Патогенезі. Ауруға бейімді мал залалданғанда вирус нерв талшықтарымен өсіп-өнетін және диффуздық іріңсіз энцефалит тудыратын жұлын мен мыйға қарай жылжыйды. Одан кейін нерв жолдарымен енді сырт бағытына қарай жылжый отырып, вирус сілекей бездеріне түседі, нерв түйіндерінде өсіп-өнеді және олардың клеткаларын дегенерация жасаған соң сілекейге түседі.
Клиникалык, белгілері. Жасырын кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін, бірақ бәрінен көбірек, 3—6 аптаға созылады.
Иттерде кұтырудың бірнеше формасы бары белгілі. Құтырған хайуанның алғашқыда мінезі өзгереді. Ит енжар, тыңдамайды немесе өте мейірімді. Біртіндеп мазасыздық пен ашушаңдық ұлғаяды, тәбет қалыптан тыс бұзылады, тістелген жердің дуылдауы мумкін. Одан кейін жұтыну қиындайды, сілекейдің бөлінуі күшейеді, қырылдап үру пайда болады, агрессивтігі күшейеді. Жақын арада-ақ құтырудың қозуы басталады. Қашып кетуге әрекеттену тән. Тәулік ішінде ит жолдағы кездескен малдар мен адамдарға шабуыл жасай отырып, ондаған километрге кетіп қала алады. Біртіндеп дауыстың біржола жойылуына, төменгі жақтың салбырап кетуіне, қылый көз болуына әкеп соғатын бұлшық еттердің жансыздануы дамиды. Артқы аяқтарының, одан соң дененің, алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінің жансыздануы дамыйды. Ауру 8—11 күнге созылады, бірақ көбінесе бұдан кейін 3—4 күннен соң-ақ еледі.
Ауру иттердің жүдеуімен, гастроэнтерит белгілерімен, параличтің кешеуілдеп дамуымен, агрессивтіктің жоқтығымен сипатталатын құтырудың атиптік формалары өте сирек кездеседі. Аурудан айырумен бітетін және құтырудың кайталамасы болатын аурудың абортивті өтуі одан да сирек кездеседі.
Мысықтардың кұтыру симптомдары иттердікі тәрізді болады. Иттер мен адамдарға қарсы ерекше агрессивтігімен құтыру формасы басымдырақ болады. Паралич жылдам дамиды, 2—5 күннен кейін өледі.
Ірі қ,ара малында типті қозу белгілері байқала қоймайтын бәсең құтыру формасы басым. Малдар табыннан қалып қояды, күйіс қайыру тоқталады, жұтыну қиындайды, сілекей ағуы пайда болады, меңіреуі әлсірейді, дауысы қарлығыңқы шығады, жүрісі шатқаяқты болады. Жиі алдыңғы қарындарының қыймылы әлсірейді, іш қату білінеді. Тез арада аяқтарының жансыздануы дамиды. Малдың құтыруының еліру түрі — қояншық ұстау сәтінде байлаудан жүлқынады, қарлығыңкы дауыспен өкіреді, аяқтарымен жер
тырнайды, қабырғаларға ұрынады. Иттер мен мысықтарға агрессивтігі ерекше байқалады.
Қой мен ешкінің құтыруынын еліру түрінде агрессивтік, сілекей ағуы, тісін шықырлатуы, жыныстык козу белгілері байкала-ды. Паралич тез дамиды және аурудың 3—5 күндері-ақ мал өледі.
Жылқыда қүтырудың еліру де, параличтік формасы да білінеді. Кейінгісі жабайы ет қоректілерден жұктырғанда жиірек болады.
Шошқалардың кұтыруы көп жағдайда еліру формасында өтеді. Мал станокте бұлқынады, қарлыққан дыбыспен қорсылдайды, төсенішті шашады, агрессивтік танытады. Күшті сілекей шұбыруы пайда болады. Паралич жылдам дамиды және өледі. Құтырудың параличтік формасы сирек кездеседі.
Адамдардан сескенбеушілік пен агрессивтілік жабайы ет қоректілердіц құтыруына тән нәрсе. Тіпті күндіздің өзінде олар елді мекендерге кіріп кетіп, малдар мен адамдарға шабуыл жасайды. Басқа мал түрлеріндегі сияқты судан қорқушылык оларда болмайды. Аурудың аяқ кезіне қарай парездер дамиды, одан соң аяқтарының параличтері де басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |