Тарау. Жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері


Оқыту үрдісінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін



бет13/35
Дата02.01.2022
өлшемі0.69 Mb.
#453285
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру

2.2 Оқыту үрдісінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін

қалыптастыру технологиясы
ХХ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы [87, 96].

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін маманда қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр.

Жоғары оқу орнына түскен кешегі талапкерлер оқушы болған соң, жоғарғы оқу орны шарттарына орай бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта мен жоғары оқу орындарындағы оқу және ғылыми ізденістер, болашақ кәсіби қызмет шарттарына дағдылану жағдайларын қамтиды.

Ұзақ жылдар бойы оқушылармен жұмыс жүргізу нәтижесі барысында бірінші курс стурденттерінің көпшілігі кітап, лекция конспектілерімен жұмыс істеу, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, пәндердің күрделілігін есепке ала отырып аудиториядан тыс орындалатын жұмыстарға берілетін уақытты тиімді пайдалана алмайтындығы анықталды. Осығар орай оқытушылардың басты мақсаты – бірінші курс оқушыларін жаңа жағдай шарттарына бағдарлануға тәрбиелеу, оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық сенімін ояту. Сонымен қатар ұйымдастырушының әдеттері мен іскерлігін дамытудың қалыптасуына, кәсіби білімді меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға ықпал ету [123, 100-102 ].

Кез-келген курс оқушыі өзінің жас ерекшілігі және дара ерекшілік қасиеттерінің дамуын бастан кешіреді. Осы ерекшіліктерді көп ғұламалар зерттеген. Солардың бірі Л.С. Выготский [125] болды. Ол дамудың өзара байланысқан екі өрісі – актуальды және іргелес өрісі болатынын дәлелдеді.

Актуальды даму өрісі адамның игеріп үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын әдіскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз – баланың ертеңгі күні. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек, әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез-келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал [125, 90].

Тақаудағы даму өрісі актуальды даму өрісімен өзара қызметтесе отырады. Адам оны біртіндеп игереді. Сөйтіп адам актуальды дамудың жаңа сатысына көтеріледі де тақаудағы дамуға жаңа өріс ашылады. Соңғысы жақындаған сайын алшақтай беретін көкжиекпен салыстыруға болады.

Алайда мұнда көкжиектің шексіз алыстай беруіне себеп болатын айырмашылық бар. Актуальды даму өрісі адамның жасы өскен сайын тақаудағы даму өрісіне жақындай түседі, яғни потенциалдық мүмкіндіктер өздерінің қалыптасуын тоқтатады.

Психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметі өрістеуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол, бірінші жағынан, өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы жалпы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезеңін дамудағы іс-әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту кезеңі деп айтуға болады. Адамның потенциалдық күштері неғұрлым жан-жақты, үйлесімді болса, келешекте (есейген кезде) оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады [126, 166-173].

Оқыту мен дамудың ара қатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. оқушытің әрбір пәннен меңгерген нәрсесі - оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту мен білім беру табыс әкелмейді, ол оқушытің ынтасын кері кетіреді. Оның дамуға деген функционалдық қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Үстіртін берілетін білім оны ынталандырмайды және ұзақ есте сақтау қабілеті мен дүниетанымын кеңейте алмайды.

Егер әрбір пәнді оқыту актуальды деңгейден озып, тақаудағы даму өрісіндегі күштерді қозғалысқа келтірсе ғана, ол жеделдете дату болады. Педагогикалық білім оқушы дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады. Л.С.Выготскийдің ойынша, бала өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейімделген тенденциялардың деңгейінде болады. Оның ертеңгі күнін дәл осы тенденциялар белгілейді. Бұл идеяны Л.С. Выготский одан әрі былай сабақтайды: «Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір-бірімен өте күрделі қарым-қатынаста ғана екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана жоғарғы жетістіктің нышаны» [125, 72]. Осыдан ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді. Оқыту тақау даму өрісін анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болмақ.

оқушы мәселені шешуге ынталанып, нақты бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.

Қорытындылай келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төменгі міндеттерді әрбір оқытушы орындау қажет:


  1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін

көрсете білу;

2. оқушытің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.

3. оқушытің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.

4. оқушытің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып, дүниетанымын кеңейту [126, 182-186].

Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, оқушыларды тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене алатын, Отанын сүйетін, нағыз патриот тұлға етіп даярлауға бағытталады.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің қорытындыларына сүйене отырып, біз мектептегі патриотизмге тәрбиелеу – оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шештік. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ [77; 78; 79; 80; 81].

Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің іс-тәжірибелерін зерттеушілер олардың әдістері, формалары мен мазмұнын анықтаған (С.Ешімханов, С.Иманбаева, Л.Сейдахметова, т.б.) ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, патриоттық тәрбиені қалыптастырудың төмендегідей бағыттарын белгіледік:

1. Патриоттық білім.

2. Патриоттық сана.

3. Патриоттық іс-әрекет [79; 81; 99].

Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке қойып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып отыр. Патриоттық білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Өйткені оқушылардың мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.

Әрбір оқушы білімді өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалық ақпараттардың ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл патриоттық білім үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін қажет.

Патриоттық білім – оқушылардың іс-әрекеті тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

Патриоттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу үлгісінің

қарқындығымен баяланысты [95, 233].

Ал «Ақпараттандыру – бұл адамзат өмірінің барлық жағына ақыл-ой, қызметтің интеллектілік құндылығы мен ықпал етушілік дәрежесінің артуына байланысты туатын объективтік үрдіс. Осыған орай білімді ақпараттандыру бүгінде оқушылардың жан-жақты дамуының басты шарты болып табылады» [127]. Бүгінгі таңда білімді ақпараттандыру нарықтық қарым-қатынас жағдайында оқушыларды өмірге жан-жақты даярлауды талап етеді.

Патриоттық білім - тұлғаны жан-жақты дамыту, патриоттық сана мен сезім қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырамыз. Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары:тұлға отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты нысанасы – Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімнің қайнар көзі болады. Ал Қазақстандық патриотизм дегеніміз - Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері, яғни қазақстандықтардың Отанымызға, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігі. Әрине, Отанды сүю - әркімнің сана-сезіміне байланысты, қасиетті сезім. «Бұл сезім әркімді, әр кезеңде (әр түрлі жаста)» оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың әсерімен қалыптасады» деп көрсетеді Л.Т.Сейдахметова [99, 21].

Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм – тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді.

Баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл-Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ «қазақстандық патриотизмді» еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану – қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті [128; 129].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет