Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



бет22/31
Дата28.09.2022
өлшемі0.63 Mb.
#461498
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Дип.-БІЛІМ-БЕРУ-МАЗМҰНЫНА-ҚОЙЫЛАТЫН-ТАЛАПТАР

Орта білім беру. Орта білім берудің мазмұны мынадай білім беру өрісін қамтиды: тіл және әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі.
Жалпы орта білім беруде үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.
І саты – жалпы бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы – 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған.
Білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады \18\.
І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған. І сатыдағы оқыту оқушылардың білімін аралық бақылаумен және оқу жетістіктерін ішінара мониторингтік бағалаумен аяқталады.
ІІ саты – негізгі жалпы білім беру, оқыту ұзақтығы – 6 жыл, 5-10 сыныптар. Оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруі, олардың бойында адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастағы биік мәдениетті, өзін-өзі тануды және кәсіби бағдарды қалыптастыру негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары болып табылады. Осы сатыда әрбір пәннің мазмұны негізгі базалық білім беру көлеміне қисынды түрде енеді. Оқу пәндерін таңдау бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының вариативтік (өзгермелі) бөлігі кеңейтіледі, бейіналды даярлық енгізіледі.[20]
ІІ саты аяқталғаннан кейін орта білім берудің ІІІ сатысында оқудың одан арғы бейінін таңдау үшін оқушылардың қабілеті және дайындық деңгейі анықталады. ІІ сатыдағы оқыту оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін және өткен материалдарды игеру деңгейін анықтау үшін олардың білімін орталықтандырылған тестілеу түріндегі аралық бақылаумен аяқталады.
ІІІ саты – жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, оқыту ұзақтығы – 2 жыл, 11-12-сыныптар.
Жалпы орта білім берудің ІІІ сатысының бағдарламалары білім берудің мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде әзірленетін болады. Оқушыларды кәсіпке дейінгі тереңдетілген даярлауды жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу ІІІ сатының қағидатты жаңалығы болып табылады.
ІІІ сатының оқушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабілетін дамытуға ерекше орын бөлінетін жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі беріледі. Білім алу деген нұсқаудан гөрі әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсінікті игеруге, оларды өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан пайдалана, кеңейте әрі тереңдете білу мен оған ұмтылуға көшу қамтамасыз етіледі \22\.
Жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру ұлттық бірыңғай тестілеумен аяқталады.
12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды. 2009-2010 жылдан бастап 5 және 11 сыныптарды 12 жылдық білім беруге көшіру басталады.
Орта білім беруде:
12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық базасын жасау;
білім беру бағдарламаларының базалық және бейіндік мазмұнын жетілдіру, эксперименттік оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу және сараптау;
оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеуді және басып шығаруды әдістемелік қамтамасыз ету, 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиетін сараптауды ұйымдастыру міндеті болатын “Оқулық” ғылыми-әдістемелік орталығын құру;
оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу;
оқитындардың оқу жетістіктерін сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесін құру;
оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, дағдыны енжар “алушы” рөлін танымдық процестің белсенді субъектісіне өзгерту;
облыстық және аудандық (қалалық) білім басқармалары туралы ережені әзірлеу арқылы басқару буындары мен олардың бағыныстылық функцияларының ара жігін нақты ажырату;
мектепте оқытудың күтілетін нәтижелерін және оларға жету жолдарын мониторинг деректерінің негізінде талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесін құру;
жалпы білім беретін мектептерді салу қажет \25\.
Оқу процесі:
өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға;
оқушыны жеке тұлға және қызмет субьектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;
ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;
нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсініктерін және оларды практикада қолдана білуді қалыптастыруға;
жалпы негізгі білім беру сатысында бейіналды даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты түлектердің базалық құзыреті түріндегі нәтижеге бағытталған білім берудің ұлттық мақсаттары жүйесін орнықтыратын болады.
Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған, дарынды балалармен жұмыс нысандары мен әдістері жетілдірілетін, білім беру жүйесінде халықаралық байланыстар дамытылатын болады \27\.
Ауылдық мектептерді дамытуға ерекше көңіл аударылатын болады. Шағын жинақталған мектептерде оқу процесін толыққанды және сапалы өткізу үшін негізгі және аға буындағы біріктірілген сыныптар бірте-бірте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердің балалары үшін бейінді мектеп-интернаттар салу және ашу көзделіп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшін оқу процесін ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрі басқа инновациялық нысандары кеңінен енгізілетін болады.
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі сақталып, кеңейтілетін болады, мүмкіндіктері шектеулі балалардың кәсіпке дейінгі және кәсіптік даярлыққа қол жеткізуі кеңейтіледі, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды ықпалдастыра оқытуды мемлекеттік қолдау, бұрын оқыту мүмкін емес деп саналған балаларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар әзірленеді, арнаулы білім беруді кадрмен қамтамасыз ету жетілдіріледі \28\.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан түзей-дамыта оқытатын бағдарламаларды іске асыру осы санаттағы балалардың елеулі бөлігін қалыпты жалпы білім беретін мектептерде оқыту үшін жағдай жасайды.
Қосымша білім беруді дамыту үшін сол ұйымдардың желісін нығайту мен дамыту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің балалары мен девиантты мінез-құлыққа бейім балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлінше қамту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қосымша білім беру ұйымдарына баруы үшін жағдай жасау көзделеді.
Арнаулы және қосымша бiлiм берудi дамытуға қатысуға халықаралық, үкiметтiк емес ұйымдар, жекеше сектор тартылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет