тууына әсер еткен жағдай көптеген мемлекеттермен халықтардың қоғамдық
өмірінде этникалық қатынастардың маңызды орын алуы. ХХ ғ. басында әлемдік
көзқараста және этнологиялық ғылымда
этникалық фактор модернизация,
индустрализация, демократизация адамзаттың қоғам дамуы нәтижесінде адам
өмірінде өз мәнін жояды деп келген болатын. Бірақ тарихи тәжірибеде этника
онымен байланысты этноцентризм, ұлтшылдық жоғалмай керісінше қазіргі
әлеуметтік, саяси, мәдени өмірде өзінің маңызын күшейтті. Қазіргі кезеңде қай
елде болмасын этникалық мәселелер көбеюде. Дегенмен де осындай
процестердің қиындығына қарамастан этнос және этникалықтың мәні ашылған
жоқ. Этнос термині ежелгі грек тілінде пайда болды, ол халық, адамдар тобы,
басқа жерлік тайпа, ру деген мағыналарды білдіреді. Б.з.д. шамамен VІ-V ғ .
гректік емес халық, тайпа мағынасын білдірді. Осы мағынада рим мәдениеті
мен латын тіліне енді. Латын тілінде ол христиандық емес деген мағынаны
білдіреді. ХVІІІ ғ. этнос түсінігі шектеулі болды. Тек ХІХ ғ. бұл термин халық
ұғымын білдіре бастады. Бұл неміс этнологы А.
Бастианның еңбегінің
арқасында деуге болады. Ол халықты және этникалық ұғымдарды синоним
ретінде қарап, «этникалық» ұғымды халықтың мәдени өзіндік ерекшелік
келбеті ретінде түсінді.
Әрбір этностың өзіндік ерекшелігі жалғыз бір компоненттен ғана емес,
тек оның өзіне ғана тән барлық обьективтік қасиеттерінің сабақтасуымен
құрылады. Бірақ бұл сонымен бірге этнос белгілердің жай қосындысы деген
сөз емес, ол өзінің табиғаты жағынан белгілі бір тұтастықтағы құрылым болып
табылады,бұл құрылымда негізгі жүйе құрау ролін оның әр түрлі
компоненттері атқаруы мүмкін. Бір жағдайда басты роль бұл жағынан тілге
тиетін болса, екінші бір жағдайда шаруашылық түрмыстық ерекшеліктерге,
үшінші жағдайларда мінез құлыққа тән ерекшеліктерге тиесілі болмақ.
Этносқа міндетті қасиетті, этниканың сана сезім -этнос мүшелері
тарапынан өзінің оған жататынын
сезіну болып табылады, бұл сезіну басқа
этностардан ажыратумен байланысты болады және ең алдымен өзіндік ортақ
атауды (этнонимді) қолданудан көрініп отырады. Этникалық сана сезімнің
маңызды компоненті шығу тегінің қауымдасуы туралы түсінік болып
табылады.
Этносты жасанды құруға болмайды. Этностың негізі адамдар, яғни өзара
қарым қатынасқа түсетін, этникалық ерекшелігін, сезінетін топ. Этникалық
зерттеуде норвеж ғалымы Фредерик Барт еңбек етті. Этностық мәдени
өзгешелік әлеуметтік форманың бір түрі. Туыстық т.б. критериилер анықтаушы
роль атқармайды. «Біз» «олар» қатынасының тууы. Басқа халықтармен өзін өзі
салыстыру. Тарихи отан біз және біз еместерді анықтайды. Этностық түсінік
генетикалық әлеуметтік бірлікте «сіз» «біз» емес салыстырулар кезінде
анықталады. 1970 жылдарға дейін «этностық» термин болмады.
Осыдан кейін
этникалық байланыстардың қайшылыққа түсуіне байланысты пайда болды.
Түрлі этнос теориялары туды. Барлығы үш бағытта топталды: примордиалистік,
инструменталистік, конструктивистік.
Қазіргі халықтар-бұл тірі әлеуметтік ақиқат, бұл өзін-өзі өндіруші және
өзін-өзі реттеуші әлеуметтік жүйе. Өзін-өзі өндіруде тарихи дәстүрге
негіздейтін саналарының бірлігі. Осыған байланысты этнология ұрпақтың
тарихи байланыстылығын, олардың мәдени мұрасының бірден бірге
көшетіндігін дәлелдейді. Этностың әлеуметтік жүйесі этникалық тарих
жөніндегі ғылыми зерттеулерде, этнографиялық мұражайларда оның тарихи
тамырымен материалдық және рухани мәдениет дәстүрлерін
талдаумен
жеткізіледі.
Этнос (халық) дегеніміз адамдардың еркі бойынша емес, табиғи – тарихи
үдеріс нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың айрықша бір түрі. Әр
этностың белгілі бір ішкі бірлігі болады, сондай-ақ оны осындай үлгіде пайда
болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты болады.
Солардың ішіндегі аса маңыздысының бірі –тіл. Тіл тиісті этносқа жататын
адамдардың негізгі қарым-қатынас жасау құралы ретінде қызмет етеді,
сонымен бірге ол әлгі адамдарды бір-бірінен бөліп тұрады.
Әр этносқа тән белгі – олардың елеулі тұрақтылығы, әдетте олар аса
көптеген жүз жылдықтар бойы сақталады. Әр этностың белгілі бір ішкі
бірлігі болады, сондай- ақ оны осындай типте пайда болған басқа барлық
этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты болады.
Этностардың өмір сүруі үшін тілмен қатар мәдениет жетекші роль
атқарады. Мұның өзі ең алдымен мәдениеттің күнделікті
тұрмыста көрініп
тұратын дәстүрлі, бұқаралық сипаты бар сыңарларына қатысты. Мәселен,
материалдық мәдениет саласында дәстүрлі тұрғын үй, шаруашылық жайы,
киім кешек, азық-түлік, т.с.с. Рухани мәдениетте бұлар әдет-ғұрып, салт сана,
халық өнері, дін, т.б. көрініс береді. Этнос мүшелерінің мәдени бірлігі өз
кезегінде сол мүшелердің психикасының кейбір ерекшеліктерімен, ең бастысы
психиканың жалпы адам баласына тән ортақ қасиеттерінің көріну
нышандарымен тығыз байланыста болады. Өздерінің тұтасқан жиынтығы
жағынан бұл ерекшеліктер этникалық (ұлттық) сипат дегенді құрайды.
Өздерінің тұтасқан жиынтығы жағынан бұл ерекшеліктер этникалық (ұлттық)
сипат дегенді құрайды. Әрбір этностың өзіндік ерекшелігі жалғыз бір бөліктен
ғана емес, тек оның өзіне ғана тән барлық обьективтік қасиеттерінің
сабақтасуымен құрылады. Бірақ бұл этнос белгілердің жай қосындысы деген
сөз емес, ол өзінің табиғаты жағынан белгілі бір тұтастықтағы құрылым болып
табылады, бұл құрылымда негізгі жүйе құрау ролін оның әр түрлі
бөліктері
атқаруы мүмкін. Бір жағдайда басты роль тілге тиетін болса, екінші бір
жағдайда шаруашылық түрмыстық ерекшеліктерге, үшінші жағдайларда мінез
құлыққа тән ерекшеліктерге тиесілі болмақ. Этносқа міндетті қасиет,
этникалық сана сезімнің ұқсастығы яғни этнос мүшелері өзінің оған
жататынын сезіну болып табылады, бұл сезіну басқа этностардан ажыратумен
байланысты болады және ең алдымен өзіндік ортақ атауды (этнонимді)
қолданудан көрініп отырады. Этникалық сана сезімнің маңызды бөліктерінің
бірі шығу тегі, қауымдастығының ортақтығын сезіну түсінігі болып табылады.
Этнос термині ежелгі грек тілінде пайда болып, халық, тайпа,
адамдар
тобы, басқа жерлік тайпа, ру деген мағыналарды білдіреді. ХVIII ғасырға дейін
«этнос» түсінігі шектеулі болды. Тек ХІХ ғасырда «этнос» термині ғылыми
әдебиеттерде «халық» ұғымын білдіре бастады. Бұл неміс этнологы А.
Бастианның еңбегінің арқасы деуге болады. Ол халықтық пен этникалық
ұғымдарды синоним ретінде қарап, «этникалық» ұғымды халықтың мәдени
өзіндік ерекшелігі келбеті ретінде түсіндірді.
1960 жылдары зерттеушілер этникалық мәселелерге қайта оралды. Бұл
кезде әдебиеттерде этнографиялық терминдер кең қолданылды. Ағылшын
тіліндегі әдебиеттерде «этникалық» ұғым орын алды. Шетелдерде «этник»
ұғымы қолданылды. Ресей этнологиясында «этнос» термині «халық»
мағынасында қолданылды. Этникалық топтардың өзіндік ерекшелігі не
ұқсастығын көрсету үшін «этникалық» термин пайдаланылды. Бұл термин
батыстық этнология ғылымынан келді, онда олар
этникалық топтарға мәдени
сипаттық біртұтастық тән екендігін білдіру үшін енді. Этнологияда этникалық
қауым да туу, қарым қатынасқа түсу, даму, өлу немесе трансформацияға
түсетін кезеңдік дамудан өтеді деген теория қалыптасты.
Қазіргі кезеңде адамзаттың осы феноменін түсіндіретін бірнеше тәсілдер
бар: примордиалистік концепция, этностың пассионарлық теориясы және
этникалықтың постмодернистік теориясы - конструктивизм, инструментализм,
мобилизациялық және ахуалдық .
Достарыңызбен бөлісу: