Мінез дегеніміз- адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез - кең мағыналы ұғым,онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.
Мінез - жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығынбейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктері үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде қалыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгереді.
Күнделікті өмірде адамды өзімшіл немесе көпшіл, қарапайнемесе қатыгез, ұстамды немесе ұстамсыз, табанды, батыл, қызу қанды, салқын қанды және т.б. деп сипаттайды. Осы
айтылғандардан көретініміз, мінез- жеке тұлғаның әртүрлі
психикалық қасиеттерін қамтитын біртұтас құрылым.
Грек философы негізін салған «мінездеме» тек адамның адамгершілік бейнесін суреттеуден тұрады. Осындай мағынада «мінез» терминін ХҮІІ ғасырда Лабрюйер қолданды. Сонымен, «мінез» сөзі о бастан адамның әлеуметтік-адамгершілік келбеін бейнелейді, бұл мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге болады.
ХІХ ғ. мінезді таза психологиялық бағытта интеллектінің, сезімнің және еріктің (А.Бек), сезім мен еріктің (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшеліктері ретінде қарастырды.
ХХ ғасырда мінезді психиканың жекелеген салаларының ерекшеліктері емес, тұтас тлғаның қасиеті деп түсінді.
Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің көрінуінде, сондай-ақ оның жеке белгілері үрдісіқалыптастыруда байқалады. Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, қозғалғыштыгы немесе енжарлығы - осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да белгілерінің әсері ерекше: жүрекқантамырлар, ас қорыту және эндокриндік жүйелер.
Мінездің көрінісі тек қана әрекет пен қылықта аңғарылып қоймайды, сонымен қатар тілде, бет-пішінде жне дене бітімдебайқалады. Мінез жеке тұлғаның сырт келбетінде із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері жағдайында өзгеріп отырады.
Кісі мен мінез құлықтың бұзылуы (немесе «Кемел шақта тұлғамен мінез-құлықтың бұзылуы» - психопатия) психикаауруларға жатпайды. Клиникалық ерекшеліктеріне байланысты
психопатиялар бірнеше топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |