Жоғары білім беру. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- Ph.D докторантурасы. Бұл модель АҚШ университеттерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше мәртебесі бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық
ЖОО-ы ашылды \13\.
Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингенті және мемлекеттік білім беру тапсырысы өсіп отыр (6-кесте).
6-кесте
Жоғары оқу орындарында оқитын контингент саны
Оқу жылы
|
Жоғары оқу орындары саны
|
Оқитындардың контингенті
|
Мемлекеттік тапсырыс (оқуын жалғастырушылардан басқасы)
|
2000/2001
|
181
|
440715
|
21970
|
2001/2002
|
182
|
514738
|
25265
|
2002/2003
|
173
|
590982
|
25465
|
2003/2004
|
180
|
656561
|
26465
|
Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.
2000 жылы қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламаларымен қоса жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғары білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді \21\.
Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу және конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.
Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды, оның ішінде 16,4 мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды \3\.
Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлік, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің жетіспеуінен талапкерлердің және студенттердің даярлық деңгейіне қоятын талаптарының төмендеуі мамандарды даярлау сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін туындатады.
Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе, өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап етеді \12\.
Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын, білім туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: |