Тарих 90 жауаптар


)«Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық



Pdf көрінісі
бет40/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Тарих 90 жауаптар

54)«Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық.
Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман
жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дəуірі. Қазақтың көптен күткен
сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, əуелі
қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды… Артық жерге Ресейдің қара
шекпен мұжықтарын əкеп қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын
ойлайтын түзу адамның бəрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да


орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды. Зар заман ағымы отаршылдық дəуірдегі
елдің əлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі. Асан ата айтып кеткен
(«Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып, заң тозып, жаман болар»), Бұқар
болжап берген («Күн батыстан бір дұспан Ақырда шығар сол тұстан») дəуір келіп
жеткен соң ақын-жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман
ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы
айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде
қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлы 1802-1871,
Шортанбай Қанайұлы 1818- 1881, Мұрат Мөңкеұлы1843-1906, Əбубəкір Кердері
Шоқанұлы 1858-1903 т.с.с. ақындарды қосуға болады. Солардың көрнекті өкілдерінің
бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген əлеуметтік
өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда
капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау
кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде əсерлі суреттеледі.
55)Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен
дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле
өлкесінің аумағында тұрып келген еді. Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII
ғасырда жəне XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет
көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тəуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай
əскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің
күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік
бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871
жылы Ресей əскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының
отбасылық істеріне жəне мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды.
Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша əкімшілігі өз
бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едəуір тұрақтандырылғандай болды.
Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару
жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің
бұдан былайғы тағдыры туралы мəселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында
Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың
ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім
қабылдауға құқықты болды. Бұл мəселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі
сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге
тілек білдірді.


Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан
айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға
жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы
толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың
Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты.
Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.
Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша
үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық
базасын осалдата түспек болды; екіншіден, əскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған
жағдайда оларды Қытайға қарсы əскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда
патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде
Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.
Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады.
Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный жəне Жаркент уездеріне
орналастырылды. Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте
арта түсті. Мəселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907
жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті. Ұйғырлар мен дүнгендер
бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған
бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы
жылдары едəуір қиындықты бастарынан қешірді. Жер кепелер мен күркелерде тұрды.
Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал,
құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле
өлкесіне қайта көшіп кетті. Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді.
Егер коныс аударушы орыс шаруаларының əрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер
берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды. Алғашқы кезде еңбек
құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетіспеді. Дүнгендерге арық қазып, егінді
қолдан суаратын жерлер бөлінді. Ол жерлер құнарсыз еді, əрі олар тастақты болатын.
Сондықтан да олардың үштен бірі ғана игерілді. Дүнген халқының бір бөлігі
қайыршылық халге ұшырады. 1914 жылы барлық дүнген шаруашылықтарының 42
пайызы егін сала алған жоқ. Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің
алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды.
Ұйғырлардың үйлері өзендер мен көлдердің жағасына салынып, дуалмен қоршалды. Əр
елді мекеннің өз мешіті, дүкендері мен шағын базарлары болды. Ұйғыр болысын сонау
Қытайда Іле өлкесінде тұрған кездерінде сайланған болыс биледі. Басқару жүйесінде
сонымен қатар ақсақалдар (старшындар), қазылар (судьялар), онбасы мен елубасы атты
билік өкілдері де болды. Ұйғырлар негізінен тау етегіндегі егіншілікке неғұрлым
қолайлы жерлерге орналасты. Егістік жерлерді суландыру үшін бұрынғы ескі


арықтарды жөндеді жəне жаңа арық-каналдар қазды. Кейбір каналдардың ұзындығы 40
шақырымға дейін жетті. Ұйғырлар негізінен көкөніс, дəнді дақылдар өсірумен
айналысты. Олардың егіс далалары шағын бола тұрса да алуан түрлі дақылдардың 4-5,
ал неғұрлым ауқатты отбасылары 12 түріне дейін екті. Дəнді дақылдар арасында
бидайдың, арпаның, тарының жəне сұлының үлесі көбірек болды. Суы мол жерлерде
күріш өсірілді. Сондай-ақ майлы дақылдар (қара сора, кендір, қыша) егілді. Жоңышқа
егу де елеулі көлемде болды. Ұйғырлар сонымен қатар бау-бақша екті, жібек құртын
өсірумен айналысты. Ұйғырлардың аулаларында жеміс ағаштары көп өсірілді. Мал
шаруашылығы қосалқы кəсіп сипатында болды. Жұмыс көлігі ретінде өгіз, жылқы жəне
есек ұстады. Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға өздерінің бірегей материалдық жəне
рухани мəдениетін, өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық кəсібін ала келді. Жалпы
алғанда қазақтар мен қоныс аударып келген ұйғыр, дүнгендердің арасында тату-тəтті
бейбіт қарым-қатынас орнады. Олардың мұсылман дінінде болуы да едəуір дəрежеде оң
ықпал етті. Алайда ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударып келуі қазақтардың онсыз
да ауыр жер мəселесінің қиындап, нашарлай түсуіне де өз əсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет