Тарау. Жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері


Патриоттық сезімді қалыптастырудың жолдары



бет14/35
Дата02.01.2022
өлшемі0.69 Mb.
#453285
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру

Патриоттық сезімді қалыптастырудың жолдары


Патриоттық сезімді қалыптастыру





Патриоттық білім



Патриоттық сана

Патриоттық іс-әрекет




Оқу пәндеріндегі білімдерді, іскерлік пен дағдыларды жүйелендіруге бағытталады.

оқушылардың әлеуметтік құнды Отан ұғымдарын қалыптастыруға бағытталады.

Отанын қорғауға, ерлік көрсетуге, қызмет етуге бағытталады.




Ұлтжанды, Отаншыл тұлға


Сурет – 2. Оқушылардың патриотттық сезімдерін қалыптастырудің функциональдық моделі
Патриоттық сана – сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

Қазіргі қоғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:

1. Оқушылардың сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілін меңгеру негізінде дамыту;

2. Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамдық қасиеттер жүйесін менгеру негізінде дамыту: яғни оқушылардың өз халқының тарихы мен мәдениеті дәстүрлерін үйрену, интеллектуалды және эмоционалды дамуы, сондай-ақ әлем халықтары мәдениетінің дамуындағы бір-біріне ықпалы туралы түсінігін қалыптастыру.

Жоғарғы оқу орынында патриоттық сананың негізгі жүйесін мына ретте қалыптастыруға болады:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрену;

2. Ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптарды дамыту;

3. Батыр қаһарман, елжанды азаматтардың ерлігін үлгі ете отырып, ұлтжанды, намысшыл, ұлттық тілді меңгерген, тарихын білетін патриот тұлға тәрбиелеу.

Мемлекетік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмірі тарихы, бүгінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт-бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жаупкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Сондай-ақ қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, еуразияшылдыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, жастарды ашық пікір таласқа, сөз бостандығына тәрбиелейді [130, 53].

Баланың әрбің даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болдады, мұндай ісәрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сипатталады.

Патриоттық іс-әрекет-тұлғаның мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үрдістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.

Қазіргі кезде өтпелі кезеңдегі халықтың әл – аухалының төмендеуінің салдарынан патриоттық сезім , рухани сананың төмендеуі

айқын байқалуда. Дегенмен бұл , өтпелі кезеңнің уақытша қиындықтары екендігін түсініп , болашақ ұрпақты өркениетті елдердегі ойлау мен рухани мәдениет деңгейіне сәйкестендіріп тәрбиелеу қажет [131; 132; 133].

Қазақстан гуманистік ойлау жүйесіне енді , олай болса , ол адами гуманистік мақсат – мүддеге қайшы келмеуі қажет. Бұл ретте Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілуі қажет. Осы жағдайларды ескере отырып , қазіргі тәрбие жүйесін мына ретте қарастыруға болады:

1. Жастарды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу , оны бүгінгі өмір талабына сай пайдалану.

2. Еліміздің жастарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Қазақ халқының озық гуманистык құндылықтары негізінде жалпы қазақстандық патриотизмге , отансүйгіштікке тәрбиелеу . Жастарды ашық пікірталасқа, сөз бостандығына тәрбиелеу.

Осы тәрбиені пайдалана отырып, жалпы орта мектептерде мынадай оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Олар: лекциялар, жарыстар, кездесулер, дөңгелек стол, пікір сайыс, ойындар т.б.

Сондай-ақ жалпы орта мектептерде патриоттық тәрбие беру бағытындағы оқу - тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері:

1. Оқушыларға қазақ халқының халықтық педагогикасы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік жасау.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету.

3. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін үйретуге, оны дамытуға ынталандыру.

4. Батыр бабалар дәстүрлерінше патриоттық, ерлік, қаһармандық рухында тәрбиелеу [101, 19-20].

Демек осылайша берілген білімдер жүйесінде оқушытің бойында мынандай патриоттық сезім қалыптасады:

- Қазақстан халқының тарихын білу.

- Қазақ тілін білу , онсыз халықты түсіну мүмкін емес.

- Салт – дәстүр , әдет – ғұрыпты білу.

Сонда ғана қазақстандық патриотизм қалыптасады. Қандай ұлтқа қарамастан әр бір қазақстандық Қазақстанды өзімнің Отаным деп түсінуі керек. Сол уақытта Отанына деген перзенттік мақтаныш сезім қалыптасып дамиды [109, 118; 119].

Осы сапаларды оқу – тәрбие барысында оқушы жастар бойына сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек.

Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық , жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық – педагогикалық үрдіс болып табылады.

Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық – адамгершілік , моральдық еріктілік , еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.

Патриоттық тәрбиеде қолданылатын іс - әрекет түрлері тәрбие процесінің нақты мазмұнын анықтайды.

Қазіргі кезеңде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып орыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңырып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

Қазір республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алады. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқу технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшелеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология-бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқу үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті»,-деп жазады. Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық – педагогикалық нұсқауларының жиыны. Оқыту таехнологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.

Зерттеу барысында оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру технологиясы жасалынды. Бұл тәрбиелеуші оқыту технологиясына сипаттама беруге әрекет жасадық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет