Тарау. Жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері


Кесте 9. Эксперименттің анықтау кезеңінде мінездік компонент бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандық деңгейлері



бет28/35
Дата02.01.2022
өлшемі0.69 Mb.
#453285
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру

Кесте 9. Эксперименттің анықтау кезеңінде мінездік компонент бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандық деңгейлері


Р\С

Деңгейлері

Бақылау тобы(N=68)

Эксперимент тобы(N=66)

1

І (төменгі деңгей)

50(73,6%)

52(78,8%)

2

ІІ (орта деңгей)

16(23,5%)

13(19,7%)

3

ІІІ (жоғары деңгей)

2(2,9%)

1(1,5%)

Жоғары берілген кестелерді талдау эксперимент басында оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің барлық компоненттері бойынша зерттелуші тұлғалық сапаның жеткіліксіз қалыптасқандығын көрсетеді. Мысалы, анықтау эксперименттерінің нәтижелері мінездік компонент бойынша отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандығы бақылау тобында барлығы 2,9% , ал эксперимент тобында 1,5% сыналушыларда жоғары сандық көрсеткіш бергендігін дәлелдейді. Екі топ оқушыларінің басында бөлігі (73,6 ) және 78,8%) төменгі деңгейде қалыптасқан отансүйгіштік сезімдерін көрсетті.

Анықтау кезеңінің нәтижелері оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру деңгейлері төмендігін, бұл бағытта арнайы, мақсаткер жұмыс ұйымдастырылуын талап ететіндігін көрсетті.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы кезеңінде зерттеу барысында жасалынған жоғары оқу орныныда ағылшын тілін оқыту процесінде оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастырудың технологиясын қолдауды көздеді. Атап айтқанда, қалыптастырушы эксперимент тілдік емес мамандықтар оқушыларіне ағылшын тілінен сабақ беру барысында болашық мамандарда Қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыруды көздеді. Ұсынылған технология жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың зерттеу барысында жасалынған теориялық үлгісі және оның тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарға негізделіп жасалынған.

Қазақстандық патротизмді тәрбиелеу технологиясы «Ағылшын тілі» сабақтары мазмұныныда оқушыларде қазақстандық патриотизм құндылықтарына оң мотивтерді қалыптастыруға, азаматтық-патриоттық білімдерді меңгеруге, мінез-құлқы мен іс-әрекетте белсенді азаматтық позициясын көрсетулеріне жағымды ықпал ететін арнайы материалдарды ендіруді көздейді (Қосымшалар Д және Е). Ұсынылып отырған технологияда оқыту үрдісінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың негізгі үш компоненттері (мотивациялық, когнитивтік және мінездік) көрініс табады.

"Ағылшын тілі" курсының тілдік емес мамандықтар үшін бағдарламасы мазмұнына қосымша ретінде кірітілген азаматтық-патриоттық материалдар мен қатар, ұсынылып отырған технология төмендегі педагогикалық іс-қимылдарды да кірістіреді:

- оқушылардың қазақстандық патротизм және дәстүрлеріне құндылық қатынастарын, қажеттіліктері мен мотивтерін қалыптастыру;

- оқушыларде азаматтық-патриоттық білімдерін қалыптастыру;

- оқушыларде оқуда, азаматтық позицияда, нақтылы іс-әрекетпен мінез-құлық практикалық іске асырылатын терең патриоттық сезімдерді қалыптастыру.

Эксперимент барысында ағылшын тілі сабақтарында оқушылар тарапынан азаматтық-патриоттық қосымша материалдардың меңгерілуі қазіргі жоғары оқу орындарындағы оқыту процесін ұйымдастыруда пайдаланылатын дидактикалық жұмыстың формалары мен әдіс-тәсілдерінен, әсіресе белсенді және интерактивтік оқыту әдістерінен тиімді пайдалау арқылы іске асырылды. Ағылшын тілі сабақтарының барлық кезеңдерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың топтық, жеке-дербес, жұп, ұжымдқ формаларынан пайдаланылады.

Сонымен қатар патриоттық мазмұндағы дебаттар, шығармалар жазу, рефераттар даярлау және қорғау, пікірталастар ұйымдастыру кеңінен қолданылады. оқушыларды әлеуметтік белсенді мінез-құлыққа қозғататын, олардың қарым-қатынас қабілеттерін және патриоттық сезімдерін дамытатын тәрбиелеуші жағдайларды қолдануға ерекше мән берілді.

оқушыларге ағылшын тілінде патриоттық мазмұндағы мәтіндер ұсынды. Мәселен, қазақ жерінің тарихы,Отаны мыздың ұлы тұлғалары, ата-тегіміздің қаһармандары, қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, егеменді Қазақстанның тәуелсіздік жыларындағы жетістіктері, ҚР әлемнің дамыған елу елдері қатарына кіруі стратегиялық мақсаттары туралы мәтіндер ұсынылды. Сонымен бірге оқушылардың өздеріне мерзімді басылымдардан азаматтық-патриоттық мазмұнда жазылған ең жақсы мақалаларды таңдау, оларды ағылшын тіліне аудару, немесе шет ел авторлары тарапынан даярланған Қазақстан туралы мақалаларды жинау тапсырылды.

Эксперименталдық әдістеме ..технология.. тиімділігі оқушылардың патриоттық сезімдерінің қалыптақандығын диагностикалаудың кешенді әдістерінен пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, анкеталау, тестілеу, бақылау жұмыстары, ауызша сынақтар, проблемалық жағдайларды шешу т.б. диагностикалық әдістер қолданылады.

Эксперименттік қалыптастырушы кезеңінде алынған мәліметтер барлық ажыратылған компоненттер бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандық деңгейлерінің эксперименттік топта едәуір жоғарыланғанын көрсетеді (кесте 10).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет