Тарау. Жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері


Оқыту үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің



бет11/35
Дата02.01.2022
өлшемі0.69 Mb.
#453285
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру

1.3. Оқыту үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің

теориялық моделі
Мектептің оқушыларін патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай – күйін зерттеу барысында оның әдісі , тәсілі мен формаларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екендігіне көзіміз жетті. Бірақ, оның мазмұны кеңес дәурінде сол кездегі идеологияға қызмет еткендіктен, сыңар жақты болғаны да айқындала түседі , өйткені онда ұлттық патриотизм ескерілмей қалған. Сол себепті « ұлттық патриотизм », « ұлттық сана » деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген [99, 19-20].

Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып

алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым – қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болган тың ұғымдарды айқындап , оларға анықтама беру қажеттігі туындайды. Өйткені, ұғымдар арқылы оқушылар санасында білім қалыптасып , ол өз кезеңде оның іс - әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: «ұлттық патриотизм » және

«қазақстандық патриотизм ». Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстардың

жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданады.

Ұғымдар негізінде пікір, ой тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жасалады. Бұл жерде «ұлттық патриотизм» және «қазақстандақ патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз – бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну.

Сөйтіп, «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт – дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын – жазушылардың ой – пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр [99; 100; 101; 116; 117].

Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген отансүйгіштілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б.қарамастан әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін – «Отаным» деп таныу, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Қазақстан егемендік алғаннан кейін мерзімді басылымдарда «қазақстандық патриотизм» және « ұлттық патриотизм » жайлы сұрақтар жарияланып, оған көптеген белгілі ғалымдар, ақын – жазушылар өз

пікірлерін білдірген болатын. Сол пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар мен философ – психологтердің пікірлерін зерттей келе біз бір

кездегі «Советтік патриотизм» ұғымы «қазақстандық патриотизм» болуы керек деп түйдық. Оның туындап, қалыптасып, тәлім – тәрбие айланыма енуі өз қолымызда. Берілген сұрақтар бізге патриот адамдардың мінез –

құлық , іс-әрекеті, ой – сана сезімдерінің белгілеріне қарап оған сипаттама беруге көмектеседі. Бұл өз ретінде жас буындардың көз алдына нақты мысалдарды көлденең тарту арқылы өнеге көрсетуге шарт түзеді.

Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъект қажеттігі және сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі – қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-түрткісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай талғаныстардың пайда болуы аса қажетсіну қажет. Көңіл-күй серпінісі қажеттілікпен үйлесе келе, іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады және бағыт – бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай сезімдер іс-әрекетпен сәйкестікке түседі [99, 13].

Екінші эмоциялық құбылыстар тобына-жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді болған жағдайларға, жетіскен нәтижелерге немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға субъектінің қатынасын сипаттайды.

Күшті сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әртүрлі халықтарда әр түрлі кезеңдерде мән-мағынасы мен көріну формасын ауыстырып отырған. Түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың ұқсас, тіпті оқиғаның өзіне жасаған қатынасы бірін-бірі қайталамайды. Сезім қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элементтердің түбірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан, бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу-өрбу шыңына жету, екінші жағынан, әр түрлі толғаныстар түйдегінен түзілген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Олардың қатарында адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін білдіретін-адамгершілік моральдық сезімдер .

Адамгершілік сезімдерінің адам өміріндегі орны туралы К.Д.Ушинский «Біздің өзімізді, біздің дүниеге қалыптасуымызды біздің сөзіміз де, ойымыз да, тіпті қылығымыз да сезімдей анық және дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдеріміз де жеке ой ғана, шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады»,- деп дәл сипаттама берген [62, 30].

Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізі – белгілі бір қоғамдық – экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына, елдік қасиеттеріне, Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуінде жатыр.

Елдік қасиеттер аспатдан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топрақпен, ана сүтімен ұйыған елжандылық арнасында өскен ортасы мен азаматы ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де, текті дүністаным негізінде ғана бітеді. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу» - деп маңызды міндеттердің бірі ретінде алға тартуының сырын содан іздеген жөн [4, 18].

Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сіңіруге тырысқан. Мұны ең алдымен туған жер, атамекен, ел, жұрт деген ұғымдармен барынша кеңінен байланыстырған. Сондақтан да болар, соншама кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін атамекен ұғымы- әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкрегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Патриоттық сезім тұлғаның тектілігінен туындайды. Ол тәрбие арқылы өзін, жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Ұлттық патриотизмді ұлт және патриотизм туралы екі ұғымның жадағай қосындысы деп қарауға болмайды. Ғалымдар «ұлттық патриотизм – қанмен, тектілікпен туа біткен қасиеттерді тәрбие арқылы бекіп, нығаюы , елін, жерін, шексіз сүйіп соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау» деп көрсетеді [101, 16].

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің (патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз .Бүгінгі күні егеменді ел болып қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаматтық көтерілісін алып қарасақ ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін , Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған.

жалпы орта мектептерде оқушыларде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруда оқу процесінің мүмкіндіктері мынандай факторлармен белгіленеді :

- оқу пәндерінің мазмұны ;

- оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерінің оқушыларге патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері;

- жоғары оқу орны оқытушысының тұлғасы [118, 22 ].

Жоғары мектепте қоғамдық пәндердің оқушыларде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудағы мүмкіндіктері мол. Өйткені бұл пәндерді оқыту көлемінде оқушыларды патриоттық тәрбиенің негізгі ұғымдары мен таныстыруға оларды отансүйгіштік мен байланысты идеялармен қаруландыруға мүмкіндік пайда болады [100; 101; 118]. Мысалы, «Қазақстан тарихы» курсы оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру мен бірге оларды откен тарих, бүгінгі тарих, мемлекетті нығайту, қоғамдық мемлекеттік қауыпсыздық, мемлекеттің болашағы сияқты патриотизммен тікелей байланысты мәселелер мен таныстырады.

Кәсіптік – арнаулы пәндер оқушылардың болашақ кәсіпкер маман ретінде қалыптасуының негізін қалайды. Сондай – ақ бұл пәндер оқушыларды олардың болашақтағы кәсіп саласының негізгі проблемаларымен таныстырады, оларды бұл мәселелерді шешуге бағыттайды. оқушы өз мамандығына сәйкес ғылым және өндіріс салалары бойынша отандық жетістіктермен танысады. Бұл жетістіктерге мақтаныш сезімі қалыптасады. Өзінің болашақта сол сала дамуына , оны нығайтуға үлес қосуға борышты екендігін түсінеді [100; 120].

оқушыларде патриоттық сезімдерді қалыптастыруда тәрбиелеуші оқыту принципині іске асыру жақсы нәтіжелер береді. Оқыту үрдісінде оқыту әдістеремен тәрбие әдістерін ұштастыру арқылы дидактикалық процестің тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады. Мысалы, түсіндіру, әңгімелесу, пікір талас, сендіру, мадақтау, үлгі - өнеге көрсету, педагогикалық ситуациялардан пайдалану, жаттығу т.б. әдістер оқушыларде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру мақсатына

пайдалану мүмкін.

Қазіргі қазақ қоғамында өмір бірте-бірте күрделене түсуде. Осыған байланысты бұл процестердің субъектісі ретінде әрбір адамның, әлеуметтік қауымдастық пен топтардың рөлі артып, жауапкершілігі күшейе түсуі тиіс. Бұл ретте тәрбие қызметінің мән-маңызы одан сайын артып, басымдылыққа ие болады. Өміріміздің барлық салаларындағы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, саяси, әскери салалардағы міндеттерді шешудің тиімділігі мен сапасы көбіне-көп тәрбие жұмысының идеалдары мен мәнін дұрыс түсініп, оның заңдарын сақтай білуге байланысты. Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, оларды азаматтық белсенділікке баулу осы процестің түпкі мәнінен туындайды. Егемен еліміздің әлеуметтік даму жолының жалпы бағытына сәйкес болу үшін тәрбие идеологиясы қандай мазмұнда болу керек. Бұл сұрақтың шешімі осы ғасырда табылуы тиіс деп ойлаймыз. Сондықтан педагогтар үшін аса маңызды және кейінге қалдыруға болмайтын мәселелерге назар аударғымыз келеді. Сөз жас ұрпақтың бойында патриотизм, Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілік, мемлекетті қадірлеп-қастерлеу сезімі сияқты маңызды құныдылықтарды қалыптастырып, дамыту туралы болмақ.

Назар аударатын бір жайт, патриоттық тәрбиенің рөлі мен мән-маңызы интернационалдық тәрбиеге, шындығына келгенде космополиттік көзқарасқа сәйкес ұзақ уақыт бойы барынша төмендетілумен болды. Ал оны дамытуға бағытталған іс-шаралар соңғы жылдарда қарқынды сынға ұшырады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, өнер туындыларында, басқа да ғылыми жарияланымдарда жаппай сынап-мінелді. Бұның бәрі осы уақытқа дейін патриоттық тәрбиені ұйымдастыру мен жүргізуде жинақталған тәжірибені ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның азаматы, патриоты тұлғасын қалыптастыру мен дамыту идеясының маңызын белгілі бір деңгейде төмендетіп жіберді. Бүгінде бұл идеяны жүзеге асырудың күрделілігі, оның іс жүзінде шешімін таппауы, аяқсыз қалуы одан сайын айқындалып, белгілі болып отыр. Бұл олқылықтардың себебін Отанымызды қайта өркендету мен оның болашақ қорғаушыларын тәрбиелеуге қатысты ғылыми тұжырымның жоқтығынан іздеген жөн.

Қазақстанда болып жатқан өзгерістер, бұрынғы идеологиялық бағдарларды жаңа, алайда әлі де айқын емес көзқараспен алмасуы патриоттық тәрбиенің мәнін, оның қоғамдық өмірдегі орнын, жастарды Отанына қызмет ету, соның ішінде әскери қызмет атқару мінедетіне дайын болуға тәрбиелеу ісінің рөлін қайта қарап, ой елегінен өткізуді қажет етеді. Бүгінде қоғамымызда аса маңызды рухани адамгершілік және әлеуметтік құндылық ретінде шынайы патриоттық сезімін қайта жаңғырту, жас адамның бойында азаматтық белсенділікті, әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болып отыр. Бұл қасиеттерді жастар қоғамдағы жасампаздық үрдістерді ілгері апаруда, оның негізін нығайту мен жетілдіруде, еліміздің шебін қорғауға байланысты қызметтерде көрсетіп, іске

асырады.

Осы мақсатқа жету бірқатар міндеттерді шешуді талап етеді. Бұл жерде әңгіме, ең алдымен, жастардың философиялық-дүниетанымдық көзқарасын орнықтыру, оларға өмірдің мәнін айқындауда көмек көрсету, сана-сезімін қалыптастыру, заңды, ұжымдық өмір нормаларын құрметтеуге тәрбиелеу, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін дамыту жөнінде болып отыр. Адам бойындағы мұндай қасиеттер өз Отанының әл-ауқаты мен оның іргесінің берік болуын қорғаныс қабілетін арттыруға қамқорлық танытудан көрінеді. Патриоттық тәрбиенің бүгінгі міндеті оның тиімділігін арттыру, әсіресе, оны жастарды жоғары азаматтық және әлеуметтік белсенділік рухында тәрбиелеуді мақсатты түрде жолға қою арқылы арттыру болып табылады [119; 120; 121].

Бұл міндеттерді орындау мынадай шарттарды сақтағанда ғана мүмкін болады: 1) жастарды әлеуметтік, мәдени, рухани, адамгершілік, дене тәрбиесі тұрғысынан дамытуға мүмкіндік туғызуда мемлекеттік саясат жүргізу; 2) жастарды толық түрде әлеуметтендіруге мүмкіндік туғызу, оларды әлеуметтік-экономикалық, мәдени, ғылыми, экологиялық және басқа проблемаларды шешуге белсенді қатыстыру; 3) қоғамда жастардың санасында ұлттық-патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, халқымыздың мәдениеті мен тарихи мұраларына, елімізде мекендейтін ұлттар мен олардың діни сеніміне, дәстүрлеріне құрмет сезімін орнықтыру; 4) мемлекеттік қызметтің, әсіресе, әскери қызметтің мәртебесін арттыру.

Патриоттық тәрбие жүйесін, оның қызметін ұйымдастыру, тиімділігін және соңғы нәтижесін бақылауды қамтамасыз ететін негізгі институт Қазақстан мемлекеті болуы тиіс. Институттық емес деңгейде мұндай тәрбие жастарды түрлі қозғалыстар, акциядар, бастамалар, шаралар шеңберіндегі патриоттық және әскери-патриоттық бағыттағы түрлі ұйымдардың жұмысына қатыстыру арқылы жүзеге асады. Біздің пайымдауымызша, патриоттық тәрбие жүйесі былай жүзеге асырылуы керек: жалпыға бірдей орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында ер балаларға қорғаныстық-спорттық сауықтыру лагерьлері немесе оқу-дала жиындары, сонымен қатар жергілікті жағдайға және оқу орнының типіне байланысты басқа да формалар арқылы бастауыш әскери білім беру, мәселен, әскери ойын түріндегі екі жақты тактикалық оқу, ұзақ мерзімді жорық және т.б. Бұдан кейін әскери мамандарын даярлаудағы жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қызметін атауға болады. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, Қазақстан Қарулы күштері, тиісті азаматтық қорғаныс құрылымдары, Спорт істері жөніндегі мемлекеттік комитет; Денсаулық сақтау министрлігі, кейібір жастар бірлестіктері мен ұйымдары, т.б. жүргізген бұқаралық патриоттық жұмыстар да аса маңызға ие. Олардың міндеті – патриоттық және әскери-патриоттық, мәдени-тарихи және әскери-тарихи, әскери-техникалық және спорт клубтары мен бірлестіктерін, арнайы мектептер, түрлі үйірмелер, спрот секцияларын құру; клубтарда,

мектептерде , болашақ жауынгер оқу пункттерінде сабақтар ұйымдастыру болып табылады. Бұл істе бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар да зор рөл атқарады, олар ұлттық-патриоттық тәрбие беру проблемаларын Отанымыздың іргесін нығайту рухында шешіп, зерттеп бейнелуі тиіс [122, 30].

Егер әлеуметтік және мемлекеттік институттар, қоғамдық қозғалыстар және азаматтық бірлестіктердің нақты мүмкіндіктерін ескерсек, Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие беру мәселесін оңтайландыру шарттары қалай жүзеге аспақ? Біздің ойымызша, жүйелі түрде топтастырылған бұл шарттардың негізгі ғылыми-практикалық мазмұнын былайша тұжырымдауға болады:

1. Патриоттық тәрбиені институттық және ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету, жастардың сана-сезімінде аса маңызды құндылықтардың бірі ретінде патриотизмді орнықтыру. Мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүддесімен тығыз байланыстыра отырып, патриоттық идеяларды қайта жаңғырту және нақты толықтыру. Патриоттық тәрбиені бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді насихаттау, мұнымен қоса қалыптасып қалған келеңсіз жағдайларды жою. Жекелеген мемлекет және қоғам қайраткерлері тарапынан патриоттық идеяларды жоққа шығару пиғылдарына қарсы әрекет ету. Тиісті әлеуметтік және мемлекеттік институттардың, әсіресе қарулы күш министрліктерінің белсенді қатысуы арқылы жастарды барлық деңгейде тәрбиелеу процесінде оңтайлы мүмкіндіктерді шығармашылықпен мақсатты түрде пайдалана білу.

2. Патриоттық тәрбиенің нормативті-құқықтық негіздерін құру. Әрбір мекеме, ұйымның ерекшілігін ескере отырып, патриоттық тәрбие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде олардың рөлін, орнын, әлеуметтік-құқықтық статусын анықтау. Әлеуметтік маңызды қызметтің бұл саласындағы субъектілердің өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің нормативті-құқықтық механизмін дайындау.

