Тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет3/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#183830
1   2   3   4   5   6   7   8

ФЕДЕРАЛДЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ




Жоғарғы деңгейдегі

Федералды мекеме



СПИРТТІК МОНОПОЛИЯ ЖӨНІНДЕГІ ФЕДЕРАЛДЫ МЕКЕМЕ


КЕДЕН-ҚЫЛМЫСТЫҚ МЕКЕМЕСІ

Басшылық жасау

деңгейіндегі

Федералды мекеме


ФЕДЕРАЛДЫ ҚАРЖЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ОҚУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

БАС ҚАРЖЫ ДИРЕКЦИЯСЫ

Кеден төлемдері мен акциздерінің департаменті

Федералды касса


Кеден-техникалық лабороториялары мен дайындық базалары/кедендік оқыту базалары/кедендік-кинологиялық училищелері

Орта деңгейдегі

мекеме





БАС КЕДЕНДЕР



Кедендер мен кеден комиссариаты

ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ КЕДЕНДЕРІ
Бөлімдер


Жергілікті деңгейдегі


мекеме

2.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен мақсаттары.
Кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының орталық кеден органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және ол өз құзыры шегiнде жұмыс iстейдi. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 2-ші бөлімі 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары дегеніміз - Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін:

1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;

2) кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);

3) кедендер;

4) кеден бекеттері;

5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін  құрады.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін  ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері  заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті орган бекітетін  ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.

Кедендік бақылау Комитетінің заңды мекен-жайы:

Астана қаласы, Пушкин көшесі, 166.

Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi" мемлекеттiк мекемесi. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ. Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттік кірісіне аударылады.

Кеден органдарының қызметі:

1)           заңдылық;

2)           заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3)           жариялылық принциптерінде құрылады.



Кеден органдарының мақсаттары:

1)      Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2)      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3)      орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

4)      Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

5)      сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы  өзге де қызметке  қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

6)      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге  асыру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің  кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

11)                   өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12)                   Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де  міндеттерді орындау болып табылады.



Кеден органдары:

1)           өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;

2)           мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;

3)           осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

4)           Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;

5)           Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;

6)           Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;

7)           кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;

8)           ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;

9)           Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға құқылы.



Кеден органдарының міндеттері

Кеден органдары:

1)      сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

2)      төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне,  әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;

3)      өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;

4)      тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;

5)      Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;

6)      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;

7)         өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;

8)         кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және республикалық бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

9)                   мемлекеттік бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны кеден кодексінде белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;

10)               Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;

11)                Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;

12)               мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

13)                өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;

14)               Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

15) өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

16) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

17) өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;

18) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

19) Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;

20) кеден кодексімен белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы  өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;

21) кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;

22) кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;

23) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.

Комитетті Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары болады. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.



Осы мақсаттарда Төраға:

  • өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;

  • заңдарға және Төраға бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  • заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

  • Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

  • Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

  • Комитетті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

  • Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитетінің ҚҰРЫЛЫМЫ:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет