шайқастың маңызы зор болды. Қытай əскерлері Жетісу бойынан қуылып қана қойған
жоқ, қайтқан жолында ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымына ұшыраған олар Шығыс
Түркістанды біржолата тастап кетуге мəжбүр болды.
Арабтар да Талас өзені
аңғарында көп тұрып қалмай, Шаш қаласына қарай шегінді. Міне, осылайша жарты
ғасырға созылған түркеш-араб теке-тіресі аяқталып, одақтастық қатынас орнай
бастады. Қорыта айтқанда, алдымен азырақ қарама-қайшылыққа ұласып, кейіннен
мызғымас достық бітімгершілікке жалғасқан түркеш-араб қарым-қатынасы сыртқы
саясаттағы елеулі табысқа саналды. Осылай түркілер өзімен одақтасуға лайық
елдермен байланысын едəуір жаңғырту арқылы тəуелсіздігіне қауіп төндіретін
күштерге дер кезінде жедел соққы беріп отыруға өздерін қашанда дайын ұстады. Бұл
бабаларымыздың «Мəңгілік елді» құрмаққа бекінген асыл мұраты болатын еді.
Достарыңызбен бөлісу: