Тараз – 009 Тақырып. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру мазмұны, мақсаты


Тақырып. Ауыспалы егіс территориясын ұйымдастырудың ерекшеліктері және қойылатын талаптары



бет13/15
Дата02.01.2022
өлшемі114 Kb.
#453113
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Lek UJO

13 Тақырып. Ауыспалы егіс территориясын ұйымдастырудың ерекшеліктері және қойылатын талаптары
Ауыспалы егіс территориясын ұйымдастыруда жұмысшы учаскесінде алаптарды қорғау жолақтарын, дала кодтарын және далалық жолдарын, су көздерімен қамтамасыздандыруын жатқызады.Ауыспалы егіс территориясын ұйымдастыруда мына тәсілдерді ескеру керек.

1. Топырақтың құнарлығын көтеруге, эрозияға ұшырауына жол бермеу, агротехникалық шаралардың жағдайын жасау.

2. Дала жұмыстарын ұйымдастыруда және жоғарғы дәрежелі транспорттық техникаларды пайдалану территориясының тиімді орнатылуы.

3. Өнімнің топтары бойынша дара дақылдардың жылдық ротациясына қарай тұрақты жалпы өнімін алу.

4. Ауыспалы егістің территориясын құруына байланысты жылдық өндірістік шығындары келтірілген залалдар мен жылдық шығындардың аз болуы осыған байланысты.

Шаруашылықта ауыспалы егістің бірнеше түрі қолданылады. Әрбір бөлімше, ферма, бригада ауыспалы егістің өз жағдайларына дәл келетін түрін алдын-ала жобалап, талқылап, бекіткен соң оны үнемі қолданып отырады. Ауыспалы егісті болашаққа жобалағанда шаруашылықтың келешекте өркендеу жолын, алдындағы міндеттерін ескереді. Сонымен қатар егіс құрамының ең ұтымды түрін жоспарлайды. Бұл өте жауапты және күрделі мәселе. Оны қателеспейтін мамандар, әрбір облыстық ішікі аймақтарға арналған егін шарушылығы жүйесітуралы ұсыныстарын ескеру керек. Егістің құрамына қойылатын негізгі талап әрбір гектардың мүмкіндігінше аз шағын арқылы көп түсім алу. Сондықтан ауыспалы егісті жобалағанда тек дақылдың түрі мен көлемін ғана ескеріп қоймай, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін қолдану, шығымдылығы артық сорттарды пайдалану, қолданылаиын барлық технологияны жетілдіріп отыруды ойластырған жөн.

Ауыспалы егістің неғұрлым ұтымды түрін таңдап алу үшін оның әр түріне ұйымдастырулық- экономикалық тұрғыдан баға беріледі. Ұйымдастырулық тұрғыдан қарағанда ауыспалы егіс шаруашылықтың өндірістік бағытында, оның

алдында қойған мақсатына сәйкес болуы керек. Сонымен бірге ауыспалы егіс шаруашылықтағы адам күшін, матералды-техникалық қорларды толық пайдалануды, агротехника талаптарын толық сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Экономикалық тұрғыдан қарағанда, ауыспалы егіс мына көрсеткіштерді қолдану арқылы бағаланады: егістің әр гектарынан алынатын жалпы өнім, егістің әр гектарына жұмсалатын шығын өндірістік шығынның әрбір сомына және әрбір адам сағатқа өндірілетін жалпы өнімнің мөлшері тікелей шығындардың өтелуі, шығындардың әр маусымдағы мөлшері. Егістің құрамының және ауыспалы егістің пайдалылығын анықтайтын маңызды тәсілдің бірі- ауылшаруашылық дақылдарын экономикалық тұрғыдан бағалау. Бұл үшін негізінде бес түрлі көрсеткіштер қолданылады: 1 гектар егістен алынған түсім және оның құны, еңбек өнімділігі, 1 өнімнің өзіндік құны, 1 гектар егістен алынған таза табыс және тиімділік деңгейі.

Алаптардың трансформациясының негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

1. Ауылшарушылық алаптарының ауданын көбейту;

2. Ауыл шаруашылық алаптарының пайдалану қарқындылығын арттыру;

3. Ж.ж және басқа жоғарғы өнімді алаптар ауданын ұлғайту,

4 Ұсақ контурлы учаскелерді тарту немесе жою және техникалық өнімділігін арттыру;

5. Инженерлік жол және ішкі шарушылық құрылыстар, сонымен қатар эрозияға қарсы және табиғат қорғау шаралары бойынша учаскелерді белгілеу.

Трансформацияның негізгі бағыты ауылшарушылық алаптарының көлемін, ауданын техникалық көбейту. Сол үшін ауыл шаруашылығының айналасына шыққан батпақтанған, арам шөп басып кеткен жерлер, бұталар, батпақтар, ормандар, құмдар, ойыстар, балкалар сондай-ақ, елді мекен жерлері реззерв болып қалады.

Трансформацияның екінші бағыты ең құнарлы алаптың ауданын ұлғайту. Ең құнарлы алап ж.ж оның резерві болып табылады.

Трансформацияның үшінші бағыты учаскелердің конфигурациясын жақсартумен және ұсақ контурлы учаскелерді жоюмен байланысты.

Алаптардың трансформациясын жасау үшін топырақ эрозиялық топырақтың мелиоративтік, геоботаникалық су шаруашылық, сондай- ақ жерег орналастыру және басқа да зерттеулер бойынша шаруашылықтың территориясын оқып біледі. Алаптардың трансформациясын жасағанда рельефтің, топырақтың сапасымен қатар кеңістік қасиеттері ескеріледі. Ауыспалы егістің аты танаптың санына және басқа дақылдың түріне байланысты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет