Тарих 90 жауаптар


)Көшпелі жəне жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге



Pdf көрінісі
бет55/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Тарих 90 жауаптар

71)Көшпелі жəне жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге
күштеп көшіру.
Көшпелі жəне жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік
жүйенің қазақ қоғамын дəстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған
саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің
табиғи-климаттық жəне əлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік
əміршіл-əкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының
отырықшыландыру мəселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР
ХКК 1924 жылы 17 сəуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен
ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі жəне
жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі
жəне жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде
болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі жəне жартылай
көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам
құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы
мəжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы
шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам)
жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік
құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия
комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру
негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
Көшпелі жəне жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мəселе
Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты
əңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы
қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің
жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған
отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мəселе осы комитеттің ақпанда болған
мəжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі жəне
жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мəнінде,
осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл
отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан
басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға
барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі


халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды.
Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ.
Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға
қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде
жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру
ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет