Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім



бет11/31
Дата28.09.2022
өлшемі0.63 Mb.
#461498
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Дип.-БІЛІМ-БЕРУ-МАЗМҰНЫНА-ҚОЙЫЛАТЫН-ТАЛАПТАР

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Бюджеттік негіздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жоғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттік жоғары оқу орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс істейді.
Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми дәреже алып бітірушілер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі жүйесінің тиімділігінің төмендігін көрсетеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкіндік бермейді. Ғылыми жетекшілердің (консультанттардың), білім және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігі төмендеген.
Бірқатар бағыттар, оның ішінде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиісті ғылыми мектептердің болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың “қартаюы” орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазіргі уақытта 62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы тиісінше – 44 және 47 жас \5\.
Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу орындарының білім беру процесіне қатысуы болмашы. Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындағы алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және қазіргі заманғы технологиялық процестерді басқара алатын зерттеуші маман даярлауға толыққанды көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Педагогика ғылымдары бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің практикалық мәні төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 140-қа жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың әдістері мен нысандары өзгеріссіз қалып отыр, дайын білімнің көзі ретіндегі педагогтің міндеті туралы ескірген түсінік сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет