Тарау. ХХ бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан облысында білім және мәдениет ошақтары



бет8/9
Дата20.05.2022
өлшемі117.21 Kb.
#458304
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ДР Болтекова

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістері кезінде, сапалы білімнің реформасын тек қана толығымен өңделген стратегия арқылы жүзеге асыруға болатынын түсіну нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі едәуір жетістіктерге қол жеткізіп, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасатынына көз жеткізуге болады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер келесі жағдайлар орындалса: үкіметтің білім беру саясатында орнатқан барлық бағдарламалары білім беру жүйесінің аясында жинақталған әлем тәжірибесінің мүмкіндігіне негізделіп жасалуы қажет. Ұлттық білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісін кешуде.


1991 жылы КСРО ыдырап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған соң, отан тарихының жаңа парақтары ашылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бергі кезеңде өзінің мемлекеттілігін қалыптастырып, әртүрлі салада негізгі басым бағыттарын айқындады. Ғылым, білім, өнер саласы дамуының жаңа кезеңі басталды.
Кеңестік қоғамда интеллигенцияның қалыптасуының басты қайнар көздері – жоғары оқу орындары болды. Дегенмен, ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарына дейін ұлттық маман даярлау мәселесі күрделі қарама-қайшы үрдісте жүргізілді. Мәселен, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің ішінде қазақ балаларының үлесінің аз болуы басты мәселелердің бірі болды. Зерттеу жұмысын жүргізе отырып, оған негіз болған бірнеше себептерді анықтадық.
Біріншіден, соғыстан кейінгі жылдары қазақ жастарын институттар мен техникумдарға тарту жұмыстарының нашар жүргізілуі;
екіншіден, оқу орындарында сабақтақтардың орыс тілінде жүргізілуі;
үшіншіден, болашақ мамандардың біліктілігін арттыратын оқу орындарындағы профессор оқытушылар құрамының біліктілік деңгейінің сай келмеуі.
Төртіншіден, кеңестік қоғамда Қазақстанда интеллигенцияның қалыптасу ерекшеліктерінің бірі күрделі өндіріс орындарына, яғни жеңіл және ауыр өнеркәсіпке басты назар аударғандықтан оларды даярлайтын мамандар оқыту күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Дегенмен жұмысшыларды даярлауға интеллигенция өкілдерінен гөрі практикалық тәжірибелік бағытына көңіл бөлініп жергілікті жерлердегі мамандарға жүктелді. Бұл инттелигенттік ортаның арасында білімді, ғылымды аса қажет етпейтін мамандардың көбеюіне алып келді.
Бесіншіден, Батыс Қазақстан интеллигенциясының сандық және сапалық құрамы мәселесіне қатысты зерттеулер жүргізе отырып, әр сала бойынша маманданған қызметкерлердің арасында жыл сайын дипломдалған мамандар қатары артып отырғанын анықтадық. Дегенмен, интеллигенция өкілдерінің сандық көрсеткіші сапасына сай келмегенін көріп отырмыз. Себебі, өндірістік орындарда жоғары білімді мамандар қарапайым жұмысшылардың санатында қызмет етті. Нәтижесінде, мұндай тенденциялар интеллектуалды кадрларды тиімсіз қолдануға алып келіп, қоғамдық еңбек бөлінісін ұйымдастыруда кедергі келтірді.
Тәуелсіздік жылдарында ұлт интеллигенциясының дамуының жаңа кезеңі басталды. Жалпы, ұллтық интеллигенция қалыптастыру бірнеше жолдар арқылы жүргізілгенін байқауымызға болады. Бірінші жолы – кеңестік кезеңде қалыптасқан интеллигенция өкілдерін қолдау, олардың әлеуетін арттыру, екінші жолы – потенциалы жоғары жастарды қолдау, білім-ғылымды игеруге мүмкіндік жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет