Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Учебник Теор. этнология

3 Функционалистік ағым. Функционалистік ағым – әлеуметтік мектеп 
идеясының жалғастырушысы және дамытушысы болды. Егер диффузионистік 
ағымның отаны Германия болса, әлеуметтік мектептікі – Франция,
функционализмнің ошағы Англияда болып, ХХ ғасырдың 20 жылдарында 
этнологияда үстемдік бағыт алды. Алғашқы функционалистік ілімнің негізін 
неміс этнологы Рихард Турнвольд (1869-1954), Англияда Бронислав-
Малиновский (1884-1942) қалады. Бірақ ол Германияда кең тараған жоқ. Бұл 
ілім әлеуметтік және мәдени антропологияның дамуына ықпал ете отырып, 
Англияда кең тарады. Малиновский этнологияның міндеті мәдени 
құбылыстардың қызметін, олардың өзара байланысы мен өзара бірлігін 
зерттеуде деп білді. Малиновский, А.Р. Рэдклиф-Браунның, Э. Эванс-
Притчардтың және т.б. этникалық үдерістерді зерттеудегі функционалистік 
тәсілдің ерекшелігі сонда, мәдениетті өзара бір-бірімен байланысты 
элементтерден, бөлімдерден тұратын біртұтас құрылым ретінде қарастыру 
керек деген ұстанымды көтеруі еді. Бұнда мәдениет тұтас, оның әр бөлімі бүтін 
үшін маңызды қызмет атқарады. Сонымен бірге, әрбір элемент тек өзіне тиісті 
рөлін атқарып қана қоймайды, мәдениет тұтас құрылым ретінде звеносыз өмір 
сүре алмайды. Сондықтан да функционализмнің маңызды әдісі мәдениетті 
құрамдас бөліктерге ыдырату және олардың арасындағы бір-біріне 
байланыстылығын анықтау болып табылады. Фунционалистік бағытты 
жақтаушылар үшін мәдениеттің тарихи өзгерісі көп қызықтырмайды. Олардың 


зерттеулері әлеуметтік құрылымдар мен мәдениеттің өзін-өзі өндіру және 
әрекет ету қызметін ашуға бағытталған. Оған тек мәдениетті жасаушы және 
оның психикалық организмі ретіндегі адамдар арасындағы өзара көп деңгейлі 
қарым-қатынасқа талдау жасау арқылы қол жеткізуге болады. Малиновский 
мәдениеттің ішкі құрылымының мотивтерін түсінбей, оны сырттай бақылау 
жаңсақтыққа әкелетіндігін, затты тек сипаттап қана қоймай, оны кім жасады, 
кім пайдаланады, кімге тиесілі екендігін де анықтау керектігін түсіндіреді. Ол 
этнологиядағы сипаттау, фактілік жағын ғана алуға қарсы шықты. Өзінің 
мәдениет жөніндегі теориясын Малиновский «Мәдениеттің ғылыми теориясы» 
(1944) деген кітабында баяндады. Бұл теория құрылымдық-функционалдық 
әдістермен бірге натурализм, бихеворизм, психоанализ, т.б. элементтермен 
байланысады. Оның қаралып отырған мәселелеріндегі барлық функционалдық 
түсініктемелері зерттеліп отырған мәдениеттегі негізгі қажеттіліктерді бөліп 
алуға құрастырылды. Малиновскийдің пікірінше, қоғам ерекше тегі бар 
биологиялық организм, табиғи бейімдеу жүйесі қоғамның өмір сүру шартымен 
оның өкілдерінің қажеттілігімен байланысады. Мәдениет оның пікірінше
адамның биологиялық қасиетінің жемісі. Адам өзіне ас, жылу, баспана, киім, 
т.б. іздену арқылы өзінің қажетін өзі қанағаттандырады. Сонымен бірге ол 
қоршаған ортаны және өндіруші ортаны құрайды, мұның өзі мәдениет деп 
түсіндіреді. Сонымен, мәдениетті ол тепе-теңдіктің тұрақты жүйесі ретінде 
қарастыра отырып, оның әрбір бөлегі өз қызметін атақарады, бірақ ондағы 
өзгерістерді және басқа мәдениеттен алатын элементтерді жоққа шығармайды.
Малиновский өзіне дейінгі ғалымдардың кемшілігі мән жағынан бір-бірімен 
байланысты емес, мәдениеттің кейбір элементін бөліп алып қарауында деп, 
көрсетеді. Мәдениет жүйесінің тұтастығын бұзуға болмайды. Тіпті, жергілікті 
халықтардың зиянды, варварлық ғұрыптарын да құртуға болмайды. Алдымен 
мәдениеттің барлық қызметін айқындап алып, оған толыққанды алмастыруды 
таңдап алу керек, деген пікірді айтады.
Функционалистік ағымның ендігі бір өкілі – Альфред Радклифф – Браун 
қоғамның өмірін өзара сенімге негізделген өзара тәуелді элементтердің 
динамикалық жүйесі ретінде қарастыру гипотезасын ұсынды. Оны құрайтын 
элементтер бір-бірімен қызметтік қабысқан. Радклифф - Браунның ғылыми 
көзқарасы Малиновскийге жақын болды. Өзінің негізгі шығармасында 
«Мәдениеттің тарихи және функционалдық интерпретациясы» (1929), 
«Этнология әдісі және әлеуметтік антропология» (1958) деген еңбектерінде
адам, адам өмірі және оны зерттеудегі әдістердің ғылыми түсініктерін ашық 
жариялады. Оның зерттеу нәтижелерінің арқасында әлеуметтік антропология 
қазіргі ғылыми пән ретінде қалыптасты. Оның пікірінше, адамды зерттейтін 
негізгі ғылым антропология, ол үш бағытқа: адамзат биологиясына, 
тарихилыққа дейінгі археология мен этнографияға бөлінеді. Соңғылары өз 
кезегінде этнология және әлеуметік антропологияға бөлініп, өзіндік әдістермен 
ерекшеленеді.
Ол жекелей халықтың ішкі дамуы, олардың арасындағы мәдени 
байланысты нақты – тарихилықпен зерттейтін ғылым ретінде этнологияны 
қарастыруды ұсынады. Этнологияның негізгі әдісі адамзат мәдениетінің тарихи 


реконструкциясы. Бұл жұмыстар жазба ескерткіштерге, белгілі бір халықтың 
нақты мәдениеті аясынан аспайтын гипотикалық реконструкцияға негізделеді.
Әлеуметтік антропология, оның пікірінше адамзат мәдениетін зерттейтін 
басқа бағыт деп түсінеді. Оның міндеті нақты жекелей халықтардың 
мәдениетінің реконструкциясы емес, әлеуметтік және мәдениет дамуының 
жалпы заңдылықтарын іздеу болып табылады. Бұл ғылым жаратылыстану 
ғылымдарының аналогиясы индуктивті әдісті қолданады. Жалпы алғанда 
әлеуметтік антропология Радклифф - Браунның берген түсінігі бойынша жалпы 
теория мен орталық теориядан тұрады. Жалпы теорияда мәселенің үш тобы 
бар. Бірінші – статистикалық немесе мифологиялық мәселе: қандай қоғамды 
зерттейміз, басқа қоғамдармен ұқсастығы мен ерекшелігі неде, оларды қалай 
салыстыру және топтау керек. Екінші мәселе – әлеуметтік динамика: әртүрлі 
қоғам қалай жұмыс істейді, олар өзінің өмір сүруін қалай сақтайды және әрі 
қарай қалай жалғастырады. Үшінші топ – даму мәселесі: қоғам өзінің типін 
қалай өзгертеді, жаңа қоғамдар қалай пайда болады, әлеуметтік өзгерістердің 
жалпы заңдылығы қандай, мәселелері. Басқа сөзбен айтқанда адамзат дамуы 
мен оның мәдениетін әлеуметтік жағынан ашады және зерттейді. Мұнда 
функционалдық және салыстырмалы әдістер қолданылады. Этнологияның 
әлеуметтік антропологиядан айырмашылығы өзінің зерттеулерінде жекелей 
халықтардың өткені мен бүгінгісіне қатысты тарихи әдіс пен нақты фактіні 
қолданады.
Жалпы алғанда, функционалистердің негізгі түсінігі мыналар: 
- адамзат қоғамы дүниенің бір бөлігі ретінде тірі организм сияқты 
дамиды, сондай-ақ оны құрайтын элементтері белгілі функцияларды 
орындайды, басқа сөзбен айтқанда адамзат қоғамының негізін өзара 
байланысты және толықтыратын мәдениет элементі құрайды. 
- кез-келген әлеуметтік жүйе құрылымнан және әрекеттен тұрады. 
Қоршаған ортамен байланысты тұрақтылықты, қалыпты тұлғалар береді, 
әлеуметтік тұтастық жүйені ұстауға тұлға өз қызметі арқылы үлес қосады. 
- мәдениет тұлғаның қажетіне өмір сүреді және үш негізгі қажеттілік 
бойынша: базалық (тағамда, баспана, киімде), еркін (еңбек бөлінісінде, 
әлеуметтік бақылауда және қорғануда), сондай-ақ интегративті (психологиялық 
қауіпсіздікті, әлеуметтік гармонияны, дін, өнер, т.б.) қамтамасыз етеді. 
Мәдениеттегі негізгі рөл дәстүрге, сенімге, т.б. негізделеді. Осылар 
арқылы адамның мінез-құлқын реттейді. Этнологияның міндеті мәдени 
көріністердің қызметін зерттеу, олардың өзара байланыстылығы мен өзара 
тәуелділігін зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет