Білім берудегі педагогикалық шеберліктің элементтеріне мыналар жатады:
Гуманистік бағыт – адамзатқа деген махаббат, түсінікті, парасаттылық.
Профессионалдық білім – педагогикалық шеберліктің негізгі элементі болып табылады. Өз пәнін жетік білу, сабақ берудің методикасын жетік меңгеру, жалпы педагогика мен психологияны білу.
Педагогикалық талаптар:
А) коммуникативтік, яғни адамдармен тіл табыса білу, жылы жүзілік таныту.
Б) професионалды талаптар – педагогикалық интуиция, яғни ішкі түйсік, адамның ішкі жан – дүниесін түсіну және оның орнына өзін қоя білу. Оқушының ішкі жан – дүниесін ұғыну.
В) эмоционалды тұрақтылық - өзін - өзі ұстай білу.
Г) оптимистік бағыт – болашаққа деген сенімділік.
Д) креативтік (шығармашылыққа деген талабы).
Е) адамдарды басқару білу – күш – жігермен әсер ету және логикалық ықпал.
Білім берудегі педагог қызметінің деңгейлері:
1. Репродуктивтік (бұл жас маман, ұстаздарға тән) – олар өз ұстаздарына еліктейді.
2. Адаптивтік – ұстаз біреудің тәжірибесін жаңа ситуацияларға бейімдейді.
3. Жүйелік – модельдеу деңгейі – педагог жалпы оқу процесіне көңіл бөле отырып, тәрбие саласына көңіл бөлмейді.
4. Жүйелік – модельдеу кәсіби – ұстаз бастан – аяқ оқу және тәрбиелік жұмыстарына барынша ден қояды.
Кесте 1
Білім берудегі педагогикалық шеберлікке жету кезеңдері
Р/с
|
Кезең
|
Игерулер
|
Көрсеткіштер
|
1
|
1 – ші кезең
|
Теориялық игеру
|
Оқу материалдарын толық игеру
|
2
|
2 – ші кезең
|
Зерделеу, талдау
|
Сабақтарды игеру
|
3
|
3 – ші кезең
|
Болжам жасау
|
Оқу материалдарын шәкірттерге сапалы үйрету
|
4
|
4 – ші кезең
|
Бақылау, байқау, игеру
|
Оқу материалдарын игеру белсенділігі
|
5
|
5 – ші кезең
|
Іс – тәжірибеде пайдалану
|
Шәкірттердің үлгерімдері
|
Кесте 2
Достарыңызбен бөлісу: |