Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері: халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметтеуге тәрбиелеу;
мемлекеттік тілді басым дамыту;
отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту;
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу;
БХСЖ өлшемдеріне сай кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау;
оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін жасау (бакалавриат – магистратура – докторантура);
экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;
әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу;
білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;
білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторларының ресурстарын тартудың тетіктерін жасау;
педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерін даярлау;
көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі алға қойған міндеттерді іске асыру үшін:
білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзыретті» білімге өзгерту;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, пәндік-кеңістіктегі ортасын және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және оқу-тәрбие процесінің талаптарына сәйкес келтіру \2\;
оқитындардың тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық және құқықтық даярлығын күшейту;
білім берудің барлық деңгейлеріндегі кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын жетілдіру;
білім беру деңгейлерінің мазмұны мен оқудың ұзақтығы жағынан сабақтастығын қамтамасыз ету қажет \21\.
Достарыңызбен бөлісу: |