Кесте 5. оқушылардың Отан сүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандығы деңгейлерінің сипаттамасы (когнитивтік компонент бойынша).
Деңгейлер
|
Деңгейлердің сипаттамасы
|
І (төменгі деңгей)
|
оқушы қазақстанның патритизімінің мәнін, оның маңызын, қызметін түсінбейді. Қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды. Қазақ халқының, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлері туралы кейбір сұрақтарға ғана жауап бере алады; ҚР саяси рәміздерінің мағынасын түсіндіріп бере алмайды; Қазақстанның даму стратегиясы және тактикасы туралы білімдері өте аз; кәсіптік білімнің патротық маңыздылығын жақсы түсінбейді; үздіксіз білім алуының қажеттілігін, өзіндік білім алу тәсілдерін білмейді; Қоғам белсенді позицияның патриоттық маңыздылығын түсінбейді; жоғары мектепте сапалы білім алудың патриоттық ролін ұқпаған.
|
ІІ
(орта деңгей)
|
оқушы Қазақстанның патриотизмнің мәнін, оның маңызы мен қызметін жалпы дұрыс түсінеді; бірақ қойылған сұрақтарға жауап беруде қателіктерге жол береді. Қазақ халқының және республиканың басқа халықтарының тілі, мәдениеті тарихы, салт-дәстүрлері туралы білімдері бар, бірақ олар туралы сұрақтарға жауап беруде қателіктерге жол қояды: ҚР саяси рәміздерін түсіндіре алады: Қазақстанның даму стратегиясы және тактикасы туралы мәліметтерді бағыттаушы сұрақтар қойылғанда ғана түсіндіре алады; кәсіптік білімнің патриоттық маңызын дұрыс түсінеді; өзінің бәсекеге қабілетті, жаңа формация маманы болып қалыптасуы қажеттігін, оған қол жеткізу әдіс-тәсілдерін айтарлықтай біледі; қоғамдық белсенді позицияның патриоттық маңыздылығын дұрыс сезінеді; жоғары мектепте сапалы білім алудың патриоттық ролін түсінеді, бірақ дәлелдей алмайды.
|
ІІІ
(жоғары деңгей)
|
оқушытің Қазақстанның патриотизм туралы білімдері жеткілікті; ҚР даму стратегиясы мен тактикасын жақсы түсінеді; кәсіптік білімдерді терең меңгерудің патроттық маңыздылығын дұрыс бағалайды; өзінің бәкеге қабілетті, жаңа формация маманы болып қалыптасуының тиімді жолдарын анық біледі; кәсіби жетілдіру әдіс-тәсілдерін нақты көрсете алады; жоғары мектепте сапалы білім алудың патриоттық ролін дұрыс бағалайды.
|
Жоғарыда ажырытылған оқушылардың патиоттық сезімдерін қалыптастырудың мінездік компоненті критерийлеріне және ықтималды үш деңгейлеріне сәйкес, Отансүйгіштік сезімдерін мінездік бөлігін қалыптасқандық деңгейлерінің мынадай сипаттамасын береміз (Кесте 6).
Достарыңызбен бөлісу: |