Танымдық психикалық үрдістер



бет35/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
стом

Әлсіз тип.Жүйке жүйесі әлсіз типтің өкілдері күшті, ұзақ мерзімді және шоғырланған тітіркендіргіштерге төтеп бере алмайды. Қозу мен тежелу үрдістері әлсіз болып табылады. Күшті тітіркендіргіштердін әсерімен шартты рефлекстерді алу кешігеді. Сонымен катар тітіркендіргіштердің әсерімен жоғары сезгіштік байқалады.
Күшті, ұстамды тип.Күшті жүйке жүйесімен ерекшелене отырып, ол негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен- қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен сипатталады.
Күшті, үстамды, козғалғыш тип.Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды, бірақ олардың жылдамдығы, қозгалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.
Күшті, ұстамды, сылбыр тип.Күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл типтің өкілдері сырт қарағанда салмақты, орнықты, қиын коздырғыш тип.
И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама бере «Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамас болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамас әрбір индивидтің барлық іс-әрекетіне белгі қалдырады».
Темпераменттің түрлеріне тоқталып, әрқайсысыпсихологиялық сипаттама беретін болсақ:
Сангвиник темпераментініңөкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвиниктер негізінен көңілді тип.Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тезберіледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп - пісіп қалады. Ашуы тез басылады,кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі,ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынастаболады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.
Сангвиник типіндегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Ондай балаларәртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуіді оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет