Жоғары білім беру. Жоғары білім беруді дамыту үшін:
кадрларды даярлауда бөлшектеуді, бір бейінділікті, теңдестік бұзылуын және артық қосарлануды жою үшін жоғары білім беру мамандықтары жіктемесін одан әрі жетілдіру;
оқытудың озық жүйелері мен технологияларын, оның ішінде кредиттік және қашықтан оқытуды әзірлеу мен енгізу;
магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге ауыстыру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылы модельге өзгерту: бакалавриат-магистратура-докторантура;
құрылымы және мазмұны жағынан халықаралық бағдарламалармен үйлестірілген бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
білім беру гранттарының санын ұлғайту, студенттерге кредит берудің жаңа үлгісін жасау арқылы жоғары білімге қол жетімділікті арттыру;
кәсіби кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты елдің таңдаулы жоғары оқу орындары арасында бөлу тетігін енгізу;
әлеуметтік серіктестікті дамыту, жұмыс берушілерді студенттердің кәсіптік практикаларын, тағылымдамаларын ұйымдастыруға, түлектерді жұмысқа орналастыруға тарту;
жоғары білімді мамандар даярлау үшін ғылыми ұйымдардың әлеуетін тартудың нормативтік құқықтық актілерін және ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу;
жоғары оқу орындарының қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасын нығайту мен жаңарту;
жоғары оқу орындары мен филиалдарға кадрмен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасы бөлігінде қойылатын талаптарды күшейту;
стратегиялық жоспарлауға, сапа менеджменті жүйесіне және дербестікті арттыруға негізделген жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа қағидаттарын қалыптастыру;
жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының дәреже иеленуінің өсуі;
шетелдік жетекші аккредиттеу агенттіктерінің талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарының кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындау үшін жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін техникалық мамандықтар бойынша жоғары білікті кадрларды басымдықпен даярлау үшін жағдайлар жасау;
сырттай және қосымша кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымын ретке келтіру көзделеді \29\.
Оқу процесін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына оқытудың кредиттік жүйесі енгізіледі, ол оқитындардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын, ұтқырлығын, бакалаврлардың, магистранттардың және докторанттардың академиялық еркіндігінің үлкен дәрежесін қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігінде танылуына әсер етеді.
Бакалавриаттың алғашқы екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұны мейлінше біріздендіріледі, ал бакалавриаттың келесі курстарында даярлық базалық пәндер бойынша жүзеге асырылатын болады. Жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі шеңберінде бейінді даярлық іске асырылатын болады.
Бакалавриатта оқытудың нормативтік мерзімі, медицина және зооветеринар мамандықтарынан басқа, барлық мамандықтар бойынша 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесі берілетін қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.
Одан кейін бакалаврдың 1-2 жылдық магистратурада білімін жалғастыруға мүмкіндігі болады \21\.
Достарыңызбен бөлісу: |