3. Патриоттық тәрбиенің ғылыми-теориялық негізін жасап, әзірлеу. Мәдени-тарихи, әскери-тарихи, рухани-адамгершілік, идеологиялық және басқа да компоненттерді, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, қазіргі әскери ой-пікілерді енгізу арқылы оның мазмұнын негіздеу және байыту.

4. Патриоттық тәрбие беруді педагогикалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету. Министрліктер және ведомстволар, қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын жастарға патриоттық тәрбие беру формалары мен әдістерін дамыту және жетілдіру. Қазіргі міндеттерді тиімді және жоғары сапалы деңгейде шеше алатын педагог кадрларды даярлауда Қазақстанның нақты өміріне сай жаңа жаңа жүйе ұйымдастыру. Отанға қызмет етуге байланысты тереңдетілген кейбір кәсіби даярлық бойынша жалпы білім беретін ашық типтегі оқу орындарын құру.

5. Қазақстан аймақтарында жастарға патриоттық тәрбие берудегі негізгі бағыттарды жүзеге асыру модельдерін жасап, әзірлеу; оны еліміздің бірқатар

облыстарында тәжірибеде қолданып көру. Негізгі патриоттық одақтар, бірлестіктер, орталықтар, діни ұйымдар өкілдерінің ғылыми-практикалық конференцияларын, сонымен қатар жақын және алыс шетел мемлекеттерімен бірлесе отырып халықаралық конференциялар өткізу.

6. Қазақстанның барлық деңгейінде ведомстволық және ведомостворалық тиісті арнайы құрылымдар қалыптастыру. Олардың мақсаты өзара мүдделі қарым-қатынас принципіне орай субъектілер арасындағы өзара әрекеттестікті жолға қою болып табылады. Олардың білім беру, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамның әскери ұйымдары, мемлекеттік құрылымдардың басқа да элементтерімен, әлеуметтік институттармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

7. Патриоттық тәрбие беруді қаржылық-экономикалық жағынан қамтамасыз ету. Арнайы «Қазақстан патриоты» қорын құру және мемлекеттік, ведомстволық және жеке ұйымдар қаржылары есебінен қаржылық көмек көрсету. Тиісті жобаларды іске асыруда қажетті экономикалық және қаржылық көмек көрсету үшін өндірістік, сауда, коммерциялық және басқа да кәсіпкерлік құрылымдарды тарту.

Жастарға патриоттық тәрбие беру қызметін оңтайлы жүргізуде осындай жағдайлар туғызу түбегейлі жаңа шешімдерді іздестіруді қажет етеді. Нақтылай айтсақ, теориялық-зерттеушілік және практикалық тұрғыдағы өзара байланысты міндеттер кешенін жан-жақты, ұзақ мерзім барысында түпкілікті шешу қажеттігі туралы сөз болып отыр. Бұл айрықша талқылап, талдауды қажет ететін тақырып.

Жастардың жоғары рухани байлығы, белсенді азаматтық позициясы, патриоттық сезімі Қазақстанның жаңғырып өркендеуіне, оның қазіргі қиыншылықтарын жоюдағы міндеттерді шешуіне мейлінше мүмкіндік береді. Патриоттық тұрғыда тәрбиеленген жастар арқылы бүгінгі қоғамымыз аса құнды жасампаздық әлеуетке ие болары сөзсіз. Бұл ең алдымен жастардың Қазақстанның болашағына деген жауапкершілікті өз мойнына алуға әзірлігімен айқындалады. Жас ұрпаққа Қазақ мемлекетінің өткені мен бүгінгі тағылымдары рухында қоғамдық-патриоттық тәрбие беру идеясын жақтаушылардың қатары көбейгені, пайдалы, бастамашыл және қайырымды істер күннен-күнге қанатын жайып келе жатқаны анық. Қоғамымызда болып жатқан көптеген фактілер бұған айқын дәлел бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет