Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Білім беруді ақпараттандыру



бет27/31
Дата28.09.2022
өлшемі0.63 Mb.
#461498
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Дип.-БІЛІМ-БЕРУ-МАЗМҰНЫНА-ҚОЙЫЛАТЫН-ТАЛАПТАР

Білім беруді ақпараттандыру. Ақпараттандыру блогын іске асырудың негізгі бағыттары:
АКТ-ны оқу процесіне енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;
орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу;
білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу;
өңірлерде білім беру ақпараттық ресурстар орталықтарын және министрліктің білім беру порталын құру;
орта білім беру ұйымдарын білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы негізінде порталды және өңірлердің ресурстар орталықтарын біріктіру;
білім беру ұйымдарының мониторинг, талдау және басқару ақпараттық жүйесін енгізу.
Аталған бағыттарды іске асыру оқу процесіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және білім беру жай-күйінің мониторингі мен оны талдаудың дәйекті деректері негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді \22\.


2.3. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі

Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнің (бұдан әрi – БСБҰЖ) міндеттерін iске асыру үшiн:


білім беру сапасын институционалдық бағалау оның барлық деңгейлері бойынша жүзеге асырылады;
бiлiм беру сапасын, оқитындардың оқудағы жетістіктерін iшкi және сыртқы бағалау рәсiмдері енгізіледі;
білім беру индикаторларының жүйесі әзірленеді;
оқитындардың оқудағы жетiстiктерінің деңгейiн анықтайтын стандартталған бағалау құралдары мен аспаптары жетілдіріледі;
бiлiм беру сапасын бағалауды жүзеге асыратын инфрақұрылым құрылады;
білім беру ұйымдарының басшы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары көтеріледі.
Бiлiм беру ұйымдарын сыртқы бағалау үшiн лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, дәрежелеу, орталықтандырылған тестiлеу және тікелей мониторингтік зерттеулер рәсімдері көзделеді.
Iшкi бағалау өзiн-өзi бағалау (өзiн-өзi аттестаттау), үлгерiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, оқитындардың оқудағы жетiстiктерiн бағалау нысанында көзделеді.
Оқитындарды орталықтандырылған тестiлеу бiлiм берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттiк жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзiрленетiн стандартталған тапсырмалардың базасында өткiзiлетiн болады.
Оқитындардың оқудағы жетiстiктерiн орталықтандырылған тестiлеу нысанында мемлекеттiк бақылау жалпы орта бiлiм берудің әрбiр сатысын (4 сынып, 9 (10) сынып, 11 (12) сыныптар) аяқтағанда, колледждер мен жоғары оқу орындарының бiтiрушi курстарында өткiзiлетiн болады \25\.
БСБҰЖ-ның жұмыс істеуіне тиісті инфрақұрылым қолдау көрсететін болады.
Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығы (БТМСҰО) оқитындардың оқудағы жетiстiктерiн барлық бiлiм беру деңгейлерi мен сатыларында орталықтандырылған тестiлеу нысанында сыртқы бағалауды жүргізеді, әдiснамалық, технологиялық, техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етедi, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын және бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады, бiлiм беру стандарттарының мазмұнын әзiрлеу үшiн ғылыми, әдiснамалық және әдістемелік база құрады.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы (БСБҰО) бiлiм беру жүйесi жай-күйiнiң мониторингiн жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында бiлiм беру саласын дамыту стратегиясын әзiрлеуге қатысады, сапаны талдауды және бағалауды жүзеге асыру үшiн статистикалық дерекқор жасайды, ақпараттық ресурстарды бiлiм беру саласының бiрыңғай мониторингі жүйесiне бiрiктiредi және Қазақстан Республикасында бiлiм берудің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындайды \22\.
Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеуді және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізеді, сапаны бағалауды Болон процесiнiң шарттарымен үйлестіру үшiн аккредиттеудiң келiсiлген өлшемдері мен рәсiмдерiн әзiрлейдi, шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификаттау рәсiмдерiн жүзеге асырады, сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық бағдарламаларға қатысады.
Сертификаттау, сапа менеджменті және консалтинг орталығы (ССМКО) 9000 және 14000 сериялы ISO стандарттарының негiзiнде сапа менеджментi жүйелерiн жоғары оқу орындарына енгiзуді және сертификаттауды, сапа менеджментi саласында оқу-әдiстемелiк және нормативтiк құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады \21\.
Республикалық біліктілікті беру және қуаттау орталығы (РББҚО) жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегі мамандарының кәсiби даярлығын, олардың бiлiктiлiгін беру және қуаттауды бағалауды тәуелсіз жүргiзеді.
Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.
Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.
Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.
Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:
- Педагогтар бiлiктiлiгiн жетiлдiре отырып мектептi басқарудағы
басымдылықтарды анықтау;
- өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;
- басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.
Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.
Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.
Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi \28\.
Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:

        • Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;

  • Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;

  • Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.
Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру
Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.
Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет.
Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.
Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттық меәениет негiздерi" пәнiн енгiзу мынадай мақсаттарды көздейдi:

  • сезiмдi ынталандыру;

  • бiлiм, бiлiк дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

  • жауaпкершiлiгi мен мiндеттерiн қалыптастыру:

  • есеп пен талдау жасау дaғдыларын үйрету;

  • логикалық және ақпараттық ойлау қабiлеттерiн дамыту.

Сезiмдi ынталандыру деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет