Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет15/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Учебник Теор. этнология

2 Диффузионистік ілім. ХІХ ғасырдың аяғында этнология өзінің 
дамуында жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл кезеңде эволюционистердің әлсіз 
жақтары, яғни ақиқат өмірмен фактілері қайшылығы көріне бастады. 
Эволюционистердің өкілі мәдениеттегі тек сандық өзгерістерді ғана байқады 
да, мәдениеттің өзіндік пайда болуын түсіндіре алмады. Көптеген 
этнографиялық экспедицияның мәліметтері эволюционистік концепцияға 
сәйкес келмеді, сондықтан жаңа бағыт, мектептер пайда болды.
ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында мәдениет өзгерісінің негізі ретінде мәдени 
диффузия концепциясы орныға бастады. Мұндағы негізгі пікір мәдениет 
дамуының негізгі факторы оның элементтерінің араласуымен, кірігуімен 
немесе қабылдауымен байланыстылығы. Бұлар мәдениеттің дамуын түсіндіру 
барысында эволюционистерде қалыптасқан тарихи принципті яғни мәдениеттің 
элементтерін ауыстыру, қозғалту арқылы жүзеге асады, деген механикалық 
принциптермен алмастырғысы келді. Мәдениеттің даму тарихында олар 
әлеуметтік экономикалық құбылыстардың дамуын есепке алмады. Бұл бағытты 
жақтаушылар мәдениетті адамнан, этностан тыс қарастырды. 
Сөйтіп, эволюционистердің методологиялық дағдарысы бірнеше 
диффузионистік мектептің пайда болуына әкелді, олар эволюционистерге 
қарсы тарихи проблема шеңберінде ғана зерттеуді қойды. Олардың мақсаты
мәдениетті не мәдениет элементтерін кеңістікте бөліп көрсету, олардың пайда 
болу аймақтарын көрсету, таралу, жойылу жолын көрсету болды. 
Жалпы, «диффузия» ұғымы (латынша- diffusion - таралу) физикадан 
алынған, өту, ену деген мағынаны білдіреді, ол сауда, қоныс аудару, басып алу 
арқылы халықтардың өзара тікелей қатынасы нәтижесіндегі мәдени 
құбылыстардың таралуын айтады. Диффузия ғылыми бағыт ретінде 
диффузияның тарихи үдерісін, мәдениеттегі байланысын, өзара ықпалдасу, 
ауысу және өзара әсердің мазмұнын мойындайды. Нақты айтқанда, дамудың 
прогрессивті идеясын ұсынған эволюционистік идеяны кеңістік-мезгіл 
аясындағы мәдениеттің жекелей элементтері мен оның кешені принципімен 
алмастыру еді.
Диффузионизм теориясы аясында бірнеше ғылыми ағымдар мен 
мектептер болды. Скандинавияда тарихи-географиялық бағыт (Эрик 
Норденшельд); Германияда мәдени-тарихи (Фриц Гребнер мен Вильгельм 
Шмидт) және антропогеографиялық (Лео Фробениус) ағым басым болды
Солтүстік Америкада диффузионизм идеясы мәдени ареал теориясында 
көрінген (Эдуард Сепир, Мелвилл Херсковиц), Англияда этнологияның бұл 
бағыты геосаяси аясында бағыт алды.
Диффузионизмнің негізін қалаған Мюнхен университетінің профессоры 
Ф.Ратцель (1844-1904) болды. Ол диффузионистік ілімнің теориялық және 
методикалық ілімін жасап шығарады. Ратцель алғаш рет халықтың этногенезі 
мен мәдениеті проблемасын көтерді.Ол мәдениеттің ел және аймақтарға бөліну 
заңдылығына көңіл аударды. Мәдениет көріністері - халықтың байланыс 


белгілері: нәсілдер араласады, тіл пайда болады және жоғалады, халық атауы 
өзгереді, тек мәдениеттегі заттар ғана өзінің қалпын, пайдалану қасиетін сақтап 
қалады,- деп көрсетеді. Ратцель өзінің идеясын «Антропогеография», 
«Народоведение», «Земля и жизнь» зерттеулерінде жаза отырып, ол адамзаттың 
жер бетіне орналасу картасын және географиялық жағдайға байланысты 
мәдениеттің дамуы өріс алатындығын көрсетеді. Ол «Антропогеография» 
деген еңбегінде мәдениеттің негізгі концепциясын көрсете отырып, мұнда 
материалдық мәдениет заттарының географиялық жағынан таралуы осы 
заттарды таратушы халықтардың басқа аймақтарға қоныс аударуымен 
байланыстылығын көрсетеді. Халықтың өзара ықпал формасының әртүрлілігі: 
тайпаның қоныс аударуы, басып алу, нәсілдік типологиялық араласуы, сауда, 
т.б. Осы үдерістердің нәтижесінде мәдениеттің кеңістіктегі таралуы жүреді. 
Нәсілдік типтер үнемі араласады, сондықтан қазіргі нәсілдер аралас. Тіл 
этникалық белгі ретінде нәсілмен салыстырғанда тұрақты, бірақ уақыт 
ағымымен байланысты басқа тілді ауыстырады немесе ығыстырып шығарады.
Ратцель мәдениет элементтерінің орнын ауыстыруының екі тәсілін 
көрсетті: 1) жеке заттық емес, барлық мәдени кешеннің толық және тез орын 
ауыстыруы, оны аккультурация деп атады; 2) кейбір этнографиялық заттардың 
бір халықтан басқаға өтуі. 
Ратцельдің шәкірті археолог, этнофольклор Лео Фробениус (1873-1938) 
диффузионистік концепция шеңберінде мәдениет морфологиясы концепциясын 
және мәдени шеңбер теориясының негізін қалады. Фробениус африкан 
мәдениетінің маманы, әрі оның этнографиялық картасын жасап, 12 экспедиция 
(Африка, Австралия және Мұхиттық аралдарға) ұйымдастырды. Фробениустің 
мәдениеттің мәніне деген көзқарасы кейбір мифологиямен: мәдениет – бұл тірі 
организм, мұнда туу, балалық, кемелденген жас, кәрілік, өлім бар, деген 
ұстаныммен ерекшеленеді. Мұнда мәдениетті адамдар құрайды, олар өз 
бетінше өмір сүреді, адам мәдениеттің жемісі. 
Неміс тілді елдерде Фритц Гребнер өзінің «Метод этнологии» (1911) 
деген еңбегін жазды. Ол Фробениус және Гребнердің еңбектерінің негізінде 
мәдени шеңбер теориясын құрды. Әлем халықтарының барлық мәдени 
жетістіктерін біріктірді. Мәдениет көріністері белгілі бір шеңберде пайда 
болады, олар бір рет, бір жерде пайда болады, басқа жерде қайталанбайды, 
алдымен бір мәдениетке жатады, сосын басқа мәдени шеңберге таралады, - деп 
жазды. 
Англияда У. Риверс, «История меланезийского общества» (1914) деген 
еңбектерінде меланезиядағы туысқандық және қоғамдық қатынастарды жәй 
эволюция деп қарамау керек. Оның ойынша бұл аймақтағы жаңа мәдениеттің 
пайда болып, қоныс аударуы үлкен топтың мәдениеттік ықпалы дейді. 
Диффузионистік ілімді жақтаудың әр елдегі әр түрлі пікірлеріне 
қарамастан бұл бағытқа тән жалпы идеяларды айта кету керек: 
- мәдениет белгілі географиялық жағдайда пайда болады және дамитын 
мәдениеттердің тірі организм жөніндегі түсінігі, мәдениеттің әрбір элементі 
нақты аймақтарда пайда болып, сол жақтан жер шарына таралады
- мәдениеттің дамуының негізгі факторы – қабылдау, орнын ауыстыру, 


мәдени элементтің араласуы, мәдениеттің ауысуы тек материалдық тұрмысты 
ғана қозғамай, рухани көріністерді, миф, культ, әдет-ғұрпы, т.б. 
- әрбір мәдениетте туу және таралу орталығы бар, мәдениеттің осы 
орталығын табу этнологияның негізгі міндетін құрайды. 
Мәдениетті зерттеу әдістері мәдениет элементтерінің таралу 
ареалдарын не мәдениет шеңберлерін зерттеу болып табылады.
- Әрбір мәдениет элементі бір рет қана пайда болады. Егер мәдениеттің
таралу картасын жасаса, онда оның әрбір элементінің алғашқы орнын білуге 
болады дейді. 
Диффузионалистердің негізгі идеясы – мәдениеттің өзара өту, 
қабылдауы дұрыс әрі нәтижелі. Оған қарама-қайшы мәдениетті абстрактіде 
қараған. Эволюционистерге қарағанда диффузионистер әртүрлі халықтардың 
мәдениеттерінің өзара байланыстылығы мен географиялық нақтылық мәселесін 
қойды. Бұл үшін олар салыстыру, ұқсас көріністерге талдау жасауға тырысты. 
ІІ Дүние жүзілік соғыс қарсаңында диффузионистік бағыт өзінің маңызын 
жоғалта бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет