Шизоидты тип. Шизоидты не аутизмді (жұрттан оқшаулану) патологиялық тұйық жеке адам. Оның ең алдымен жасырынды, түйық және айналадағылармен қарым-қатынас жасауға ықыласы мен қабілеті жоқ. Айналадағы әлемнен бөлектену, ішкі дүниесі бай бола тұрып сыртқы көрінісі кедей, тәртібі мен эмоционалдық қайғы-қасіреті, қарама-қайшылық бұларға тән. Шизоидты психопатия басқа типтерге қарағаңда сирек болады, ол ұлдарда жиі кездеседі. 2-4 жастағы балалардың мінез-құлқы құрдастарына қарағаңда ерекше болады. Мектепке дейінгі жасында өз күрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Мектеп жасында олар белгілі бір сабаққа қызығып, сол сабақты күшті оқи бастайды. Мысалы, математиканы, астрономияны, психология мен философияны. Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, олардың қозғалысы икемсіз, өздерін-өздері күте алмай, киім мен тамақ қабылдағанда салақтық пен ұқыпсыздықты көрсетеді.
Психопатиялық қалыптасуы негізінен ересек жаста аяқталады. Психопатияның шизоид пен истерия сияқты түрлері бала кезден біліне бастайды. Бірақ та кісінің бұзылуы (психопатия) диагнозы 18 жастан бұрын қойылмайды. Одан бұрын «патологиялық дамуы» деп саналады.
Емдеу - балалар мен жасөспірімдерде негізінен емдеу-педагогикалық шаралар арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда дәрігер мен педагогтың эмоционалдық әсері негізінен емдеуге көмегін тигізеді. Жасөспірімдердің айналасындағы ортаны (отбасы, мектеп, құрдастары) сауықтыру өте маңызды принцип. Емдеу-түзету жұмыстары психотерапиямен және дәрілер арқылы емдеумен жалғасады. Психотерапия әдісін таңдау психикалық жағдайға, жеке адаммен не топпен өткізуге байланысты. Емдеуде тәртіпті түзететін дәрілер қолданылады.
Психопатиялардың алдын алу жалпы психогигиеналық шараларға, жүкті әйелдің сауығуына, дұрыс босануына, балалардың жұқпалы және басқа ауруларының алдын алуға, дұрыс тамақтануға тіреледі. Одан басқа балалардың айналасындағы адамдардың, ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынасының маңызы зор. Бала тәрбиелейтін мекемелердің тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің атқаратын рөлі де үлкен.
№17 Іс-әрекет ұғымы. Қажеттік пен әуежділік
Адам өмірі іс-әрекетсіз болуы мүмкін емес. Іс-әрекет үрдісінде адам қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып біледі, әртүрлі құбылыстарды қабылдайды. Жануарлар мінез-құлқынан адамның іс-әрекеті қанша күрделі болғанымен ерекше айырмашылығы бар. Адамның іс-әрекеті саналы сипатқа ие болады, ол мақсатқа бағытталған және оған жетудің тәсілдерін түсінеді, іс-әрекеттің кейбір бөлімдерін жоспарлайды, мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерді ескеріп отырады, қажет болған жағдайда іс-әрекетті қайта құрады, нәтижені алдын ала көре біледі.
Адамның іс-әрекеті еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтаумен байланысты. Адамның іс-әрекеті қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іскеасады.
Іс-әрекет қоғамдық - тарихи жағдайлармен анықталады. Адам өзінің іс-әрекетін қоршаған өмірден, өзі өмір сүрген қоғамның талаптарынан бөліп қарай алмайды. Барлық уақытта да, барлық кезеңде де адам еңбекпен айналысты, ол қоғамның қажеттілігін немесе жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнім беріп отырды.
Жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасады, адам өжет, ержүрек қасиет танытады. Өздеріңізді қоршаған адамдарды бақылай қарасаңыздар мамандық адамның сыртқы келбетін, оның рухани дүниесін өзгертеді. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері бар, мысалы әскери адамның психологиясында өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Сол сияқты мұғалімдік, дәрігерлік мамандықтардыңөзіндік ерекшеліктері болады.
Іс-әрекет оның қүрылымына қарай қарастырылады. Кез-келгеніс-әрекетте төмендегідей бөліктерді атап көрсетуге болады:мақсат қою кезеңі; жұмысты жоспарлау,әрекеттің тиімді
тәсілдерін таңдау кезеңі; іс-әрекетті орындау, іске асыру кезеңі;одан әрі нәтижелерін тексеру, қатесін түзеу, алынған нәтижелердіжоспарланған нәтижелерменсалыстыру,жұмыстықорытындылау.
Адамда әртүрлі іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзақ үрдіс болып табылады. Генетикалық бір-бірін ауыстырып отыратын және барлық өмір жолы барысында ғұмыр кешетін іс-әрекеттің 3 түрі кездеседі: оқу, ойын, еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: |