм Фридрих Гегель
(1770-1831)

К.Ясперстің «Мен» - адамилық деңгейлердің концепциясы


Карл Теодор Я́сперс
1883-1969
«Тарихтың мән-мағынасы және арнауы»
Карл Ясперс адам болмысының үш деңгейін ажыратады:
1) Эмпирикалық «Мен» - бұл тәжірибедегі индивид, табиғаттың бөлігі ретінде, оның денесі. Ол өз қажетті-ліктерін қанағаттандыруға ұмтылады, барлық тірі нәрсе сияқты өзін-өзі сақтау инстинктісін жетекшілікке алады, ляззатты іздейді, азаптанудан қашады, өзінің болашақтағы тіршілігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Эмпирикалық «Меннің» болмысын биология зерттейді. Дәрігер науқас адамды қарағанда, оның денесінің хал-ахуалына назар аударады.
2) «жалпы сана» деңгейдегі «Мен». Бұл адамның ақыл-есі, пайымы (рассудок). Бұл деңгейдегі «Менді» Ясперс «заттық сана» деп атайды. Бұл сана кезкелген басқа индивидтің санасына тең. Оны логика мен трансценденталды философия зерттейді. Ол ғылыми білімнің субъектісі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет