Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру



бет26/31
Дата28.09.2022
өлшемі0.63 Mb.
#461498
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Дип.-БІЛІМ-БЕРУ-МАЗМҰНЫНА-ҚОЙЫЛАТЫН-ТАЛАПТАР

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратурада дайындық екi бағытта жүргiзiледi:
бейіндік тереңдетiлген даярлық;
ғылыми-педагогикалық даярлық.
Магистратураның бiлiм беру бағдарламалары іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетілген зерделеуді көздейдi.
Магистратурада мамандар даярлауға бөлінетін қаражаттың көлемін едәуір ұлғайту, сондай-ақ олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет.
Магистратураны бiтiрушiлерге “магистр” академиялық дәрежесi берiледi. Магистрлердің докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналысуға құқығы бар.
Докторантура жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы бiлiм беру деңгейi болады.
Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жыл.
Докторантура бағдарламасын игерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға философия докторы (Ph.D) академиялық дәрежесi, бейіндік докторантураны игерген кезде – бейіні бойынша (медицина, музыка, бiлiм беру, құқық және т.б.) доктор дәрежесi берiледi.
Ph.D докторантурасына аспирантура, адъюнктура, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру, дәстүрлi докторантура және ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлаудың барлық басқа да нысандары қамтылады \15\.
Докторлық бағдарламалар оқу мен зерттеу қызметi арасындағы оңтайлы теңдестікті, кең ауқымды ғылыми, білім беру және әдiснамалық даярлық алуды, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердiң академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етеді.
Бiлiм мен ғылымның ықпалдасуы мынадай бағыттарда жалғастырылады:
ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;
жоғары оқу орындарында оқу-ғылыми ұйымдарын, ғылыми зертханаларды және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орындары кафедраларының филиалдарын, технопарктерді құру;
ғылыми бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерді бiрлесіп жүргiзуі.
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру. Педагог кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгін арттыру және қайта даярлау саласында:
жетекші университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрі дамыту;
педагог мамандықтарының білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, білім берудің вариативтік (өзгермелі) үлгілерін жасау;
педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгiзу;
екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның iшiнде мемлекеттiк тіл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;
болашақ мұғалімдер үшін олардың даярлық деңгейін тәуелсіз кәсіби бағалаумен қоса үш айдан бір жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;
12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
педагогтерді және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;
педагогтердің еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілікті жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;
бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру;
білім беру ұйымдары басшыларын білім берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру;
жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негізінде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау көзделеді.\22\
Мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагог кадрларды даярлау кезінде қосымша мамандандыру мүмкіндігі көзделетін болады: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жөніндегі педагогика-психология, мектепке дейінгі білім беру менеджменті, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шетел тілі, қосымша білім беру педагогикасы.
Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады \19\.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет