Таралуы. Қазіргі уақытта малдың кұтыруы жер шарының көптеген елдерінде кездеседі. Қоздырушысы



бет4/4
Дата02.03.2022
өлшемі56.5 Kb.
#455887
1   2   3   4
18-құтырық

Дифференциалдық диагноз. Ауру малдарда агрессивтік болмайтын, тәбеті қалыптан тыс бұзылмайтын және төменгі жақ параличі болмайтын Ауески ауруын есептен шығару керек. Иттерде созылмалы етуімен ерекшеленетін, жоғары контагиоздігі бар, малдың аурудан айыру мүмкіндігі болатын обаның нервтік формасын есептен шығару қажет. Жылқының құтыруы клиникалык белгілері бойынша жұқпалы энцефаломиелитпен ұқсас. Бірақ, кейінгіге кілегейлі қабықтардың сарғыштығы, агрессияның болмайтындығы тән. Құтыруға күдікті күшті сыздап ауыртатын және малды мазасыздандыратын улану, шаншу болғанда және басқа да зарарсыз ауруларды, сонымен катар бөгде заттардың ауыз қуысында немесе көмейде тұрып қалуы тудырады. Занды лабораториялық зерттеулердің комплексі барлық күмәнді жағдайда құтыруға дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Ем жасалмайды. Ауырған малдарды жедел өлтіреді. Оларды ұзақ ұстау адамдардың ауыру қаупін тудырады.
Иммунитет. Антирабикалык иммунитеттін, механизмі жеткілікті тексерілмеген. Вакцинацияның нәтижесінде нерв клеткаларының вируске сезімталдығын темендететін биохимиялық өзгерістер болатындығы болжалынады. Вирусты нейтральдаушы антителдердің қорғаныс ролі бары күдік туғызбайды.
Иттер мен мысықтарға сақтық үшін егуге құрғақ антирабикалық формолвакцинаны қолданады. Вакцинация 3—4 аптадан кейін ең жоғары кернеулікке жететін және бір жылдан кем емес уақытқа сақталатын иммунитетті қамтамасыз етеді. Бірақ бұл вакцина-:ның иммунитеті басқа мал түрлері үшін шарасыз егу үшін ауыл шаруашылығы малдарына сұйық адьюванттық депондалған Алматы Малдәрігерлік институтының вакцинасы кеңінен қолданылады. Ауыл шаруашылығы малдарынын, иттердің, мысықтардың құтыруын профилактика жасау үшін сондай-ақ ВГНКИ құрғақ эталондық вакцинасы мен культуральдік инактивтенген ВНИИТ және БТ вакцинасы пайдаланылады.
Сақтық пен күресу шаралары. Құтырудың міндетті түрдегі табысты профилактикасы —иттер мен мысықтарды асыраудыд тәртібін сақтау мен иесіз жүрген хайуандарды қүрту. Бүл женіндегі күнделікті жұмысты коммуналдық шаруашылық пен жергілікті Кеңес органдары жүргізіп отыруы қажет. Малдәрігерлік маманда-ры жыл сайын иттерге профилактикалық вакцинация жасайды. Вакциналанбаған иттерді аңға және фермаларды, табындарды, отарларды қорғауға пайдалануға тыйым салынады. Қазіргі уақыттағы құтырудың маусымдылығын ескере отырып, ауылдық жерлердегі иттердің жаппай профилактикалық вакцинациясын тамыз — қыркүйек айларында жүргізу тиімді.
Орман және аң шаруашылығы органдарының қызметшілері мал дәрігерлік мамандары құтырудап күдік туғызатын жабайы хайуандар туралы хабарлап отыруға, жабайы аңдардың өлекселерін тексеруге лабораторияға жеткізуге міндетті. Олар сондай-ақ қасқырлардың, қорқау касқырлардың, түлкілердің, қарсақтардың, жанат тәрізді иттердің тығыздық популяциясын аурудың таралуы тоқталатын дәрежеге дейін азайта отырып, олардың санын реттеп отыруға міндетті.
Ауыл шаруашылығы малдарын жайылымдар мен фермаларда жабайы жыртқыштардың шабуылынан қорғау үшін иммундалған иттерді пайдаланады. Отарлап бағу дамыған және жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында ірі кара малына профилактикалық вакцинациялауды жүргізеді.
Құтыру ауруы шыққан жағдайда тиісті елді мекендер, жайылымдар, орман массивтері, сай-салалар аурудан сәтсіз деп хабарланады. Иттердің көрмесін ұйымдастыруға және сыртқа алып шығуға, иттер мен мысықтарды басқа жаққа әкетуге, жабайы ет қо-ректілерді аулауға және басқа жақка әкетуге тыйым салынады. Жедел түрде барлық хайуандарды тексеру мен қайта тіркеуге алуға, оларды ұстап-бағу тәртібін сақтауды бадылау үшін аурудан сәтсіз елді мекенде үй басы бойынша аралап шығуды ұйым-дастырады.
Барлық анық ауру хайуандарды дереу құртады. Өлекселерін қазіргі ережелерге сәйкес өртейді немесе утильдейді. Адамдарды қапқан иттер мен .мысықтардан басқа ауруға күдік туғызатын хайуандарды да құртады. Оларды оңашалап, 10 күн малдәрігерлік бақылауда ұстайды. Егер осы уақыттың ішінде құтырудың белгілері білінбесе — қапқан мезетте сілекейінде вирустың болмағаны.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет