10 Тақырып. Мал азықтық алаптарының территориясын, жайылым, шабындық, бау-бақша, жүзімдік территорияларын ұйымдастыру және құру
Өндірісте пайдалану мінездемесі мен табиғи қасиеттері бойынша ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, жер пайдаланушылықтарының жер алаптарына бөлінеді. Ауыл шарушылық жерлері екі түрге бөлінеді. Олар: ауыл шаруашылығына жарамды жерлер және ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер. Ауыл шаруашылық алаптарын жүйелі түрде ауыл шарушылық өнімдерін алу үшін пайдаланылатын алаптарды жатқызамыз. Олар жыртылған жер, көп жылдық көшеттер, шабындықтар және жайылымдар.
Жайылым жерлер – жүйелі түрде мал жаюға арналатын жерлер. Табиғи түрінде олеңіс жерлерде, ылғалданған далалы, жартылай құмды, құнарлығы аз, тұзды, тасты жерлер.
Бақшаларды, жеміс –жидек ағаштарын, мәдени шабындықтарды, жайылымдарды аз суландырылған учаскелерді орналастырғанда міндетті түрде қосымша талаптар ескеріледі. Барлық учаскелерді олардың кеңістік қасеттерімен және табиғи сапасымен максималды экономикалық нәтижесімен пайдалану.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кешендеріне мал шаруашылық кешені де жатады. Мал шаруашылық кешені малдың түріне байланысты ірі қара, шошқа, қой, жылқы кешендері, мақсатына байланысты –тауарлы, асыл тұқымды бағымдау, мамандануына байланысты – сүті, етті және т.б. болып бөлінеді.
Барлық ірі мал шаруашылық кешені тұрғын аймақтың 500 – 1500м арақашықтықта орналастырылуы тиіс. Малдарды бағуды дұрыс ұйымдастыру, олардың өнімділігі мол жайылымдары мен азықтық ауыспалы егістіктерге тәуелді. Сондықтан мал шаруашылық кешенін жобалауда ішкі шарушылық дерге орналастыру жобасы мен ұжымның шарушылық ұйымдастыру жоспарын ескеру қажет. Мал азықтық ауыспалы егістерді елді мекендерге, жазғы лагерлерге жақын жерлерге орналастырады. Ауыспалы егіс құрамында жем – шөптің қажеттілігіне қарай, агротехникалық шаралармен қамтамасыз етілуі керек.
Мал азықтық ауыспалы егістерді орналастыруда транспорттық шығындардың аз жұмсалуын, мал азықтық егісті бекіту, мал азығын өндіруде арнайы салаларда мал азығын өндіру болып табылады. Сүрлемді және шырынды азықты алу үшін Солтүстік Қазақстан облыстарында екі танапты ауыспалы егіс құрылады.
Сүрлемдік жүгері
Жазғы себілетін сұлы, дәндік арпа
Мал азықтық табиғи жерлердің өсімдік қауымының мониторингісі, жерге орналастыру жұмыстары немесе кешенді топырақ және гидрогеологиялық жұмыстар негізінде жүргізіледі.
Мал азықтық табиғи жерлердің өсімдік қауымының мониторингісі мынадай
негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Әрбір бағыт бойынша келешекке жоспар жасалады, жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының орындалу кезеңдері белгіленеді.
Алаптарды ұйымдастыру тиімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады.
I. Алаптарды пайдалану коэффиценттері және алаптарды пайдалану қарқындылығының коэффиценттерін арттыру.
Ауылшаруашылық алаптарының сапасын көтеру ең біріншіден ж.ж. жүргізіледі.
а) бал бонитет трансформация бойынша және ж.ж. не жем азық алаптарын жақсарту бойынша;
б) суармалы жерлерде бал бонитеті 2,3 есе және мелиорация бойынша
Жем азық алаптарды мелиорациялау бойынша 30-40%-ке көтеріледі.
в) жалпы өнімділікті арттыру;
г) таза кірісті арттыру;
д) алаптарды жақсартумен трансформацияның шығынының өтеуі.
Осымен байланысты экологиялық және әлеуметтік талаптардың ескерту керек.
II. Ішкі шаруашылық бөлімшелердің және шаруашылық орталықтардың жобалық шешімін негіздеу.
1.Жобалық варианттарды қарастыру және анализ көрсеткіштерін жасау
2.Бір уақытты шығындарды анықтау
3.Бір жылдық шығындарды анықтау
4.Варианттарды анықтау (таңдау)
Достарыңызбен бөлісу: |