Таблица №6
|
2006 ж.
|
2005 ж.
|
+ / -
|
-
Кеден бекеттері
-
ӨББ (КПП)
|
7
33
|
7
33
|
-
-
|
Жеке құрамның саны
Бос лауазымдықтар
|
85
16
|
95
16
|
-10
-
|
Қалыптастырылған мобильді топтардың саны
|
5
|
5
|
-
|
Ұсталған көлік құралдарының саны
|
396
|
686
|
- 290
|
Кеден ережелерін бұзушылық туралы қозғалған істер саны
|
383
|
766
|
- 383
|
Алынған айыппұл сомасы (мың теңге)
|
1 404,445
|
3690,443
|
-2 285,998
|
Тәркіленген тауарлар сомасы (мың теңге)
|
46,400
|
1375,123
|
- 1 328,723
|
Кедендік қорғау және алып жүруге алынған көлік құралдарының саны
|
726
|
1 075
|
- 349
|
Кедендік алып жүру үшін жиналған алымдардың сомасы
|
18 687 500
|
28 136 377
|
- 9 448 877
|
Жүктерді алып жүру бөлімінде жоспарды орындау 2006 жылы 35 млн. теңгеге жеткізілген, орындау 43 % құрайды.
Аталған кедедндік алып жүрулерүшін жоспардың төмен деңгейде орындалу бірқатар объектитвті себептерге байланысты. Жеке тұлға тасымалдаушылары тез бұзылатын тауарларды тасымалдау кезінде ОҚО бойынша КБД кеден төлемдері мен салықтарын депозит түрінде салған, яғни олар «тауарларды еркін айналыс үшін шығару» режиміне сәйкес төленеді, бұл өз кезегінде жүк тасымалдаушыларға ҚР аумағында кедендік алып жүрусіз жүріп тұруларына құқық береді. Көзделген ресімдеу түрі бұрын жазғы мезгіл кезінде бюджетке түсімдерді молайту үшін қолданылған, ал жылдың кейінгі мезгілдерінде кедендік алып жүрулер қолданылған.
Мемлекеттік тілді енгізу туралы
«Оңтүстік Қазақстан Облысында тілдердің қызметі мен дамуы туралы жергілікті бағдаламаға» сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасыныдағы тілдер туралы» заңның талаптарын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан Облысы Кедендік Бақылау Департаменті іс жүргізу қызметінде мемлекеттік тілді енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Осы мақсатта арнайы бұйрықтар, нұсқаулар мен ережелер екі тілде бірдей шығарылады. Мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін жұмыс жүргізуге «Құжат тілі» атты әдістемелік нұсқау алынды. «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», «Егемен Қазақстан» сияқты жергілікті және республикалық қазақ тіліндегі газеттерге жыл сайын жазылу науқаны жүргізіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімшілігінің жанындағы ақпараттар және қоғамдық келісім басқармасы ұйымдастырған тілдердің фестифалінде кеден басқармасы қызметкерлері қатысты.
ОҚО бойынша КБД-ның жұмысы мемлекеттік тілде бұхаралық ақпарат құралдарында да көрсетіледі. Республикалық телеарналарда («Хабар», «Ақшам») және жергілікті («Отырар», «ОҚТ», НТК) телеарналарада ай сайын ОҚО бойынша БКБ-ның бастығының шекарадағы жағдай, тәркіленген контрабандалық тауарлардың жойылуы мен жедел-іздестіру қызметтері, «РУБЕЖ» атты жедел-шектеу қою шарасын өткізуге барысы мен нәтижесі туралы баспасөз конференциялары өтіп тұрды. Сонымен қатар, бөлім бастықтарының телеарналар арқылы мемлекеттік тілде ҚР кеден заңдарына қатысты жаңа енгізілімдері мен шекара жағдайы және ұсталған ірі контрбанда тауарлары туралы ақпараттар беріліп отырды.
«Мақтаарал», «Сарыағаш», «Арыс», «Түркістан» кеден бекеттері қызметкерлері арасында жергілікті баспасөздерде мемлекеттік тілде кеден заңдарының нормативті құжаттары туралы статьялар жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне сәйкес кеден органдары мiндеттерiнiң бiрi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылау жүргiзу болып табылады. Бүгiнгi күнi ықшам iздестiру дозиметрлермен ғана (радиоактивтiк материалдарды iздестiруге бағытталған) жүзеге асырылады. Әсiресе автомобильдiк және темiр жол өтпелерiнде радиоактивтiк материалдардың өткiзілуiн тұрақты анықтау жүйелерiнiң көмегiмен дәл және тұрақты бақылауды жүзеге асыру мәселесi өткiр болып отыр. Кеден органдарында мұндай жүйелердiң болуы қазiргi 34 жиынтық қажеттiлiк жағдайында тек 4 жиынтықты ғана құрайды.
Кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын сатып алуға, арналған бюджеттiк қаржының жеткiлiксiз бөлiнуiне байланысты кеден органдарының материалдық-техникалық базасының дамуы кедендiк бақылауды ұйымдастыру деңгейiн халықаралық стандарттар деңгейiне сәйкес келтiруге мүмкiндiк бермейдi. Соңғы жылдары тұтастай алғанда кеден қызметiн ұстауға және дамытуға арналған бюджеттiк қаржының қысқару үрдiсi байқалады. Осының нәтижесiнде, Қазақстан Республикасының кеден қызметi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды практикалық iске асыру толық көлемде қамтамасыз етілмейдi, таяу және алыс шетелдердiң кеден қызметтерiмен жедел ақпараттар алмасу тұрақты негiзде жүзеге асырылмайды. Кеден органдарының техникалық жарақтандырылуының сапалық және сандық деңгейiн жаңарту мен арттыру бюджетке кеден төлемдерi мен салықтардың түсуiне оң әсер етедi. 2004-2006 жылдардағы кедендiк төлемдер мен салықтардың мемлекеттiк бюджетке түсiмдерiнiң болжамды өсiмi 100,0 млрд. теңге болды: 2004 жылы - 31,0 млрд. теңге, 2005 жылы - 34,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 35,0 млрд. теңге. Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы қаулысын қабылдады. Аталған Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында, кеден органдарының алдына қойылған мiндеттердi шешу үшiн қаржыландырудың көлемдерiнде 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң қаражатынан 12 320,9 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 3 548,6 млн. теңге, 2005 жылы - 4 554,4 млн. теңге, 2006 жылы – 4 217,9 млн. теңге мөлшерiндегi соманың қосымша бөлiнуiн көздеу қажет. 4 504, 1 млн. теңге мөлшерiндегi соманы кедендiк бақылаудың қазiргi заманғы техникалық құралдарын пайдалануға негiзделген жаңа бақылау нысандары мен әдiстерiн енгiзуге арнап көздеу қажет. Шекарада орналасқан автомобиль және темiр жол өткiзу пункттерiндегi инфрақұрылым объектiлерiнiң, бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнiң құрылысына 5 974,9 млн. теңге, сыртқы сауда статистикасын жүргiзудi және жариялауды ұйымдастыру үшiн - 45,8 млн. теңге, әлеуметтiк саясатты жүзеге асыруға және оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға - 1 796, 1 млн. теңге көздеу жоспарланып отыр.
3.2. Басқаруды ұйымдастырудың ОҚО КБ бойынша проблемалары мен болашағы, оларды жетілдіру жолдары.
Егемендік алғаннан кейінгі үш-төрт жыл көлемінде еліміздің ішкі рыногын алыс-жақын шетелдерден арзан қол сапасыз тауарлары мен өнімдері жауплап алған болатын. Олардың кеден бекеттерінен өткізілгеніні бір құдайға аян. Ал оның зардабын мемлекет пен қарапайым халық тарқаны рас. Бар қызықты бір ғана топ алып сатарлық пен айналысқан коммерсанттар көрді. Бұл сол кездердегі кеден органдарында тәртіптің, өз істеріне деген жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Бұған сондай-ақ кеден қызметіне қатысты заң құжатарының әлсіздігі де айтарлықтай кері әсер етті. Қазір оған біртіндеп тосқауыл қойылып, орын алған берекетсіздіктердің жолы кесілуде.
Кеден органдарында электронды ақпарат құралдармен барынша қаматамассыз етпейінше, қазіргі заман талабына жауап беретін кеден ісі туралы нормативті құжаттарды, заңдарды жетілдірмейінше, кедендік ресімдеуді жетілдіру, кеден ісі саласындағы кеден ережелерімен күрес жүргізуді, бақылау-тексеруді күшейту мүмкін емес.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік Бақылау Департаментінде кедендік қызметтің инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жасалған және жасалып жатқан оң іс шараларға қарамастан, кейбір проблемалық жағдайлар бар және әрдайым туындап отырады. Олар негізінен жаңадан енгізілген бағдарламаларға, кадр мәселелеріне, қызметкерлердің кәсіби деңгейлерінің төмендігіне немесе кеден ісіндегі ұйымдастырушылық қабілеттілігінің қанағаттанарлықсыздығынан болып жатады. Әрине кеден қызметі жан-жақты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілген деуге болмас. Бірақ, айтылғандарға қарамастан кеден қызметінің баяю болсада инфрақұрылымы жақсарып келеді деуге болады.
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті кеден қызметін жүзе асыруда проблемалар да бар:
-
Талдау жұмыстарының қанағаттанарлық деңгейде жүргізілуі мен кеден төлемдері бойынша толық мағлұматтардың жинақталуы үшін үлкен оперативті санасы бар компьютер қажет.
-
ТАИС-2 бағдарламасымен жұмыс істеуде проблемалар туындайды, яғни ҚҚС бойынша төленген төлемдер туралы мәліметтер енгізілмейді.
-
«ВЭБ-декларант» бағдарламасы дұрыс жұмыс істемейді.
-
Телефон байланысы жоқ. Мобильді телефондар жұмыс істемейді.
-
«Ғани Мұратбаев» өткізу бақылау бекетінде әрдайым электр энергиясы өшіріліп тұрады. Бұл өз кезегінде орталық кеден органымен байланысты қиындатады.
-
«Бір аялдама» принципіне сәйкес құрылған «Ғани Мұратбаев» кеден бекеті өзінің құрамындағы бақылаушы органдардың бар екендігіне қарамастан: көліктік бақылау, шекара қызметі; ветеринарлық қызмет, аталғандар кеден бекетінің коммуналдық сұрақтар шешуге ешқандай қатыспайды (жылу беру, жарықтандыру, техникалық персонал және т.б.). аталған салалардың басшылар осы уақытқа дейін тек уәде беру келеді.
-
«Ғани Мұратбаев» кеден бекетінде соңғы моделдерге сәйкес крмьютерлік жабдықтар орнатылған, соған сай «ТАИС-2» бағдарламасының да жаңарған сынамасын қою керек, өйткені жаңа бағдарлама болмағандықтан аталған бағдарлама дұрыс жұмыс істемейді.
-
01.04.2006 жылдың жұлдызына сәйкес «Төле-би» кеден бекетінде штаттық сан 20 адам, шын мәнінде – 16 адам., оның 2-і басқарушы құрамда және 14 жеке құрамда адам. Қалған 4-і. Іс-сапарға жіберілген. «Төле-би» кеден бекеті өзінің құрамына 3 бақылау-өткізу бекеттерін алған (БӨБ «Дархан», БӨБ «Рамадан», БӨБ «Коңырат»). 3 ауысымдық режимде қалыпты жұмыс істеу үшін әрбір Өткізу – Бақылау бекетінде 2 адамнан болуы шарт.
-
«Төле-би» кеден бекетінде бірқатар кемшіліктер орын алған:
-
өткізу бекеттерінде компьютерлер жоқ;
-
кеден бекетінде кеден брокері жоқ;
-
«POS-терминал» жоқ;
-
тауарларды уақытша сақтау және тексеру орындары жоқ;
-
бекетте арнайы кинолог мамандар жоқ;
-
бекеттер арасында бірге алып жүретін рациялар жоқ.
-
Сонымен қатар ОҚО КБД арасында байланыс орнататын спутниктік байланыс та жоқ. Бұл өз кезегінде жұмыс істеуді айтарлықтай қиындықтар туғызады.
-
Көптеген жол өткелдерінде автомашинамен жүру мүмкін емес. Сондықтан осында жоғарғы өту қабілеті бар автомашиналар қамтамассыз ету керек, яғни ВАЗ-2121 «Нива» - 3 дана, оларға жағар-жанар май.
-
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қызмет істеулері үшін оларға қазіргі заманға сай компьютерлік техникалар беру қажет:
-
компьютер – 2 дана.; - телефакс – 2 дана.; - ксерокс – 2 дана.
-
«Мақтаарал» кеден бекетіне көптеген телефонограммалар келіп түседі, соның ішінде кейбір лауазым адамдарын орталық кеден департаменті шағыру туралы. Бұл үшін аталған тұлғалар Шымкентке барудан бас тартады, өйткені жол жүруге қаражатымыз жетпейді деген мәселемен. Сондықтан ОҚО бойынша КБД-нен лауазымды адамдарға жол жүруі мақсатында іс-сапарламалық қаражат бөлулерін сұраймыз. Өйткені «Мақтаарал» кеден бекетімен ОҚО КБД арасы 250 км. Асады – осы қызметкерлердің материальдық жағдайларын қиындатады..
-
Кеден бақылау мақсатында қызмет жоғарғы деңгейде жүзеге асыру үшін кеден бекетіне қазіргі заман талабына сай Кедендік бақылау техникалық құралдары жетпейді. Дәлірек айтар болсақ рентгеноқұралдары, ол қол жүктері мен багаждарын жіте қарауға қажет болып отыр және бүл ретте қол багаждары ашылмайды.
-
Кеден бекетінде жалғыз қызметтік-іздеу иті бар. Ол бір жолаушыны тексеруге де жеткіліксіз. Сондықтан кеден бекетіне арнайы кинолог-маманмен бірге бірнеше қызметтік-іздеу иттерін беру қажет.
-
АРМ «Универсал» спутниктік немесе басқа да байланыс құралдарын беру қажет, өйткені кеден бекетінің жедел қызмет ету сапасы төмендейді. Аталғандарды есепке алатын болсақ кеден бекетінің қанағаттанарлық қызмет ету қабілеті проблемалық болып тұр.
-
Кеден бекетінің жеке құрамының қызметкерлері жиі басқа қосалқы құрамаларға іс-сапарлармен жіберіледі. Осыған байланысты кейбір есеп беру міндеттемелерін қадағалау кезінде проблемалық жағдайлар туындайды. «Жібек-Жолы» кеден бекетінде әрбір есеп беру жеке лауазымды кеден қызметкерлеріне тапсырылған. Ол қызметкердің іс-сапарға кетуі кезінде жасалып жатқан жұмыстар туралы есеп алу мүмкін емес, өйткені орнына қалдырылған қызметкердің өзінің жеке тапсырмалары болады немесе қызметкердің орнына келген адам штаттық қызмет бойынша өзінің ондай міндетінің жоқ екеніне сылтау айтады.
-
Кеден бекетінде техникалық-материалдық жағынан ешқандай проблемалар жоқ, бірақ ол жарақтандырылған техникалық құралдар тілін түсінетін арнайы мамандар жетіспейді.
-
Кеден бекетінде ТАИС-2 бағдарламасы орнатылған. Қызметкерлер күнделікті ТАИС-2 мәліметтер базасына ресімделген құжаттар тізімін енгізеді және автокөліктердің кеден ауағына уақытша кіру мен шығу міндеттемелері енгізіледі, бірақ бұл мәліметтер ОҚО КБД бар. Сондықтан қызметкерлер қосарланған жұмыс атқарылуда
-
Атомашиналар мен жеке тұлғалар туралы мәліметтер ОҚО КБД-мен күнделікті сұралады. Ондай мәліметтерді қызметкерлер ОҚО КБД арнай журналға жазып өткізген болсада.
-
Мемлекеттік шекара туралы бірдей мәліметтер қайта – қайта сұрала береді.
-
Өткізу-бақылау кеден бекетінде арнайы салмақ өлшеу құралын орнату қажет.
Қорытындылар мен ұсыныстар.
Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде. Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылау және фискалдық функцияларды орындайды.
1991 жылы республиканың кеден органдарындағы адам саны 150-ден сәл асатын. Егемен мемлекет ретiнде Қазақстан Республикасы құрылғасын бұрынғы КСРО мемлекеттерiмен шекараларда кеден бақылауын жасау қажеттiлiгi туды, "ашық шекара" деп аталатынның ұзындығы 12760 км, бұдан басқа ҚХР-мен - 1560 км болды. Қазақстан Республикасының кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша кедендiк және шекаралық шарттылықтарды орындау үшiн бiрде бiр жайластырылған кедендiк өткiзу орны болған жоқ. Қазіргі кезеде Қазақстан кеден шекарасында 65 кеден бекеті, 62 авто өткізу бекеттері, 19 теміржол өткізу бекеттері бар. Елдің ішінде 46 ресімдеу бекеттері бар, халықаралық рейстерге 7 бақылау бекеті қадағалау жасайды.
Ресей Федерациясы кеден шекарасы арасында 46 кеден бекеті, 24 бақылау өткізу бекті (КПП) бар.
Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара ұзындығы 715 км. ОҚО облысы мен Өзбекстан Республикасы кеден шекарасы арасында 11 кеден бекеті мен 26 авто көлігін өткізу бекеттері бар. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында кеден органдары халықаралық мәнi бар 14, республикалық мәнi бар 73, 17 темiр жол магистралдарын, 13 әуежайды бақылайды, оларда:
121 автомобиль;
28 темiр жол;
12 авиациялық;
1 теңiз ("Ақтау" теңiз порты) еткiзу пунктi жұмыс iстейдi.
Қазiр кеден органдарында бар 43 спутник станциясына қосымша Қазақстан Республикасының кеден шекарасында 65 станция комплектiсiн орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы кезеңдегi экономиканың дамуы және Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылықтар байланыстары жүйесiне бiрте-бiрте кiруiнiң қажеттiлiгi кеден қызметiн жетілдіруді талап етедi. Бұл жетілдірудің негізгі мақсаты сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын іздеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң ұсыныстары құқықтық негiздерi ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасаған немесе қабылдаған халықаралық Шарттар мен Келiсiмдер талаптарына жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |